Get Mystery Box with random crypto!

Buzzword хит сөз айдары. New Normal. Новая нормальность. Жұ | Жергілікті аудармерия

Buzzword хит сөз айдары.
New Normal. Новая нормальность. Жұрт жапа тармағай “Жаңа қалыптылық” деп аударып әлек. Дей тұрғанмен, термин I д.ж. соғыстан кейін пайда болған. Алапат дағдарыстан кейін, адамдар бұрыңғыдай өмір сүре алмайтынын ұғады, бірақ уақытша шаралардан соң, әлдебір жаңа тіршілік тәртібіне тоқтау, оны қабылдап, соған ет үйрету мәселесі туады. Сол тұрғыда жаңа норма, енген жаңалықтардың қайсысы уақытша, қайсысы тұрақты үрдіс қалатыны талқыланады.
“How shall we pass from war to the new normal with the least jar, in the shortest time? In that respect should the new normal be shaped to differ from the old? (c)
“Онлайн оқу — жаңа қалыптылық!”
Әрине,”қалыпты жағдайға айналмақ” деп аударуға да болады.
Бірақ ол кезде көркем аударма мен қанатты сөздерді аударғанда қолданылатын эмоциялық, мәдени реңкті сақтау тәсіліне қиянат болады.
Түпнұсқаның ерекше қалпын сақтау шарт. Екі сын есімнен тұратын оғаш тіркесті орыстар “новый порядок” десе де болар еді ғой, әйтпегенде.
Бір қызығы осы “жаңа қалыптылық” ұғымына өте жақын “жаңа тұрмыс” деген тіркес болатын. Бүгінде тек колхоз, совхоздардың ескі атауы түрінде қалған бұ тіркес 20-ғасыр басында Ресей патшасына бағынған бай-болыстан азар көріп, титықтаған қазақ шаруалары, малай-күңдері мен жалшылары үшін — ескі жүйені құрбан қылып,СОВЕТТІК адам, Социалистік қоғамды құру үшін жұмсалған қан мен тердің өтемі, сол заманың “ұжмақ” мәндес хит сөзі болатын.
Бүгін де тіршіліктің жаңа қалыбына, “жаңа “қалыптыға” немесе “жаңк қалыптылыққа көшу — әлем күн тәртібіндегі негізгі мәселе.
ПЫСЫ. Сізше қай балама елге тарап, “жаңа тұрмыс” сияқты тарихта қалады? #сөз #хитсөз #buzzword #модноеслово #идеологиялық #клише