Get Mystery Box with random crypto!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Telegram арнасының логотипі auezov_u — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті М
Telegram арнасының логотипі auezov_u — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Арна мекенжайы: @auezov_u
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 357

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2023-05-11 10:42:47 Әуезов университетінде Гаага конвенцияларын қолдану туралы халықаралық семинар өтуде

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында «1980 жылғы 25 қазандағы Халықаралық балаларды ұрлаудың азаматтық–құқықтық аспектілері туралы және 1970 жылғы 18 наурыздағы азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелер алу туралы Гаага конвенцияларын практикада қолдану» тақырыбында халықаралық семинар өтуде. Семинардың басты ұйымдастырушысы Германияның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры болып табылады. Семинар екі күнге созылады.

Семинар халықаралық және ұлттық деңгейлерде Гаага конвенцияларын іске асыру шеңберінде соттардың құқықтық көмек көрсетуінің проблемалық және өзекті мәселелерін, конвенцияларды сотта қолданудың негізгі проблемаларын, конвенцияларды қолдану процесінде сот әкімшілік шешімдерін шығару алгоритмін, түсіндіру практикасын талқылауға бағытталған. Сонымен қатар, осы бағыттағы табысты тәжірибені таныстыру.

Нысаналы топ судьялар, әкімшілік, сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары және аталған мәселелерді қарауға мүдделі басқа да қатысушылар болып табылады. Сондай-ақ халықаралық бала ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага Конвенциясының ерекшеліктерін, бала ұрлау істері бойынша сот ісін жүргізуді, сондай-ақ халықаралық бала ұрлау істерін қарау кезінде баланы тыңдауды қоса алғанда, талқылау үшін маңызды тақырыптар ұсынылатын болады.

Модератор ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Зәуре Балғазықызы Кейкібасова сөз сөйледі. Сондай-ақ, халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының бірінші хатшысы Филипп Лорти, Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының бөлім басшысы Татьяна Бовкун, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілі Ержан Жиренбай және университетіміздің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ербол Сармурзин сөз сөйледі.

Семинар халықаралық және ұлттық деңгейлерде конвенцияларды іске асыру шеңберінде құқықтық көмек көрсетудің өзекті мәселелерін, конвенцияларды сотта қолданудың негізгі проблемаларын, сот әкімшілік шешімдерін шығару алгоритмін және басқа да көптеген маңызды тақырыптарды талқылауға арналады.

Халықаралық және отандық сарапшылар өз баяндамаларында Гаага конвенциясын орындау, балаларды ұрлау туралы халықаралық істерді қарау кезінде баланы тыңдау және сот залында медиацияны қолдану жөніндегі орталық органдар арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады. Бұдан басқа, шетелде азаматтық немесе сауда істері бойынша дәлелдемелер алу туралы Конвенция нормаларының қолданылуы туралы баяндамаларда бар.
____

В Ауэзов Университете проходит международный семинар о применении Гаагских конвенции

Сегодня на базе Южно-Казахстанского университета имени М.Ауэзова проходит международный семинар на тему «Применение Гаагских конвенций о гражданско–правовых аспектах международного похищения детей от 25 октября 1980 года и о получении за границей доказательств по гражданским или торговым делам от 18 марта 1970 года на практике». Главным организатор семинара является Германский фонд международного правового сотрудничества. Семинар продлится два дня.

Семинар ориентирован на обсуждение проблемных и актуальных вопросов оказания правовой помощи судами в рамках реализации Гаагских Конвенций на международном и национальном уровнях, основных проблем судебного применения Конвенций, практики толкования, алгоритма вынесения судебных административных решений в процессе применения Конвенций; презентация успешного опыта в этом направлении.

Целевой группой являются судьи, администрация, специалисты территориальных подразделений Судебной администрации и другие участники, заинтересованные в рассмотрении указанных вопросов. Также будут представлены важные темы для дискуссии, включая особенности Гаагской Конвенции о гражданско-правовых аспектах международного похищения детей, судопроизводство по делам о похищении детей, а также слушание ребенка при рассмотрении международных дел о похищении детей.
11 viewsАман Аман, 07:42
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 10:42:39
10 viewsАман Аман, 07:42
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 19:59:16
БОКСТАН ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТІП ЖАТҚАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ СТУДЕНТІ САБЫРХАН МАХМҰД ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ӨТТІ.

