Get Mystery Box with random crypto!

💰GULMIRA QARASAI

Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI G
Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI
Арна мекенжайы: @gulmiraqarasay
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.77K
Арнадан сипаттама

Кредитный специалистердің ұстазы, қаржылық істер бойынша заңгер Gulmira Qarasai-қызының ресми телеграм каналы

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 38

2022-10-04 08:25:03 Ресейдің жері 4 обласқа кеңейді.

2022 жылы 1-ші қазанда Кремльде Ресей Федерациясының құрамына төрт жаңа аймақты — Донецк және Луганск Халық республикаларын, сондай-ақ Херсон және Запорожье облыстарын қабылдау туралы келісімдерге қол қойылды.

Ресей тарапынан Владимир Путин, ДНР - Денис Пушилин, ЛНР - Леонид Пасечник, Херсон және Запорожье облыстарынан —Владимир Сальдо мен Евгений Балицкий қол қойды.

Ресейдің Президенті В.В.Путиннің пікірінше, бұл миллиондаған адамдардың таңдауы. Адамдар өз еркімен Ресейдің құрамын кіруді қалайды.

Украина Президенті В.Зеленский НАТО (САКҰ) жедел түрде кіру туралы өтініш жолдады. Егер Украина ұйымға қабылданса, Ресей оны өзінің тәуелсіздігі мен егемендігіне қауіп төнді деген сылтаумен, ядролық соғысты бастауы мүмкін.

НАТО барлаушыларының хабарламасы бойынша, Ресей Посейдон деп аталатын ядролық пилотсыз қаруын дайындауда.
1.3K views05:25
Ашу / Түсініктеме
2022-10-03 09:07:43 Енді қазақстандықтар криптовалютаны теңгеге сатып ала алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2022 Цифрлық технологиялар және бизнес туралы форумда қазақстандық Іnterix биржасы мен Еуразиялық банктің бірлескен стендіне барып, криптовалюта туралы толық есепті тыңдады.

Еліміздің азаматтары енді теңгеге криптовалютаны заңды түрде сатып алуға мүмкіндіктері болады. Ол үшін Еуразиялық банктің өзінің жеке әзірлемесе жасалып, ол бойынша әлемдегі ең төменгі комиссия ұсталады.

Қазақстандықтар бұл картамен сауда үйлерінде, дүкендерде сауда жасап, оны осы картамен төлей алады.

Еуразиялық банк жыл соңына дейін Қазақстанда криптокарта шығаруды жоспарлап отыр.
499 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2022-10-03 08:16:20 2023 жылдан бастап пәтерлерін жалға беретіндер үшін жеңілдіктер жойылады.

Пандемия кезінде, яғни 3 жыл бойы жеңілдетілген декларация мен патент арқылы жұмыс істейтін пәтер иелері үшін жеңілдіктер берілді. Бірақ 2023 жылдан бастап, олар салық төлейтін болады.

Тұрғын үйді жалға берудің бірнеше түрі бар. Біріншісі – жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, оңайлатылған декларация мен патент арқылы есеп тасырады.

Жалпы елімізде ондай кәсіпкерлердің саны 84 мыңнан асады.
905 views05:16
Ашу / Түсініктеме
2022-10-03 07:55:34 Қазақстандықтарға енді ЭЦП-кілт қажет болмайды.

Бұл туралы Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдад Мусин Цифрлық технологиялар және Digital Bridge 2022 бизнесі туралы халықаралық форумның панельдік сессиясында айтты.

«Мемлекеттік қандай да бір қызмет түрін алу үшін Қазақстанның азаматтары ЭЦП-кілттерін өздерімен бірге алып жүру керек. Оның уақыты да шектеулі, яғни бір жылға ғана жарамды. Сондай-ақ компьютерге арнайы қосымша жазу, ХҚКО бару – өте көп ыңғайсыздықтарды тудырады» деді министр.

Енді қазақстандықтар e-Gov Mobile қосымшасын ашып, қажетті QR-кодқа телефонын бағыттаса, қосымша арқылы QR-қол қою жүзеге асады.
1.1K views04:55
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 14:56:52 Енді қажетті анықтамаларды каспи мобильді қосымшасы арқылы алуға болады

Сізге жұмысқа, оқуға түсуге, көлік жүргізуші куәлігін алу, балаңыздың туу туралы куәлігі, студенттік билет, мүгедектігі бар тұлғаның куәлігі, тіпті дипломдарыңызды pdf форматта алуға болады. Сондай-ақ:

Наркологиялық диспансерден анықтама;
Туберкулезге қарсы диспансерден анықтама;
Психо-неврологиялық диспансерден анықтама.

Жоғарыда аталған анықтамалар мен құжаттарды қалай аламыз?

www.kaspi.kz қосымшасына кіреміз, «Мемлекеттік қызметтер → «Цифрлық құжаттар» бөлімінде анықтамаларды көруге, оларды жүктеуге және электрондық пошта немесе мессенджер арқылы жіберуге болады.

Каспи мобильді қосымшасын 12 миллионнан астам қазақстандықтар қолданады. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы азаматтар өздерінің цифрлық құжаттарына қол жеткізе алады, салық төлейді, жәрдемақы алады, автомобильдерді қайта ресімдейді, жүргізуші куәлігін ауыстырады және бизнесті тіркей алады.
814 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 13:56:16 Қазақстанға келіп-кеткен шетелдіктердің ресми статистикасы

2022 жылдың басынан бері елімізге 4 млн. 400 мыңға жуық шетел азаматтары келген. Атап айтсақ, Ресейден – 1 млн. 700 мың, Өзбекстаннан – 1 млн. 500 мың, Қырғызстаннан – 547 мың, Тәжікстаннан – 200 мың, Белоруссиядан – 53 мың, Түркиядан – 68 мың, Германиядан – 43 мың адам келген.

