Get Mystery Box with random crypto!

Стив Джобс, Билл Гейтс, Марк Цукерберг оқуларын тастап кеткен! | AQARYS aitty

Стив Джобс, Билл Гейтс, Марк Цукерберг оқуларын тастап кеткен!

Оқымайтын балалар осы сөзді айтқанды жақсы көреді Бірақ ол тұлғалар не үшін оқуларын тастаған білмейді

Дұрыстап зерттеп көрсеңіз олар аз уақытта оқуларынан аларын алып, бастайтын кәсіптерін бастап алған соң, универдің білімі оларға керек болмай қалған. То есть, универдің берері біткен. Содан кейін олар уақытты бос өткізбейік деп оқуларын тастап кеткен!

Тек Стив Джобс Портлендтегі колледжін, оқу қымбат болған соң тастап кеткен. Бірақ өте пысық Стив универде біраз адаммен араласып үлгерген болса керек, оқудан шыққан соң жан досы Даниел Котткемен хабарласып Hewlett-Packardқа жұмысқа тұрады. Ал ол жерде кіммен танысты деп ойлайсыздар?

Әрине Стив Вознякпен танысты! Кейін ол екеуі Apple компаниясын құрып, аттарын тарихқа қалдырған! Ал ол екеуінің бірігуіне себепші болған универде танысқан Даниел екен.

Тәк что, “Стив Джобс, Марк, Билл Гейтстар оқуын тастап кеткен!” деген фраза, универде летоға қалып жүрген баланың айтатын фразасы емес