Get Mystery Box with random crypto!

SULTANKYZY

Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY S
Telegram арнасының логотипі sultankyzy — SULTANKYZY
Арна мекенжайы: @sultankyzy
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 4.24K
Арнадан сипаттама

Мен ғой, Ләйлә☺️
”LS media”

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 25

2021-12-16 19:41:52 Тәуелсіздікпен құттықтамаған жан жоқ Мессенджер чаттарында түрлі суреттер мен құттықтаулар қаптады ма?

Сол құттықтауымызда біз егемендіктің ұлтымыз үшін неге қастерлі екенін түсінеміз бе? Жете ұғына аламыз ба? Ой жүйрік қой, ұғыну үшін Тәуелсіздік алмағанымызда қандай болар едік деген ойға жүгінуіміз керек.

Біріншіден, біз басты құндылығымыз – тілімізді тұсаудан босата алмас едік. Қазақ тілінде сөйлеп, жазуда, күнделікті тұрмыста қолдануда кедергіге тап болып, өзге тілдің ықпалы артар еді.

Екіншіден, біздің санамыз құлдықтан арылу деген ойға дайын болмас еді. Түрлі новаторлық ойлар мен ұлттық құндылықтардан гөрі қара бастың қамымен бөтен мүддеге жұмыс істеуге мәжбүр болар едік.

Үшіншіден, балаларымызға Қазақстан деген ел болуы керегін, азаттық туралы ойлануы керегін айтудан қорқатын едік. Себебі қазір геосаяси жағдайда қай елді алып қарасаңыз да, ел ішінен ел шығуына құдды бір терроризмдей, үй ішінен үй тіккендей үрке қарайтын едік.

Төртіншіден, салт-санамыз ұлт мүддесін емес, қарынның тоқтығы мен бастың амандығына ойысып, бар байлығымыз – дәстүр мен салтымыздан ажырайтын едік.

Бесіншіден, қазақ деген халық бар екенін, оның бай тарихы мен мәдениеті бар екенін әлем біртіндеп ұмытар еді. Осылайша басқа ұлттармен ассимиляцияланып, өзіміздің кім екенімізді танымай кетер едік. Қандай қорқынышты!

Сол үшін, кеше президент @tokayev_online айтқандай, «әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл - ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!»
112 views16:41
Ашу / Түсініктеме
2021-12-15 22:50:22 Тиктокты жарып жатқан видео
291 views19:50
Ашу / Түсініктеме
2021-12-15 22:43:48 https://vm.tiktok.com/ZSePAAdCP/
294 views19:43
Ашу / Түсініктеме
2021-12-09 05:12:10

249 views02:12
Ашу / Түсініктеме
2021-11-29 22:23:20
Жаңа жылда так хочется, тааак хочется ......

ар жағын жаныңызға жақын арман-тілекпен жалғастыруыңызға болады. Сіздікі болса ешқайда кетпейді, болмаса құдайға виднее
61 views19:23
Ашу / Түсініктеме
2021-11-24 20:54:46 — Ертең тұрмысқа шықсаң, осылай түске дейін ұйықтайсың ба?
— Байға тигенде, тамақ істей алмасаң, ертең-ақ қуып шығады ғой?!
Аздап ұрсып қойып айтылатын осындай ақыл-кеңесті, қыздар қаршадайынан естіп өседі. Бейсаналы түрде тұрмыстағы өмірге даярлана бастайды.
Ал ұлдарға осылай ұрсып, некедегі өмірге үйретіп жатырмыз ба? Жоқ! Құдды бар ғой, үйленген еркекке ештеме жүктелмейтін сияқты.
Осыдан кеп, көп жігіт некелі өмірге абсолют дайындықсыз келеді. Отағасы міндеті, миссиясынан мүлдем бейхабар. Бүгін болған трагедияның өзегі осында жатқан сияқты.
(с) Нұрбек Бекбау
167 views17:54
Ашу / Түсініктеме
2021-11-23 20:15:56 Шешіліп сырласатын, сөйлесе сөзін тыңдап, жыласа бетін сүртетін күйеуі бар әйел ақша, пәтер жоқтық түгіл қара аспан төніп келсе де баласын өлтірмейді, өзін өлімге қимайды.

Ана деген ашығып, қара суға қарап қалса да соңғы тілім нанды баласының аузына салып, өзі қиқымын теріп жейтін жаратылыс емес пе?

Өзіне қол салған бір келіншектің сіңлісін танитынмын. Үнемі жездесі ішіп келіп ұратын болған. Сау кезде де ми жеуден алдына жан салмайтын адам. Тек сырт көзге әдемі. Білімді, қызмет істейді. Балаларға да жақсы әке. Бірақ ана әйел сорлы отырса - опақ, тұрса - сопақ. Отчет дұрыс тапсырылмаса да кіре салып, "есік алдында аяқ киім неге шашылып жатыр" деп құлаштап періп қалатын есерсоқ. Студент болып 2 жылын сол үйде өткізген танысым сол кездері есіне түссе еңірегенде етегі жасқа толып кететін.

Әпкем үнемі мұңайып жүретін,-дейді ол. Бір рет: "папам мен мамама айтайық та, ажырасам десең, түсіндірсең түсінеді ғой дедім. Үндемей біраз отырды да қыстығып жылап жіберді. Өксіп-өксіп жарты сағаттай жылады. Айтайық па үйдегілерге, айтайық па деп шыр айнала бердім. Біір уақытта барып: "мен оны жақсыы көрем ғой, папам естісе алып кетіп қалады. Мен оны жақсыы көрем ғой. Біраз күтейік, түзелетін шығар, бұрын жүріп жүргенде мұндай емес болатын" деді.

