Get Mystery Box with random crypto!

“қыз-келіншек, әйелдер қауымы, аналар, апалар жұмыс істеуге мі | men❤️‍🩹

“қыз-келіншек, әйелдер қауымы, аналар, апалар жұмыс істеуге міндетті емес, оны асырайтын еркегі, арқасүйер азаматы, отағасы ғой негізі” ,– деген ойды қазір біздің қоғам қабылдамайды…
қабылдай алмайды.
“жұмыс істеме” деген бір басқа әңгіме, “жұмыс істеп, ақша тауып, тозу, нан табу – қамқоршысы бар әйелдің міндетіне кірмейді!”,– деген мүлде басқа әңгіме.
біріншісі – төмендету боп көрінуі мүмкін, екіншісі – қамқорлық.

қоғамның қабылдамау себебі – өздері шешелерінің иттей боп жұмысқа жегіліп, тікесінен тік тұрып, мұрнынан шаншылып 30-40 жыл табан аудармай бір жерде, мардымсыз жалақыға жұмыс істегенін көріп өскен ұрпақ, кеңестік кезеңнің пәрмен, бұйрығына еріп комбайнға отырған, соғыс жылдары ер-азамат қалмағанда “тең құқылысың, кімнен кемсің, ерле” деген айтаққа еріп атқа мінген, суды да тасыған, отынды да жаққан, бала да оқытқан, егін де еккен, шошқа да баққан қазақ әйелі… жұмысқа жеккен.
жұмыс күшін толтырған әйелдермен.
соны көрген ұрпақ “маматай, жұмыс істемей-ақ қой”, асыраушың бар, “апа, демалсаңызшы”,– дегенді қабылдай алмайды, “әйел құлша қызмет етіп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүгіруге міндетті емес, уайымдама, демал, өзіңе қара, құлшылығыңды түзе”,– дей алмайды… сана басқа себебі.

Жұмысты жанбағыс үшін, күйбең тіршілік үшін емес, жан рахаты үшін, даму үшін, тәрбие үшін істегені абзал әйел адамның…өзі үшін.
Тапқан табысын еріне, енесіне тағы басқаларға беруі тіпті шарт емес…

ер-азаматтар әйелін, анасын, қарындасын алақанына салып, аялап, қажеттілігін өтеуі керек.
әйел адам бала тәрбиелегені, жанынан табылғаны жөн.

Асыраушы рөлінде жүрген өкшесі тесіліп, табаны тозып, күн астында күйіп, жүк көтеріп, белі қайысқан апаларды, аналарды көргенде соны ойлайсың.
Бұл теңдік емес, жауапсыздық қой.
Жұмыс істемесін демеймін, істесін.
Бірақ ана ретінде жұмыстан да маңызды қызметі бар әйел адамның.
Әйел адам ақша табуға міндетті емес. “Еркек” болуы керек емес!
Жұмыс істеп, тозуға міндетті емес.
Аналарымыз күйіп-пісіп, терлеп тепшіп, денсаулығын құртпауы керек. Рөлін ауыстырмағаны жөн. Күтім керек…

Қарапайым табиғи жаратылыс заңы бойынша да, психологиялық аспектіде қарасаң да, шариғи үкімге салсаң да, дәстүріміздің, діліміздің төңірегінен іздесек те бір қорытынды – әйел затына әкесі, күйеуі, ағасы, қамқоршылары жауапты, олар тірі кезде ешкім жұмысқа жеге алмайды, “ақша тап” деп міндетсіне алмайды, таппадың деп ренжи алмайды!

Ер-азамат жауапсыз болса, әйел тозып шыға келеді…