Get Mystery Box with random crypto!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Telegram арнасының логотипі auezov_u — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті М
Telegram арнасының логотипі auezov_u — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Арна мекенжайы: @auezov_u
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 357

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2023-05-09 16:05:21
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан Қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара атап өтті. Колледж директоры С.Н. Әлібек мұғалімдерді құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Іс шара барысында әскери шеру болып, белсенді студенттердің орындауында концертік бағдарламаға ұласты.
11 viewsАман Аман, 13:05
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 12:35:37
В честь 78 -летия Дня Победы, 9 мая в 10:00 на "Карте героев" студенты ЮКУ им М.Ауезова под руководством к.п.н Тарасенко Т.В., совместно с Акимиатом, Соотечественниками, церковной школой и школьниками города организовали и провели праздничное мероприятие "Песни военных лет". Студенты и школьники на двух языках читали стихи, посвященные доблестным воинам, исполняли военные песни под аккордеон, возложили цветы к памятнику героям. На "Карте героев" похоронены 97 участников Великой Отечественной войны, солдаты и офицеры.
Каждый год жители города приходят поклониться павшим солдатам.
Благодаря таким мероприятиям мы сможем сохранить традиции нашего народа, воспитать патриотизм у молодого поколения, уважать историю своей страны
9 viewsАман Аман, 09:35
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 12:17:06 ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ МАХМҰД САБЫРХАН БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫН ЖЕҢДІ

2023 жылғы 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионаты өтУДЕ. Байрақты дода 13 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылуда. Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, біздің боксшылар барлық 13 салмақ бойынша шаршы алаңға шығады.
Әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 4-курс студенті, ел мақтанышы – Махмұд Сабырхан да бар. Махмұд 54 келі салмақта жұдырықтасуды.
Махмұд Сабырхан Ташкенттегі алғашқы кездесуінде Мажарстандық қарсыласын ұтып, бəсекені сəтті бастады

Мажарстандық қарсыласы Иштван Шака Махмұдтың қарқынына төтеп бере алған жоқ.


Естеріңізге сала кетсек, Спорт және туризм факультетәнің студенті Махмұд Сабырхан Сербия астанасы – Белградта 2021 жылы өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. 2023 жылдың қаңтар айында Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Спортшымызға осы чемпионтатта сәттілік тілейміз. Әлем чемпионы атанып көк туымызды желбірете бер Махмұд. Тек қана Алға!
9 viewsАман Аман, 09:17
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 12:16:37
8 viewsАман Аман, 09:16
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 11:38:22 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Бүгін адамзаттың есінен кетпейтін, жадында сыз қалдырған екінші дүниежүзілік соғыс дүмпуі басылып, Ұлы Жеңістің салтанат құрғанына 78 жыл толды. Бірақ сол сұрапыл жылдардың естеліктері жадымыздан өшкен жоқ, қайта жыл өткен сайын ұрпақтан ұрпаққа, жүректен жүрекке жетіп, жаңғыра түсуде. «Тау алыстаған сайын биіктейді» деген осы болар.

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, соғыс қасірет пен қайғыны еске түсірумен бірге, қан майдандағы шайқастар мен ерен ерліктердің де естелігі. Бұл – Жеңіс жаңғырығы!

Әуезов университетінің тарихы екінші дүниежүзілік соғыспен тығыз байланысты. Біздің университет 1943 жылы Құрылыс материалдарының институты ретінде құрылған. Соғысқа қарамастан университеттің ашылуы – білімнің құндылығы, білікті кадрларды даярлау әр кез өзекті екендігін көрсетсе керек.

Ұлы Отан соғысы жылдары Шымкент қаласы КСРО-дағы маңызды қалалардың біріне айналды. Соғыс жүріп жатқан аймақтардан бұл жерге елдегі бірқатар өндіріс орындары, 17 зауыт пен фабрика көшіріліп әкелінді. Қала танктерге қажетті қосалқы бөлшектер, снарядтар, металл, қорғасын, оптикалық қүралдар және басқа да өнімдерді өндірді. Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың үштен бірі қазақ жерінде өндірілді. Сондықтан жауға атылған 10 оқтың тоғызы Қазақстандағы Шымкент қорғасын зауытында құйылды. Оған біздің университетіміздің ғалымдарының қосқан үлесі зор болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында жүз мыңнан астам шымкенттік жаумен шайқасты. Соғыстағы ерен ерлігі үшін 51 жаужүрек жерлесімізге Кеңес Одағының Батыры, «Даңқ» орденінің иегері атағы берілді.

Жеңіс күні – көзімізге еріксіз жас келетін күн. Біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен жандарға ерекше құрмет көрсетіп, пейіш болған қаһармандарға арнап құран бағыштап, еске аламыз. Біз аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың қайсарлығын, қажыр-күшін, биік рухын бағалай отырып, бізге ашық аспан, бейбіт күн сыйлаған ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз.

