Get Mystery Box with random crypto!

Бірде шаштараз мұғалімнің шашын қиып жатып сұрапты: ⠀ - Қымбат | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Бірде шаштараз мұғалімнің шашын қиып жатып сұрапты:

- Қымбаттым, айтыңызшы, осы бізде білім саласы неге өте нашар?

Мұғалім шаштаразға тік қарап:

- Ойлаңызшы, сіз әрбір шаш қияр алдын құралдарыңызды хат жүзінде бекітіп аласыз әрі оның қажеттілігін тәптіштеп түсіндіресіз. Кейін әрбір бастың шашын алу үшін тиімді әрі сағаттық жоспар бекітуге тиістісіз.

Оған қоса, шашты жуатын шампун мен түрлі бояғыш заттардың керектігі туралы тағы да қағаз жүзінде дәлелдеуіңіз керек.

Сіздің жалақыңыз сіздің түрлі газет пен журнал бетіне шаш туралы жазған мақалаларыңыздың санына байланысты болады. Ұмытып, барамын, жалақыңыздың бір бөлігіне түк пайдасыз газет-журналдарға жазылуға тиістісіз. Әйтпесе, құрыдыңыз...! Бұдан бөлек, “Заманауи өмірдегі дәстүрлі шаштараздың бейнесі” деген секілді түрлі семинарлар мен жиындарға қатысуыңыз қажет. Жоғары жалақы алу үшін сіз клиенттердің көңіл көтеретін түрлі іс-шараларын ұйымдастырасыз. Тағы да ұмытып барады екенмін, жоғарыдан әлдебір дөкей келер уақытта көшеге тазалайсыз, аула сыпырып, шарбақ сырлауыңыз керек.

Сізді жыл сайын күтпеген жерден салоныңа кіріп келіп тексеріп тұрады. Сосын сізге қайшымен бастан жоғары шаш қиюға тыйым салады... Сосын...

- !!!!! Бл@@@ ...!!! - деді аузы ашылған шаштараз - Сонда қашан шаш қияды?!

- Сіз жауап алдыңыз деп ойлаймын, - деген екен мұғалім бәсең үнмен....

Білім күнімен!