Get Mystery Box with random crypto!

​36 жас... Өмір артымдағы теңіздей толқып, толқындай жағаны ұ | AYATZHAN / Мінез!

​36 жас...

Өмір артымдағы теңіздей толқып, толқындай жағаны ұрып қайнап жатыр...

Біз жеткен мақсаттармен жете алмаған армандар арасында дәл сол толқындай ала сұрып келе жатырмыз...

Артыңа бір қарап, алдыңа бір қарап азаматтық жауапкершілік аласың...

«Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс. Әйтпесе, болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар», - дейді, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан.

Біз де өзімізге артылған жүкті жетер жеріне жеткізе алып жатырмыз ба, жоқ па? Оған уақыт - таразы!

Бастысы қазақ деген ұлттың мынау ғасырда өз ұпайын жоғалтпауы үшін, оның ұрпағы білімді һәм тәрбиелі, ғылымға бет бұрған, өнеркәсіп пен өнердің тізгінін қатар ұстай алатын сегіз қырлы бір сырлы жеткіншек тәрбиелей алсақ арман не?

Осы арқылы бүгінгі дәуірде қазақ мектебінің жаңа ұлттық келбетін қалыптастыра алсақ, ұстаздық жолда текке жүрмеген болар ек. Әттең арман көп, біз ақырындап жылжып келеміз, уақыт жағынан ұтылмасақ болғаны...

Осылай әр жаста артқа қарап есеп алып, алдыға қарап мақсат қойып жылжимыз...

Жаңа жастағы мақсаттарымыз орындалғай деген тілек сол!

Кешелі бері құттықтап жатқан барша желідегі, өмірдегі достар, жанашыр жақындарым, жақсыларым баршаңызға басымды идім. Рахмееет!!!
Алла тілеулеріңізді берсін!

#36жас
#86ныңбаласы