Get Mystery Box with random crypto!

Сыңғырлашы, қоңырау, Сырға бөлеп шәкіртті. Тербегендей бесікке | Қазақ әдебиеті

Сыңғырлашы, қоңырау,
Сырға бөлеп шәкіртті.
Тербегендей бесікке,
Мынау алтын уақытты.

Ізімізден гүл өскен,
Жүзімізден күн ескен.
Балғын кезім бақытты!
Нұрлы таңым атыпты.

Сыңғырлашы, қоңырау,
Жырға бөлеп маңайды.
Барлық шәкірт өзіңмен,
Сырласуды қалайды.
Сағынысып, көріскен,
Қыркүйектің ақ таңы-ай,
Шәкіртіне ұстаздар,
Мейіріммен қарайды!

Сыңғырлашы, қоңырау,
Сыңғыр-сыңғыр үніңмен,
Қауыштырып біздерді,
Жұмбағы көп біліммен.
Жанарында ұстаздың,
Жалын шашқан оты бар.
Қарсы алайын мен оны,
Туған ана тіліммен.

Сыңғырлашы, қоңырау,
Тусын сұлу жарасыи.
Сыңғыр-сыңғыр үніңмен,
Жүректерде қаласың.
Кіп-кішкентай балғындар,
Құтты болсын қадамың!
Сен ғажайып әлемге,
Еніп бүгін барасың!

// Гүлнар Өмірзақова - Сыңғырлашы, қоңырау