Get Mystery Box with random crypto!

SULTANKYZY

Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY S
Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY
Арна мекенжайы: @sultankyzy
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 4.24K
Арнадан сипаттама

Мен ғой, Ләйлә☺️
”LS media”

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 29

2021-10-04 16:36:26
Марқұм ағамның 40-тан енді аса бастағанда алдыңғы тістері түсе бастады. Әкемнің де 50-ге таяған шағында біраз тістері түскен тұғын. Баламын ғой, кәріліктен деп ойлағам ғой Сөйтсем күтімнің жоқтығынан екен ғой Сол кезде не медицина осындай болмады ма, не ақшамыз болмады ма,әйтеуір қаратпағанбыз ғой Қу дүние, қу жоқтық-ай
Қазір ұлдарыма қақсап отырам, өзімді де оларды да сүйреймін стоматологқа. Қасымда жүргендердің тіпті есін шығарам, бар бар емдетіңіздер деп былай қарасаңыз өзгенің тісінде не шаруам бар десейші
898 views13:36
Ашу / Түсініктеме
2021-10-03 14:40:28 Ұстаздар күні бүгін негізі.
Өмір атты өмірде ұстазың көп болғаны жақсы ғой. Қисайсаң түзейтін, білмесең үйрететін, сүймесең сүйгізетін, қателессең кешіретін...
898 views11:40
Ашу / Түсініктеме
2021-10-02 20:59:41 Ішетін адамдарды қалай жек көретінімді білсеңіздер ғой
947 views17:59
Ашу / Түсініктеме
2021-10-02 11:44:45
Құрбым келін түсірді,то есть қайын інісін үйлендірді. Шымкенттіктер Тараздан қыз алды. Қазір қыз берген жаққа қиындау ма дедім
995 viewsedited  08:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-01 13:26:23
Шымкенттің әкімі кәдімгідей ысылыпты. Әбден менталитетке, жергілікті тәртіпке бағыныпты, бағындырыпты. Толыпты. Жүзі сіп-свежий.
Просто мысалмен айтайыншы, алыстан келді деп жап-жас мені (ну солай сезінемін енді өзімді, кешірерсіздер ) Асхат Садырбайды, Аянаны төрге отырғызған дастарханда Көпен ағам сияқты кісілердің әңгімесін сабырмен тыңдап, айтпаса да алыста отырған радиоардагерлерге барып амандасып,суретке түсуге шақырғаны сондай жылы көрініс болды. Інім ғой қоңырат,күліп қойып ойындағысын #безводы жеткізеді екен Қаланың біраз жерін араладым. Өзгерістер во Этно ауыл, кітапхана, арбат айта берсе көп. Біз мақтай алмаймыз, көре алмай бәле іздеп тұратын сияқтымыз. Хотя бы барды бар дейікші.
Шымкент сені жақсы көрем честно
1.0K viewsedited  10:26
Ашу / Түсініктеме
2021-09-30 22:40:00 Адамсыңдар ма

Кеше түнде 5 адам өлген авария болды елордада. Камридағы жас бала, встречкаға шығып алдындағы Нексиямен соғысқан. Баланың өзі, Нексиядағылардың бәрі қайтыс болды. Жігіттің қасындағы 18 жасар қыз өте ауыр халде ауруханада. Не айтқым келді, қазір баланы ақтап,мақтап жатқандар бар.
Камон адамдар вы чё? Жер тайғақ еді, Сергек, сол жер скорость қосуға болатын жер, өзіміз де қосамыз т.с т.
Баланың жақсы тәрбие алғанына, мама/папасының мықты екеніне ешкім шүбә келтірмес, бірақ ақтап/мақтағанша, жазықсыз сол баланың кесірінен өліп қалғандар ше? Олар неге кінәлі? Олардың аруағынан қорықпайсыңдар ма? Артында еңіреп баласы,әке шешесі қалды ғой
Өткендегі банк дауымен бес адамды қырып салған киллерді жақтағандарды/ақтағандарды көргенде қатты шошып едім
1.0K views19:40
Ашу / Түсініктеме
2021-09-30 01:11:33 Галочканы алып алып, тлгр мүлдем жүргізбейді деген сараптама оқыдым бүгін. Рас, ұяттау тірлік болды менікі. Блиииин
1.1K views22:11
Ашу / Түсініктеме
2021-09-28 21:25:20 Өздеріңе көп алмасаңдаршы...
Бәріңе жетеді ақша,абырой, атақ.
1.1K views18:25
Ашу / Түсініктеме
2021-09-23 22:08:04 Адам бар ғой,кейде өзінен шаршайды екен. Меня много у себя дегендей. Дым да амбиция емес, просто өз ойыңнан өзің шаршайсың, қыңыр-қисық нәрсені бірінші көресің, іздеп жүргендей Қазір менде сондай состояние. Айдонтноу уай)

Много у себя демекші, есіме бір жағдай түсіп отыр. Қазір кітап жазып, бала тәрбиесі туралы жиі пост жазатын бір апам бар. Есімі А дейінші. Атын айтсам, соғыс болады
Сол кезінде байынан ажырап жүргенде, басы бос емес,5 баласы бар жігітке ғашық болады ғой. Содан өйтіп-бүйтіп, пысық қыз жігітті өзіне қаратады. Бір күні әйелі ана қыз күйеуімнің нәскиінің түсіне дейін араласқанын көргенде шошыдым дейді. Причем молча, байы айтатын көрінед, А айтты осы түс жарасады деп дид Әйелі коллегасы деп мән аудармай жүрген ғой
Соңында шарт қойып жүріп, зорға отбасын сақтап қалған тұғын. Неге тұғын Өткенде бір тойда сол келіншекті басқа жігітпен көрдім, басқаға тұрмысқа шыққан ба дедім Мужа тогда много было в её жизни. Слишком.

Өмірде бәрі дозированно болса, қадірін білер едік көп нәрсенің. А то біз и көп ақша и махаббат и атақ и абырой бәрін бір мезетте қалаймыз деп, меня много у себя деп ляғимыз
1.7K viewsedited  19:08
Ашу / Түсініктеме
2021-09-23 21:10:12 Адамдар пырылдап жатсыздар ма, дұрыс. Ұйықтаңдар. Күш керек,еркектерге әсіресе

Галочка алып, жұмысым көбейді. Мұнда өзіме қызық оттаған әңгімемді жазып отырсам, тока бар ғой плз ұрлап шағыстырып, боқтасып, быт-шыт болмайықшы
1.4K views18:10
Ашу / Түсініктеме