Сабырхан Махмұд кезекті үшінші қарсыласын жеңді. Ұлттық құрамадағы дарынды боксшы Сабырхан Махмұдта жартылай финалда
Ол 54 кг дейінгі салмақтың ширек финалында ганалық Мұхаммед Амадудың жолын кесті.
Үш қарсыласты жеңген Сабырхан Махмұд əлем чемпионатының жартылай финалына өтті Жеңіс құтты болсын!
_____________

Махмуд Сабырхан победил очередного третьего соперника. Талантливый боксер сборной Махмуд Сабырхан в полуфинале.

В четвертьфинале в весовой категорий до 54 кг он выиграл боксера из Ганы Мохаммеда Амаду.
Победив трех соперников, Махмуд Сабырхан вышел в полуфинал чемпионата мира Поздравляем с победой!
5 viewsАман Аман, 16:59
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 19:39:50
Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының XIV Ұлттық жастар Дельфий ойындарының Аймақтық іріктеу кезеңінде университетіміздің Қаракөз би ансамблі 1-орын иегері атанып, Республикалық байқауға қатысуға жолдама алды!
7 viewsАман Аман, 16:39
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 17:03:37
САЯСАТ НУРБЕК ПРИГЛАСИЛ БРИТАНСКИЕ ВУЗЫ ОТКРЫТЬ ФИЛИАЛЫ В КАЗАХСТАНЕ

В рамках участия в 19-ом ежегодном Всемирном образовательном форуме Министр науки и высшего образования Республики Казахстан Саясат Нурбек встретился в здании Парламента Великобритании с Баронессой Эммой Никольсон и руководителями ведущих британских вузов.

Саясат Нурбек рассказал руководителям британских вузов о возможностях и преимуществах открытия филиалов университетов в Казахстане, а также представил видение по созданию регионального образовательного хаба в стране. Министр подчеркнул, что на сегодняшний день вопросы обеспечения доступности образования и повышения конкурентоспособности казахстанских вузов находятся на особом контроле Президента Республики Касым-Жомарта Токаева.

Подробнее.
4 viewsАман Аман, 14:03
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 17:02:57
САЯСАТ НҰРБЕК БРИТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ҚАЗАҚСТАНДА ФИЛИАЛ АШУҒА ШАҚЫРДЫ

19-шы Дүниежүзілік білім беру форумы аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбритания Парламенті ғимаратында Баронесса Эмма Никольсонмен және жетекші британдық жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті.

Министр британдық жоғары оқу орындарының басшыларына Қазақстанда университет филиалдарын ашудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар елде өңірлік білім беру хабын құрудың перспективасын ұсынды. Саясат Нұрбек бүгінгі таңда білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Толығырақ.
4 viewsАман Аман, 14:02
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 12:34:31
Университетіміздің факультеттері мен Кәсіптік бағдар беру орталығының ұйымдастыруымен Түркістан облысына қарасты Бәйдібек,Жетісай, Келес, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Шардара және Қазығұрт аудандарында «ТАЛАПКЕР - 2023» іс-шарасы аясында бітіруші түлектерге ашық есік күні өткізілді.
Іс-шарада бітіруші түлектерге университетіміздің жетістіктері, мүмкіншіліктері мен білім бағдармалары таныстырылып, түсуге ниет білдірген түлектерге қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.
______

В рамках мероприятия «Абитуриент - 2023» организованный факультетами и центром профориентации университета в Байдибекском, Жетысайском, Келесском, Мактааральском, Ордабасинском, Сайрамском, Толебийском, Шардаринском и Казыгуртском районах Туркестанской области был проведен День открытых дверей для выпускников школ.
На мероприятии выпускникам были представлены достижения, возможности и образовательные программы нашего университета, а также даны ответы на интересующие вопросы выпускников желающих поступить.
4 viewsАман Аман, 09:34
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 11:44:18 «Жас Ғалым» грантының иегері 
PhD доктор Моминова Сауле Махмудовна

