Get Mystery Box with random crypto!

'АЛЛА' МА, ӘЛДЕ, 'АЛЛАҺ' ПА, ҚАЙСЫСЫ ДҰРЫС? Бұл сұрақтың дұры | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

"АЛЛА" МА, ӘЛДЕ, "АЛЛАҺ" ПА, ҚАЙСЫСЫ ДҰРЫС?

Бұл сұрақтың дұрыс жауабына жету үшін, алдымен араб тілінде ''الله'' сөзі ''Алла'' деп дыбыстала ма, әлде ''Аллаһ'' деп дыбыстала ма, соны анықтайық.

Біз ''Аллаһ'' деп айтқанда, сөздің соңындағы ''һ'' әрпі ''х'' әрпіне өте ұқсас дыбысталады. Яғни, ''Аллаһ'' десек те, ''Аллах'' десек те, айырмашылық байқалмайды.

Ал арабшада ''ه'' әрпі тамақтың ең төменінен шығады, әрі нүктелі ''خ'' әрпі сияқты тамақты қырмайды және нүктесіз ''ح'' әрпі сияқты жаңғырмайды. Ол әріп тамақта ешқандай кедергіге соқтықпай, ауа шыққандай таза шығады.

Қазақтың ''һ'' әрпі арабшадағы ''ه'' әрпін білдіре алмайды. Себебі, біздегі ''қаһарман, гауһар, жауһар'' сөздерін дауыстап айтып көріңізші. Сосын ''хат'' деген сөздегі ''х'' әрпімен алмастырып, ''қахарман, гаухар, жаухар'' деп айтып көріңіз, айырмашылық өте аз, тіпті байқалмайды.

Демек, біз ''Аллаһ'' десек, бұл сөз ''الله'' деп емес, ''اللاخ'' деп дыбысталады. Ал бұл дұрыс емес.

Енді біреу айтуы мүмкін: Мен ''Аллаһ'' дегенді дәл арабшадағыдай дыбыстаймын, деп.
Енді осылай деген кісі мына сөздерді қалай оқиды екен: ''Аллаһты, Аллаһқа, Аллаһтың''.
Әрине бұл сөздер ''Аллахты, Аллахқа, Аллахтың'' деп оқылады. Әлде ''Аллаһны, Аллаһа, Аллаһның'' деп өзбекше еки татарша оқиды ма?

Араб тілінде ''ه'' әрпі болар-болмас, өте нәзік оқылады. Жоғарыдағы сөздердің орнына ''Алланы, Аллаға, Алланың'' деген сөздерді қолдану тілге өте жеңіл.

Әрі ''Алла'' сөзі ''الله'' сөзіне әлде қайда жақын дыбысталады. Аз да болса, арабтарды көрген, сөйлескен, аудармашы болған адам ретінде бұл пікірді сеніммен айта аламын.

Әрі ''Алла'' десең, Пугачеваның есіміне ұқсап қалады деген уәж де негізсіз. ''Алла'' деп келгенімізге қанша ғасыр болды? Алла Пугачева кешегінің, бүгінгінің адамы емес пе? Ұқсап кетеді деп әр көлденең аттының есіміне бола, өзгерте берсек, неміз қалады?

ҰСТАЗ ҚАНАТ ЖҰМАҒҰЛ

Қанат ұстазды танитындар болса, баса кетіңіздер)