Жеңіс күні құтты болсын, ағайын!
Аспанымыз ашық, бауырымыз бүтін болғай!
5 viewsАман Аман, 08:38
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 10:27:55 «Жас ғалым» грант иегері 
PhD доктор Асылханқызы Айгерім

Сонымен, әрі қарай жалғастырамыз! PhD доктор Айгерім Асылханқызы AP19175404 «Жыланды және Шалқар кен орындарындағы калий кендерінен калий-магний тыңайтқыштарын өңдеу әдістерін зерттеу»  жобасымен «Жас ғалым» грантының иегері атанды. Жас ғалым Қазақстанның Жыланды және Шалқар кен орындарындағы калий кендерінен калий-магний минералды тыңайтқыштар алу әдістерін әзірлейтін болады. Жобада ұсынылған күрделі калий-магний тыңайтқыштарын алудың жаңа әдістері өндірістің қалдықсыз технологиялық сызбасын әзірлеуге, өнімнің сапасын арттыруға, жаңа минералды тыңайтқыштарды алу үшін отандық калий кен орындарын пайдалана отырып шикізат ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жоба да 2023-2025 жылдары «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басым бағыты бойынша орындалатын болады. Айгерім Асылханқызы жақында ғана PhD доктор дәрежесін алған болатын. Бұл Айгерімнің алғашқы ғылыми жобасы. «Жас ғалым» грант иегері Айгерім Асылханқызына сәттілік тілейміз!
_____

Обладательница гранта «Жас ғалым» 
доктор PhD Асылханкызы Айгерим

Итак продолжаем! Доктор PhD Асылханкызы Айгерим выиграла грант «Жас ғалым» по проекту AP19175404 «Исследование способов переработки калийных руд Жилянского и Челкарского месторождений в калийно-магниевые удобрения». Молодой ученый будет разрабатывать способы получения калийно-магниевых минеральных удобрений из калийных руд Жилянского и Челкарского месторождений Казахстана. Предлагаемые в проекте новые методы получения сложных калийно-магниевых удобрений позволят разработать гибкую безотходную технологическую схему производства, повысить качество продукта, расширить ассортимент сырья для получения новых минеральных удобрений за счет вовлечения в переработку калийных месторождений. И этот проект будет выполняться в 2023-2025 годах по приоритету «Геология, добыча и переработка минерального и углеводородного сырья, новые материалы, технологии, безопасные изделия и конструкции». Айгерим Асылханкызы недавно получила степень доктора PhD. И это первый научный проект Айгерим. Желаем успехов обладательнице гранта «Жас ғалым» Асылханкызы Айгерим!
11 viewsАман Аман, 07:27
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 10:27:47
11 viewsАман Аман, 07:27
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 10:15:07
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Ұлы жеңіс күніне арналған "Отан қорғаушы" тақырыбында Әскери- патриоттық спорттық жарыс өтті. Жарыстың мақсаты студент жастарды отан қорғауға және елжандылыққа тәрбиелеу. Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс әскери спорттың 7 түрінен өтті. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
10 viewsАман Аман, 07:15
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 09:45:31
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ ЖАЗЫЛДЫ

2023 жылғы 4 мамырда қазақстандықтар Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне орай «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант жазды.
Республика бойынша бір уақытта басталған жалпыұлттық диктантқа Әуезов университетінің студенттері мен профессор-оқытушылары қатысты.
Республикалық патриоттық диктантта қазақ елінің басты құндылығы – Тәуелсіздік дәріптеліп, ұрпаққа мирас болып болып қалған киелі жерлер жайында айтылады. Сонымен қатар қазіргі таңдағы тілдерді жетік меңгерген, білімді, заманауи жастармен ел болашағының жарқын екендігі баяндалады.
14 viewsАман Аман, 06:45
Ашу / Түсініктеме
2023-05-05 22:06:34
Өзбекстан Республикасы Бухара Мемлекеттік университетімен ынтымақтастықты орнату мақсатында кездесу өтті.

2023 жылдың 3-5 мамыр күндері аралығында Өзбекстан Республикасы
Бухара МУ-нің
"Әлем тарихы" кафедрасының профессор-оқытушыларының М.Әуезов университетіне сапарында тұңғыш рет
"Тарих және этнология" ҒО-мен ғылыми ынтымақтастықты орнату мақсатында тәжірибе алмасу кездесуін өткізді.
_______________

3-5 мая 2023 года в рамках визита ученых
кафедры "Всемирная история" Бухарского ГУ в университет имени М.Ауэзова впервые проведена встреча по взаимообмену опытом и научному сотрудничеству с НЦ "История и этнология"
23 viewsАман Аман, 19:06
Ашу / Түсініктеме