Бір күні сабақтан кірсем әпкем көзі ісіп кеткен, ваннадан тряпка ұстап шығып келеді екен. Не болды деп ем, ерні дір-дір етіп "Айконы садиктен сен алып келші" деді. Түсіне қойдым. Анау тағы ренжіткен.

Қас қарайып қалған кез еді. Балабақшаға бару үшін үйді айналып жолға шығу керек. Жүгіріп жолға жете бере маған қарсы келе жатқан әйелдің көзі шарасынан шығып шыңғырып жібергенін көріп артыма жалт бұрылдым. Сол сәт біз тұратын үйдің жоғарғы қабаттағы балконынан адам құлағанын көрдім.

Әпкем!

Талып қалыппын. Құлағанда жолдың тас бордюріне басым оңбай тиген. Есімді біресе жедел жәрдемде, біресе ауруханада жиып жатырмын, лақылдатып құса берем.

Қысқартып айтқанда суицид деп те қарастырылмаған. Балконның терезесі ашық, алдында табуретка тұр. Кір жаятын жіпте қызының бір-екі киімі жайылыпты, қалғаны тазикте жатыр. Кір жайып жатып, табуреткадан ашық терезеге құлап кеткен жан болды да шықты.

Осыны айтқанда қолы дірілдеп темекі тұтататын. Жазатайым құлағанына сенбейтін. "Сорлым-ай, өлер алдында да қызы мен күйеуіне тамағын жасап, палауды бұқтырып, қазанды сүлгімен орап қойған ғой. Қызының ертеңгілікке киетін киімдерін үтіктеп, керегеге іліп қойған". Атауын неге ішпейді ол!....

Сол әйелдің өзі құлап кетті ме, әлде жазым болды ма, анық білмеймін. Бірақ бір арманы ішінде кеткені айқын. Жүрегі қалап, етегінен ұстаған адамының еркек емес, ез болып шыққаны. Сезіміне лайық жауап ала алмағаны, жылу көрмегені, еркелей алмағаны, ессіз шаттықтың эйфориясын бір сәт те сезіне алмағаны айқын. Шын сүйетін адам жарының көзі боталағанын көрсе жаны шырқырап кетуі керек. Сезімсізден сақтасын құдай.

Жастығымыз тоқсаныншы жылдардың топалаңына тап келді. Әке-шешесі колхозды жекешелендіргенде қарпып қалған немесе бизнеске ерте іліккен пысықай болмаса біздің буынның қиналмағаны жоқ-ау сол кезде. Арзан пәтер іздеп сенделу, кейде нан алатын ақша болмай қалу дегенді бір кісідей бастан кешіргенбіз. Тығырыққа тірелген күндеріміз көп болды. Ойымызға өліп қалу келмепті. Алға ұмтыла бергеніміз ғана есте қалды, осы күні.

Ана сорлының ұмтылайын десе де қолынан жетелеп, иығын сүйейтін адамы жоқ болып тұр ғой...
(с) Зәуре Зақан

Сезімсізден, мейірімсізден құдай сақтасын
201 views17:15
Ашу / Түсініктеме
2021-11-21 14:07:07
Білдірмей түсірсең кайф, әңгімелері де іс-әрекеттері де
387 views11:07
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 21:03:52
50 views18:03
Ашу / Түсініктеме
2021-11-17 21:03:52 Итоги конкурса «Построй свой бизнес-2021»

Сегодня в Алматы состоялась церемония награждения победителей конкурса поддержки молодых предпринимателей «Построй свой бизнес-2021».

Вот уже 8 лет Благотворительный Фонд «Саби» под руководством Асель Тасмагамбетовой и при поддержке бизнесменов Кенеса Ракишева, Вячеслава Кима, а также Рашита Махата предоставляет казахстанским бизнесменам реальный шанс заявить о своих идеях или уже работающих проектах и получить безвозмездную финансовую поддержку для реализации и продвижения своего дела.

В этом году в адрес конкурса пришло рекордное количество заявок – 1075. В шорт-лист было отобрано 35 проектов. По итогам изучения бизнес-планов и защиты проектов перед жюри, было выбрано 11 победителей.

Призовой фонд этого года составил 330 000$ и стал самым большим за всю историю конкурса. Таким образом, общая сумма грантов, предоставленных предпринимателям за 8 лет, достигла цифры в 1 910 000 долларов США.

Итак, победители конкурса:

1. Максат Примбет. Проект публикации полуэлектронных книг с QR-тестом - $ 10 000

2. Рустем Емеков. Образовательный конструктор QBit - $ 15 000

3. Гаухар Аукен. Brak.kz
Юридическая помощь в семейных спорах - $ 15 000

4. Гульмира Байгулжаева. Feedingkaz. Фермерские растительные масла, мука, урбеч - $ 20 000

5. Серик Турусбеков. Service4Agro. Локальное производство садовой сельхозтехники - $ 30 000

6. Касымхан Улыкбанов. Zerenmilk. Производство детской молочной смеси - $ 30 000

7. Алмас Мухаметов. Производство одноразовых медицинских изделий - $ 30 000

8. Максат Умурханов. Производство высокопрочных перчаток - $ 30 000

9. Баглан Калдарбеков. Производитель измерительных приборов Guryev - $ 50 000

10. Шейхислам Сахи. MedData. ИИ для пациента, врача и управления больницей - $ 50 000

11. Гульнур Кутыбаева. Многофункциональный медицинский центр "Нурлаб" - $ 50 000

Поздравляем финалистов и желаем процветания и успехов в становлении собственного бизнеса!
54 views18:03
Ашу / Түсініктеме