Сіздермен қуанышты жаңалығымызбен тағы да бөлісуге дайынбыз! PhD доктор Моминова Сауле Махмудовна «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының қорытындысымен грант иегері атанды. С.М.Моминованың жобасының тақырыбы  AP19175553 «Жылуэлектр станциясының күлі мен табиғи волластонит негізінде автоклавта қатайтылған ұялы бетон алудың энергия үнемдейтін технологиясын әзірлеу». Жоба «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басымдығы бойынша 2023-2025 жылдар аралығында орындалатын болады. Жобаның мақсаты – табиғи волластониттің дисперсті-армирлейтін микроталшығымен бірге өнеркәсіптік қалдықтар мен жылуэлектр станциясының күлін пайдалана отырып, автоклавта қатайтатын ұялы бетон өндіру технологиясын жетілдіру және оның қасиеттерін жақсарту. Жоба қолданбалы сипатқа ие және табиғи волластониттің дисперсті-армирлейтін микроталшықтарымен бірге өнеркәсіптік қалдықтар мен ЖЭС күлін пайдалана отырып, автоклавты қатайтылған ұялы бетонды алу үшін тәжірибелік және теориялық зерттеулер жүргізуге негізделген. Жобаны іске асыру нәтижесінде жоғары физика-механикалық қасиеттері бар табиғи волластониттің дисперсті-армирлейтін микроталшығымен бірге ЖЭС күлін пайдалана отырып, ұялы бетонның оңтайлы құрамы ұсынылатын болады. «Жас ғалым» грантының иегері Моминова Сауле Махмудовнаны құттықтаймыз! 

--------------------------------------

Обладательница гранта «Жас ғалым» 
доктор PhD Моминова Сауле Махмудовна 

Мы снова готовы поделиться с вами радостной новостью! Доктор PhD Моминова Сауле Махмудовна стала обладательницей гранта «Жас ғалым»  по результатам конкурса на грантовое финансирование научных исследований молодых ученых. Тема проекта С.М. Моминовой AP19175553 «Разработка энергосберегающей технологии получения ячеистых бетонов автоклавного твердения с использованием золы-уноса ТЭС и природным волластонитом».  Проект будет реализован в 2023-2025 годах по приоритету «Геология, добыча и переработка минерального и углеводородного сырья, новые материалы, технологии, безопасные изделия и конструкции». Цель проекта заключается в совершенствовании технологии производства ячеистого бетона автоклавного твердения и улучшение его свойств, используя промышленные отходы и золы-уноса ТЭС в  сочетании с дисперсно-армирующим микроволокном природного волластонита. Проект носит прикладной характер и основан на проведении экспериментальных и теоретических исследований получения ячеистого бетона автоклавного твердения с использованием промышленных отходов и золы-уноса ТЭС в сочетании с дисперсно-армирующим микроволокном природного волластонита. В результате реализации проекта будет предложена технология производства, оптимальный состав ячеистого бетона на золе-уносе ТЭС в сочетании с дисперсно-армирующим микроволокном природного волластонита с высокими физико-механическими свойствами. Поздравляем обладательницу гранта «Жас ғалым» Моминову Сауле Махмудовну! 
4 viewsАман Аман, 08:44
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 19:06:37 ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ МАХМҰД САБЫРХАН БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІНШІ ҚАРСЫЛАСЫН ЖЕҢДІ

Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында – Махмұд Сабырхан кезекті қарсыласын жеңді. Махмұд 54 келі салмақта жұдырықтасуды.
Махмұд Сабырхан Ташкенттегі алғашқы кездесуінде Мажарстандық қарсыласын ұтып, бəсекені сəтті бастаған болатын.

Айта кетейік бүгін екінші қарсыласы Индиялық Сачинді жеңді. Сачин 2016 жылы жастар арасында əлем чемпионы атанған алғашқы үндістандық боксшы еді.

Екі қарсыласты жеңген Махмұд Сабырхан əлем чемпионатының ширек финалында Жеңіс құтты болсын!
______

На чемпионате мира по боксу в столице Узбекстана в Ташкенте – Махмуд Сабырхан победил очередного соперника. Махмуд борется в весе 54 кг.
Махмуд Сабырхан в первой встрече в Ташкенте обыграл венгерского соперника и успешно начал соревнование.

Отметим, что сегодня также Махмуд Сабырхан победил и второго соперника из Индий Сачина. Сачин был первым индийским боксером, который стал чемпионом мира среди молодежи в 2016 году.

Победив двух соперников, Махмуд Сабырхан выиграл путевку в четвертьфинал чемпионата мира Поздравляем с победой!
4 viewsАман Аман, 16:06
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 19:06:06
4 viewsАман Аман, 16:06
Ашу / Түсініктеме