Get Mystery Box with random crypto!

Төребек ағай Бекбаевтың “Нәпсі” семинарына қатыстым... күйбең | men❤️‍🩹

Төребек ағай Бекбаевтың “Нәпсі” семинарына қатыстым...

күйбең тіршілік пен қу дүниенің, нас нәпсінің жүрекке түсірген көлеңкесін сәулелі оймен нұрландырған, пендеуи пайыммен кірлеткен кеудені тазартқан кеш болды.
Абайдың атамның
“Әділет пен арлылық, махаббатпен –
Үш жолдасың қабірден әрі өткенде”,– деген өсиетінде жатқан нәпсіге ерген адамның ой-өрісі қабірге дейінгі деңгейде ғана болатынын, тән құмарына берілген кісінің Құдайға емес, қу дүниеге құл болатынын аңғардық.

кешегі кеште айтылған орамды ойдың оймақтайын жаза кетейін:

нәпсі – тәрбиеленбеген рух.
рух – тәрбиеленген нәпсі.

нәпсінің жеті түрі болады.
күнде таңертең тұрғанда нәпсің хайуани халде оянады, бұл дегенің күн сайын адам болуың қажет.

шайтанның функциясы – ниетті ауыстырып жіберу, сыбырлап сұрқия ой салу.
“Садақа беріп қой. Өзің үшін. Жамандықтан жырақ жүресің, бәледен алыстайсың”,– деп уәсуәса салады. Ал шынында құлшылық, садақа, намаз барлығы Құдай үшін. Ол үшін.
Аты жаман шайтанға ерсең, садақаны өзің үшін бергізіп, намазды өзің үшін оқытқызады.

мұсылмандық – процесс.
үнемі амал ету, әрекет, харекет.
дұға, дұға, дұға.
яғни жүріс-тұрыс, тыныс, ішіп-жеу, ұйқы, күлкіні Алламен байланыстыру, рұқсатымен жасау және тек рұқсат еткенін істеу.

нәпсі – тажал емес. жеті түрлі деңгейдегі нәпсінің тек біреуі ғана үнемі жамандыққа үндейді.
Қалғаны қаласаң, әулиелікке бастайды.

нәпсі – Аллаға жетелеу үшін берілген.
нәпсі – сен, сенің рухани халің, саған қатыстының бәрі нәпсі.
нәпсі – асау ат.
Басқармасаң басыңды тауға да, тасқа ұрады, тізгіндесең қанатты пырақ боп ұшады.
Пайғамбарымызды миғаржға көтерген пырақ секілді…

нәпсінің функциясы – тоймау.
талап ету, қалау, жалақтап жалмай беру.
ендігі мәселе – нәпсіңді не беріп семірткенің.
дүние берсең, жұта береді, ит қылады өзіңді.
себебі “дүние” сөзінің семантикасы – “дно, ең төменгі, жұтатын” дегенге келеді.

нәпсі не берсең де соны арттыруды қалайды.
нәпсіге тамақты азайтсаң, білім сұрай бастайды.
рухани азық берсең, көбейткеніңді қалайды, содан ләззат алады…
Жалғасы бар…