Get Mystery Box with random crypto!

​​​​Сіз тіркелген блогерлер өміріңізді құртып жіберуі мүмкін! | AQARYS aitty

​​​​Сіз тіркелген блогерлер өміріңізді құртып жіберуі мүмкін!

Бұрын адамның қандай екенін кітап сөресіне қарап білетін еді, қазір - тіркелген блогеріне қарап-ақ білуге болады. Орыста
“Ты то, что ты ешь” деген жақсы сөз бар. Майлы тамақ жесең - майлы боласың, дұрыс тамақ жесең - дұрыс боласың. Бірақ бұл - тамаққа ғана қатысты цітата емес...

Адам күнделікті көріп жүрген блогеріне - күндердің бір күні ұқсай бастайды. Тіпті
ол - жақтырмай қарайтын болса да!

1. Блогердің контенті жақсы болса да, жаман болса да - ой алып келеді.
2. Ой - сөз алып келеді.
3. Сөз - іс алып келеді.
4. Іс - әдет алып келеді.
5. Әдет - мінез алып келеді.
6. Мінез - тағдыр алып келеді.

Жақсы блогер - жақсы ой, жақсы сөз, жақсы іс, жақсы әдет, жақсы мінез алып келеді. Ал ол нәрсе - өмірімізге жақсы әсерін тигізуі мүмкін. Ал жаман блогер (әсіресе ақша үшін жаман дүниелерді жарнама жасайтын) - өміріңізді құртып жіберуі мүмкін.

Finally: Өмірімізге кері әсерін тигізуі мүмкін блогерлердің подписчигы емес, отписчигы болайық