Ал, кеткендер саны 4 млн. 155 мың адам. Олардың 1 млн. 666 мыңы – Ресей Федерациясынан, 1 млн. 370 мыңы – Өзбекстаннан, 540 мыңы – Қырғызстаннан, ал 196 мыңы - Тәжікстан азаматтары.

2019 жылы Қазақстанға 2 млн. 875 мың ресейлік келген екен. Ал биыл, 9 айда – 1 млн. 660 мыңнан астам ресейліктер елімізге келді. 21 қыркүйек 2022 жылға дейін ең үлкен көрішіміз Ресейден 9-12 мың жуық азаматтар келіп-кеткен. Тек 22 қыркүйектен бастап олардың саны екі еседен асты.

Ал елден шығатын өз азаматтарымызға келсек, күн сайын 40 мыңға жуық қазақстандықтар шетелге шығады. Оның 15-17 мыңы Ресей Федерациясына барады.
1.1K views10:56
Ашу / Түсініктеме
2022-09-27 13:16:28
Заңгерден тегін консультация Міндетті түрде достарыңызға, таныстарыңызға, туыстарыңызға жіберіңіздер! Осылай әрбіріміз өз құқықтарымызды қорғай аламыз!



1.2K views10:16
Ашу / Түсініктеме
2022-09-26 14:01:50 Қазақстанға Ресейден тек адамдар ғана емес, сондай-ақ 50 шетелдік компания да көшуді жоспарлап отыр.

Көрші ел Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығыс еліміздің экономикасына теріс әсер етті. Бірақ бүгінгі таңда 50-ге жуық шетелдік компания көрші елдегі өз өндірісін жауып, офистері мен өндіріс орындарын Қазақстанға көшіруге ниет білдірді.

2022 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар нақты 6%-ға өсті, І тоқсанның қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 54%-ға ұлғайды.

Жаңа компаниялардың Қазақстанға келуі – жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен ұлттық қазынаға түсетін салықтың көбеюіне әкеледі, бұл өз кезегінде экономикамызға оң әсерін тигізеді.
1.6K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2022-09-26 07:27:20 Алматыда медициналық диагностикалық тест-жүйелерді өндірумен айналысатын жаңа зауыт ашылды.

«Қаз-Диа-Тест» ЖШС деп аталатын жаңа зауыт тест-жүйелердің 4 түрі: экспресс-тесттер, ПТР-тесттер, ИФТ-тесттер, Петри тостағандарын шығаратын болады.

Жобаның құны – 4.6 млрд. теңгені құрады, ал зауыт жеке инвестициялар есебінен салынды. Зауыттың қуаттылығы – жылына 1,83 млн. тесттер шығарылады. «Қаз-Диа-Тест» зауытының базасында 65 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Еске салсақ, 2003 жылы жыл сайын 100 мың тоннаға дейін өнім шығаруы тиіс Балқаш мырыш зауыты ашылды. Оның құрылысына 120 млн. доллардан астам қаражат жұмсалды. Бірақ 2009 жылы түсініксіз себептермен жабылды.

2005 жылы полиэфирмен нығайтылған шыны талшықтан жасалған құбырлар мен фитингтер өндіру жөніндегі зауыт ашылды. Жобаға жалпы инвестициялар 40 млн. долларды құрады. Зауыт алғашқы өнімін 2005 жылдың желтоқсанында шығарды. Бірақ тура үш жылдан кейін кәсіпорын жабылды.

2006 жылы Батыс Қазақстан облысында цемент өндіретін зауыт салу туралы шешім қабылданды. Инвестор 1,2 млн. тонна өнім шығаруды және 500 адамға жұмыс орындарын ұсынуды жоспарлады. Осы кезеңдегі жобаға 2,5 млрд. теңгеден астам қаржы салынды. Бірақ алты айдан кейін зауыттың құрылысы аяқталды. Мұның себебі - әлемдік қаржы дағдарысы деп аталды.

Өкінішке орай, елімізде миллиардтаған қаржы бөлініп, аз уақыттан соң жабылып қалған заводтар жетерлік. Олардың қатарында «Tecata» Халық компьютері, Балқаш ЖЭС, «Crown Батыс» бордақылау кешені, «Қазавиаспектр» Қарағанды авиазауыты, Қазақстандық «Аққу» планшеті, Қағаз сүлгілер мен дәретхана қағазын шығаратын зауыт, «Licorice Kazakhstan» мия зауыттары бар.
1.2K views04:27
Ашу / Түсініктеме
2022-09-26 06:41:44 Қазақстан және Орталық Азия әйел-кәсіпкерлеріне арналған мүмкіндік .

Қазақстанда және Орталық Азияда «She's Next» бастамасының екінші толқыны шеңберінде әйел-кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін «бизнес-көшбасшылық» тегін марафонын бастады. Бұл бастама Visa Halyk Bank-пен бірлесіп жүзеге асырылады. Марафонның мақсаты - кәсіпкерлерге кедергілерді еңсеруге көмектесу және бизнеспен айналысуға ынталандыру.

Марафон қатысушылары бизнесті тиімді жүргізу туралы 8 білім беру дәрісін - Қазақстанның бизнес-индустриясының және өзге де салаларының танымал көшбасшыларынан дәріс алады.

Биыл марафон қатысушылары өз бизнесін дамыту үшін 5 млн., 3 млн. және 1 млн. теңге ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, финалистер Halyk Bank-те 5%-дан бастап 50 млн. теңгеге дейін бизнеске жеңілдетілген кредит ала алады. Марафонға қатысу тегін.
1.4K views03:41
Ашу / Түсініктеме