Get Mystery Box with random crypto!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Telegram арнасының логотипі auezov_u — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті М
Telegram арнасының логотипі auezov_u — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Арна мекенжайы: @auezov_u
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 357

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2023-04-26 08:04:09
4 viewsАман Аман, 05:04
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 19:47:26 Университетіміздің студенттері су көздерін балдырлар арқылы тазалау әдісін ойлап тапты.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері су көздерін жаңа биологиялық әдіспен тазалау және қалдықтарын кәдеге жарату технологиясын ойлап тапты.
Жобаны студенттер 17-21 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің базасында өткен республикалық студенттік пәндік олимпиадада таныстырып, 24 команда арасынан 1-орынға ие болды.
Студенттеріміздің айтуынша қазіргі уақытта су тазарту қондырғыларында тазартылған судан нитраттардың немесе фосфордың көп мөлшерін кетірудің үнемді құралдары жоқ. Сондықтан ағынды суларда балдырлар арқылы тазалау әдісінің нәтижесі көп екендігін алға қоюда.
Болашақ экологтарымызға еліміздің су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану бағытында жұмыстарын одан әрі жалғастыруда сәттілік тілейміз!!
___

Студенты Южно-Казахстанского университета имени Мухтара Ауэзова разработали технологию очистки источников воды новым биологическим методом и утилизации отходов.
Проект был презентован студентами на Республиканской студенческой предметной олимпиаде, которая проходила с 17 по 21 апреля на базе КНУ им.Аль-Фараби, за этот проект наши студенты заняли 1 место среди 24 команд.
По словам наших студентов, в настоящее время на водоочистных сооружениях нет экономичных средств удаления большого количества нитратов или фосфора из очищенной воды. Поэтому стоит отметить, что чистка сточных вод водорослями будет иметь большой результат.
Желаем нашим будущим экологам дальнейших успехов в работе по охране и эффективному использованию водных ресурсов нашей страны!!
10 viewsАман Аман, 16:47
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 19:47:16
8 viewsАман Аман, 16:47
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 15:30:18 Үздіктер қатарындамыз!

Абылай хан атындағы Қазақ  халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында 2023 жылдың 20-21 cәуір аралығында жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды.  Аталған сайысқа филология факультеті, «Замануи тілдер және аударматану» кафедрасының 6В01730-Шетел тілі:екі шетел тілі;6В02320-Аударма ісі;6В02330-Шетел филологиясы білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Шетел тілдерін меңгерудің Жалпыеуропалық тіл құзіреттілігін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес 3-турға созылған Олимпиада жұмысына республикамыздың 29 оқу орнынан 71 үміткер қатысты. Тілдік және әдістемелік сайыс нәтижелерінің қорытындысы бойынша ағылшын тілі секциясында Фи19-3р1 тобының студенттері Голев Юрий (Жетекшісі: пед.ғ. магистрі, аға оқытушы Айгүл Дайрабайқызы) және Шайдулла Асылай (Жетекшісі: пед.ғ.магистрі, оқытушы Марасулова Гүлбахыт ) қытай тілін оқыту әдістемесі бойынша 3 орындарды иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
 _______

Мы среди лучших!
На базе Казахского университета международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, в период 20-21 апреля 2023 года была организована Республиканская предметная олимпиада для студентов высших учебных заведений. В Олимпиаде приняли участие студенты образовательных программ 6В01730-Иностранный язык: два иностранных языка, 6В02320-Переводческое дело, 6В02330-Иностранная филология филологического факультета кафедры «Современные языки и переводоведение».
По итогам 3-уровневой Олимпиады, организованного по стандартам Общеевропейской системы оценки языковых компетенций, приняли участие 71 студентов из 29 учебных заведений по всей республике. По результатам языковой-методической Олимпиады студенты группы ФИ19-3р1 Голев Юрий, секция английский язык (Руководитель: магистр педагогических наук, старший преподаватель Айгуль Дайрабайқызы) и Шайдулла Асылай, секция китайского языка (Руководитель: магистр педагогических наук, преподаватель Марасулова Гульбахыт) заняли 3-место.
Поздравляем победителей!
17 viewsАман Аман, 12:30
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 15:30:09
13 viewsАман Аман, 12:30
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 13:42:21 Университетіміздің белсенді, білімді, өнерлі жастары марапатталды.


Университетіміздің Басқарма төрағасы - Ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы түрлі салада жетістіктерге жеткен университетіміздің белсенді, білімді, өнерлі жастарын марапаттады.

