Get Mystery Box with random crypto!

Неге “процесс” “үдеріс” те, “үрдіс” те емес, процесс болуы кер | Жергілікті аудармерия

Неге “процесс” “үдеріс” те, “үрдіс” те емес, процесс болуы керек

Көбіміз “Үрдіс”, яғни әдет-ғұрып, салт дәстүрді білдіретін сөзді тенденция орнына қолданып жүрміз.
Тенденцияны - көп жерде үрдіс емес, әлдененің үрдіс алуы, үрдіске айналуы /айнала бастауы деп аударған жөн.
Әңгіме “үдеріс” жайлы болса, кей контексте “процесс” сөзіне балама бола алады. Тек ол мағынада қолдануға болатын аясы өте тар, мысалы, әлден жүріп жатқан нәрсеге қолдануға болады. “Тарихи үдеріс” мысалы, тарихи процеске емін-еркін балама бола алады.
Ал “разработка процесса” деген сияқты сөйлемде қолдану - орынсыз тірлік.
Себебі, әлі жоқ нәрсені, дайындауға, бастауға болатын нәрсені үдеріс деуге болмайды. “Технологический процесс”- дегенді “технологиялық үдеріс” деу де тақырыптан хабарсыздыққа мезгейді. Сложные процессы - дегенді “Күрделі үдерістер” деу де қисынсыз. “Күрделі амалдар” (әлдебір мақсаты бар дүние болса), егер мақсатсыз болса — құбылыстар, өзгерістер. Ал кейде “кезең” деп аударуға болады. Мысалы:
“После этого, субстанция должна пройти через сложный процесс осушки”
- Содан кейін, шикізат күрделі кептіру кезеңінен өтуі тиіс”.
Сот процесін “үдеріс” деуге болмайды, ұлтшылдықтан көтің қақ айрылса да, “процесс” боп қалады, әйтпесе, мағынаға қиянат қыласың.
Егер “в процессе чего-либо” деген тіркес келсе, яғни процестің өз алдына салмағы жоқ, әлдебір амал-құбылыстың жүзеге асу кезін білдірсе, онда “Пәленше барысында” деуге әбден болады.
Тенденцияны үрдіс алу, “үдеріс” деуге болады. Бірақ, кей контексте беталыс, бетбұрыс деген сөздер мағынаны дәлірек ашады.
Бұл нені білдіреді?
Процесс сөзінің қазақшаға аударылмайтынын ба? - Жоқ, әрине. Әрі мен сізге аударылатынын дәлелдедім.
Енді неге процесс қалуы керек?
Процесс сөзінің мағыналары көп, сондықтан бір де бір сөз оның орнына жалғыз өзі қонжия алмайды, бұл бір.
Оны әр контексте әрқалай аудару үшін қазақшаң өте мықты болуы аз, айтылған сөз төркіні мен контекстін беске білуің керек.
Ондай қабілетті кітап оқымайтын жалпақ жұрт тұрмақ, жас филолог маманнан талап ету - жұртты қазақ тілінен бездірумен бірдей. Себебі, әр сөздің салыстырмалы диагностикасын жасау терең зерттеуді, немесе қыруар тәжірибені талап етеді. Оған қазақтың бәрінде уақыт жоқ.
Сондықтан, қайсысы қолданылатынын білмесек, контекстін ажырата алмасақ немесе ол белгісіз болса, “тенденция”, “процесс” сөзін сол күйі қалдырған жөн.

#контекст #collocation #process #процесс #аударма #процесс