Get Mystery Box with random crypto!

Жоғарыдағы жазбаның шархын жазамын дегенше, 128 адам басып ү | Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

Жоғарыдағы жазбаның шархын жазамын дегенше, 128 адам басып үлгеріпті, ал менің әпенділігімді білетін 80 адам кейіппен байсалдылық танытыпты.

Әсілі, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі 2015 жылы Аллах (һ) сөзі қазақ тілінде “Алла” деп жазылуы/айтылуы туралы арнайы пәтуа шығарған еді.

Жалпы бұл пәтуаға исі қазақ жамағаты еруі міндет. Алайда, көп жамағаттың, ара тұра молдалардың (уағыз айту барысында) бұл пәтуаға тоқтамайтынын байқадым.

Әр елдің ұлттық ерекшеліктерімен қатар тілдік те ерекшеліктері болады. Біздің лексикамызда арабшадан енген көптеген кірме сөздер (қалам, дәптер, кітап т.с.с) бар. Егер салыстырып қарасаңыз, олардың араб тілінде айтылуы да жазылуы да сәл өзгеше. Мысалы, Пайғамбарымыз ﷺ есімін қазақша Мұхаммед деп айтсақ, дағыстандықтар Могамед, түріктер Мехмед дейді. Яғни, әр ұлттың тілдік ерекшелігіне сай Пайғамбар есімінің өзгергенін көреміз әрі ешкім мұны қателік демейді.

Өз тәжірибемнен байқаған дүние, сәләфилік ағым өкілдері ылғи Аллах не Аллаһ деп жазады. ҚМДБ пәтуасын құлаққа қыстырмайды.

Біреу білер, біреу білмес, қайбір жылы “Он ғасыр жырлайды” кітабы қайта жарық көреді. Редакция алқасында “Конец власти” оқыған ағамыз бастаған мүйізі қарағайдай бір топ ақын жазушылар Абай, Бұқар жырау, Мұқағали сынды ақындардың өлеңдеріндегі “Алла” сөзін “Аллаһ” деп өзгертіп тастайды. Сәйкесінше, өлеңдердің құрылымы бұзылып. қазақ әдебиетіне үлкен қиянат жасалды.

Ал, хабашиттерге келсек, олар қазақша не орысша болсын ылғи АллаҺ деп жазады. Бұл 100% дәлелденген десем артық емес шығар

Қысқаша осы. Айтпақшы, Алла деп айту/жазу тек қазақ тілді қолданысқа ғана. Қайбір арабша аят хадис, дұғаны қазақша транскрипциялағанда бұл ереже сақталмайды)