Атап айтсақ, соңғы уақытта студенттеріміздің Қазақстан студенттер Альянсының «Үздік Жоғары оқу орны», «Студент және сахна» республикалық студенттік театрлар фестивалінде «Өркен» театры 1-орын, «ҚР Тұрақты даму мақсаттары» студенттік олимпиадасының Ұлттық кезеңінде «Химия инженерия және биотехнология» ЖО 2 курс студенті Сейдахметова Гүлістан І орынға ие болғаны және т.б жетістіктер жетерлік.
___

Председатель правления - Ректор нашего университета Кожамжарова Дария Пернешовна наградила добившуюся успехов в различных сферах активную, образованную, творческую молодежь нашего университета.

Так, в последнее время наши студенты завоевали звание «Лучший ВУЗ» в студенческом альянсе Казахстана, театр «Өркен» заполучили 1 место в студенческом театр «Студент и сцена», а также на национальном этапе студенческой олимпиады «Цели устойчивого развития РК» студентка 2 курса«Химической инженерий и биотехнологий» Сейдахметова Гулистан заняла I место и еще других достижений нашей молодежи достаточно.
17 viewsАман Аман, 10:42
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 13:41:53
13 viewsАман Аман, 10:41
Ашу / Түсініктеме
2023-04-25 13:10:05 ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ
 
2023 жылғы 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Байрақты дода 13 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылмақ. Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, біздің боксшылар барлық 13 салмақ бойынша шаршы алаңға шығады.
Әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың  қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 4-курс студенті, ел мақтанышы – Махмұд Сабырхан да бар. Махмұд 56 келі салмақта жұдырықтасады.
Ташкенттегі шаршы алаңда Махмұдпен қатар ел намысын қорғайтың спортшылар: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (52 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қонқабаев (92 кг жоғары).
Бүгінде Махмұд Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында оқу-жаттығу жиынында әлем чемпионатына  дайындалып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Әуезов университетінің студенті Махмұд Сабырхан Сербия астанасы – Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы – ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова студентіне сәттілік тілеп, қазақ елін спортшыларымызға жанкүйере болуға шақырды. Боксшылар додасының тікелей трансляциялары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының эфирінен көрсетіледі.
___

СТУДЕНТ УНИВЕРСИТЕТА ИМЕНИ АУЭЗОВА ПРИМЕТ УЧАСТИЕ В ЧЕМПИОНАТЕ МИРА ПО БОКСУ

С 1 по 14 мая 2023 года в столице Узбекистана – в городе Ташкент пройдет чемпионат мира по боксу. Соревнования пройдут по 13 весовым категориям. По данным пресс-службы Казахстанской федерации бокса, наши боксеры выйдут на поле во всех 13 весовых категориях.
В числе спортсменов, участвующих в чемпионате мира есть и студент 4 курса Южно-Казахстанского университета имени М.Ауэзова, гордость страны – Махмуд Сабырхан. Махмуд борется в весовой категорий 56 кг.
На ринге в Ташкенте наряду с Махмудом будут выступать спортсмены: Санжар Ташкенбай (48 кг), Сакен Бибосынов (52 кг), Серик Темиржанов (60 кг), Талгат Сырымбетов (60 кг), Санатали Толтаев (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нурканат Райыс (75 кг), Нурбек Оралбай (80 кг), Сагындык Тогамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) и Камшыбек Конкабаев (свыше 92 кг).
Сегодня Махмуд готовится к чемпионату мира на учебно-тренировочном сборе на базе «Алма-Тау» в Шымкенте.
Напомним, студент нашего университета Махмуд Сабырхан стал серебряным призером чемпионата мира в столице Сербии-Белграде. Завоевал золотую медаль на чемпионате Азии в Таиланде.
Председатель правления – Ректор Южно-Казахстанского университета имени М.Ауэзова Кожамжарова Дария Пернешовна пожелав нашему студенту удачи и призвала всех болеть за наших спортсменов. Прямые трансляции соревнований боксеров будут транслироваться в эфире телеканалов «Qazaqstan» и «Qazsport».
16 viewsАман Аман, 10:10
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 13:44:57
Университет базасында мектеп мұғалімдері арасында футболдан жарыс өтті.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында «Спорт және туризм» факультетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 70 тен астам мектептердің денешынықтыру пәні мұғәлімдерінің қатысуымен футболдан жарыс өтті. Мектеп мұғалімдері өз біліктіліктерін арттырумен қатар, өзара тәжірибе алмасты. Ойын соңында, жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.
______________

На базе Южно-Казахстанского университета имени М.Ауэзова организованный факультетом «Спорта и туризма» прошли соревнования по футболу с участием учителей физической культуры более 70 школ управления образования города Шымкент. Учителя школы обменялись опытом, а также повысили свои квалификации. По окончанию игр, победители соревнований были награждены ценными призами и дипломами.
4 viewsАман Аман, 10:44
Ашу / Түсініктеме
2023-04-24 12:52:11
5 viewsАман Аман, 09:52
Ашу / Түсініктеме