Get Mystery Box with random crypto!

мынандай бір қағида бар: сенім (иман) оқу-тоқумен тікелей байл | men❤️‍🩹

мынандай бір қағида бар:
сенім (иман) оқу-тоқумен тікелей байланысты.
иман=білім.
білім – ақыреттік білім.

неге дейсіз ғой?
1. адам бірнәрсеге білгенінің деңгейінде ғана сенеді
2. адам білетініне сенеді
3. біліміне қарай амал етеді
4. білім деңгейіне орай сұрақ қояды

мысалы, (1) ақыреттік амал деген түсінік Алланың алдына барғанда барлығы үшін жауап беретінін білмейтін кісіде жоқ.
ол кісінің барлық амалы адамдар үшін, не өзінің қарақан басы үшін жасалған хайуани тіршілік күйінде қалып қояды.
өйткені ол білмейді.
білім жоқ.
(2) осы өмір мәңгілік өмірдің егістігі, өлшем бірлігі, біз болсақ қонаққа келген жолаушы ғанамыз дегенді ақырет өткелдері туралы оқымаған адам білмейді. соған сәйкес – сенбейді.
кей кісілер “Құдайдың алдына барғанда қиналып қалмайық”,– дегенге қатты мән бермейді.
мән бермегені – сеніңкіремегені.
сеніңкіремегені – білімі аздығы.
оқымағаны, айналып келгенде.

неғұрлым көп оқисың, білім іздеп, түйсікке түйіп, көкейге қондырасың, соғұрлым сене түсесің.

түйін: адам өз білгенінің дәрежесінде әлеммен байланыс орнатады, Алланың сипаттары жайлы ізденгеніне қарай, тани бастайды, ғұмырлық өлшемдердің заңдылықтарын меңгермейінше әбігер болады.

дінді дұрыс ұстанбауыңның себебі – ілім-білім ізденбегенің.
Құдайды танымауыңның себебі – Жаратушыңның есім-сипаты жайлы оқымағаның, терең бойлап, жаратылыс сырына үңілмегенің.