Get Mystery Box with random crypto!

💰GULMIRA QARASAI

Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI G
Telegram арнасының логотипі gulmiraqarasay — 💰GULMIRA QARASAI
Арна мекенжайы: @gulmiraqarasay
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 14.77K
Арнадан сипаттама

Кредитный специалистердің ұстазы, қаржылық істер бойынша заңгер Gulmira Qarasai-қызының ресми телеграм каналы

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 37

2022-10-07 07:52:00 Қазақстанда Тик Ток пен Microsoft офистері ашылады.

Тик Ток компаниясының вице-президенті Тео Бертрамның айтуынша, Қазақстанда контенттің керемет сапасы бар. «Мұнда сұлу табиғат, ұлттық тағамдар, дәстүрлер, көркем жерлер мен қонақжай адамдар өмір сүреді. Біздің компанияда туризм сияқты әртүрлі бағдарламалар бар және біз ол туралы көбірек айтып, Қазақстанның көбірек танылуына көмектесе аламыз» деді Тео Бертрам.

Сонымен қатар, Microsoft Қазақстанда Орталық Азияны қоса алғанда, бүкіл өңірге қызмет көрсететін data-орталық ашады.

Қазақстанның президенті Қ.К.Тоқаев еліміздегі цифрлық технологияларды дамытуды қолдайтындығын айтты.
1.2K views04:52
Ашу / Түсініктеме
2022-10-07 06:34:55 Елімізде жаңа автокөліктер 25% - ға өсті.

Қазақстанда жаңа көліктердің бағасы өсуде. Ал дилерлік орталықтарда көліктер жоқ. Айдалған көлік бастапқы жаңа күйіндегі бағадан қымбаттырақ сатылуда.

Биыл шетелден келетін автокөліктердің қымбаттауының себебі – әлемдегі шиеленістер деген болжау бар. Қазақстан “4% автокредит” бағдарламасын іске қосты.

Автокредит алушылар көбінесе алыс шетелден Оңтүстік Корея мен Араб Әмірліктерінен келген көліктерді таңдайды. Қазақстан нарығына соңғы екі жылда төрт қытайлық автобренд келді, алдағы жылдары оның саны көбеюі мүмкін.

Қазақстанда тек автокөлік емес, үй бағасы, ком.қызмет, азық-түлік, жанармай, киім-кешек, үйді жалға алудың да бағасы өсті.
1.4K views03:34
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 07:56:45 Германия Екінші дүниежүзілік соғыс үшін Польшаға репарация төлемейтінін айтты.

Варшавадағы пресс-конференцияда ГФР СІМ басшысы Анналена Бербек енді Германияның Екінші дүниежүзілік соғыс үшін репарация төлемейтіндігін хабарлады.

3 қазан күні Польшаның СІМ басшысы Збигнев Рау, Германияның 1939-1945 жылдардағы оккупация кезінде Польшаға келтірген материалдық және басқа да залалдары үшін өтемақы ретінде шамамен 1,3 триллион доллар сұраған нотасын жіберген еді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы бойынша Германияға жүктелген репарацияның нақты жалпы сомасы халықаралық деңгейде бекітілмеген.

Репарациядан бөлек, Германия нацизм құрбандарының әртүрлі санаттарына өтемақы төлейді.
1.4K views04:56
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 07:27:45 Енді Қазақстанда кредиттік шопинг «азаяды».

1 қазаннан бастап қаржы ұйымдары үшін жаңа талап күшіне енді.

Нарықта «кредиттік шоппинг» деген ұғым бар. Бір адам бірнеше ұйымдардан қысқа уақыт ішінде кредит алады. Кейін оларды төлей алмай, қарызға батады. Ал кредит беретін ұйымдар соңғы уақытта ол адамның қанша кредиті бар екенін бірден біле алмайды, өйткені мұндай ақпарат кредиттік бюроға бірден берілмейді.

Енді кредит алу туралы деректер несиелік бюроға жұмыс күнінің соңында беріледі. Ал егер кредит - демалыс күні берілсе, келесі жұмыс күніне ауысады. Осылай кредит алу кезіндегі алаяқтық жасау әлдеқайда аз болады
1.5K views04:27
Ашу / Түсініктеме
2022-10-06 06:24:43 Қазақстанда телефон коды өзгереді.

Еліміздің азаматтары қазіргі таңда +7 телефон кодын пайдаланады. Бірақ Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жыл соңына дейін телефон кодының өзгеретінін айтты.

«Қазақстан +7 кодын бірнеше елдермен бірге бөлісіп қолданады, оның ішінде Ресейде бар. Кодты ауыстыру қазіргі халықаралық жағдайға байланысты емес. Қазақстанның өз жеке коды болуы керек деген ұстанымды 2020 жылдан бері айтып келемін» - деді министр.

Жаңа телефон кодын алу үшін Қазақстан ІTU Халықаралық электрбайланыс одағына өтінім берді. 2023 жылдың қаңтарынан бастап, ұлттық код +997 өзгереді. Қазақстандықтар ескі және жаңа кодтарды иемденгеннен кейін екі жыл бойы пайдалана алады. Ұлттық кодқа толық ауысу 2025 жылдан басталады.
1.7K views03:24
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 08:27:40 Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ядролық қаруды қолдану қаупі туралы айтты.

«Қазақстан қазіргі халықаралық жағдай бойынша өзінің ұстанымын өзгертпейді. Біз халықаралық құқықтың заңдарына бағынамыз. Бүгінде әлемде геосаяси шиеленіс байқалады. Мен БҰҰ-ң мінберінде Атом энергиясы адамзаттың керемет жетістігі және ол халықаралық күрестің жойқын құралы ретінде емес, тек адамдар мен елдердің игілігі үшін жұмыс істеуі керектігін айттым» деді президент.

Қазақстанда ядролық полигонның кесірінен 1.5 миллион адам жапа шекті. Биыл Семей полигондағы соңғы жарылыстан бері 33 жыл өтті. Бұл сынақтар әлемдегі Қырғи қабақ соғысы кезінде басталған еді.

Еске салсақ, КСРО Қазақ жерінде 500-ге жуық ядролық сынақтар өткізді.
1.5K views05:27
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 07:07:00 Айдаһар көршіміз Қытай енді тіпті жақын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына барған іс-сапарында аталған облыс арқылы Қытайға темір жол салыну керектігін айтты.

«Абай облысы – Қытай және Ресеймен шектеседі. Сондықтан бұл еліміз үшін жақсы мүмкіндіктер береді. Қытайға теміржол желісін салу қажет. Ол үшін еліміздің жолдарын қауіпсіз және сапалы ету керек» – дейді Президент.

Үкімет пен облыс әкімдігі бірлесе отырып, үш жылда жаңа көпір құрылысын бітіретін болды. Семейде халықаралық маңызды автомагистраль өтетіндіктен, ең бірінші екі қалалық көпірді жөндеуден өтеді. Сондай-ақ өңірде «логистикалық парк» құрылады.
1.7K views04:07
Ашу / Түсініктеме
2022-10-05 06:32:08 Сергектің серігі пайда болмақ.

Әкімдік Астанадағы кептелістерді енді Пермь технологиясы арқылы реттемекші.

Аталған бағдарламалық жасақтама елорданың көше қиылыстарындағы кептелістертерді талдауға көмектеседі.

Перьм нейрожелілері – автокөліктер мен жаяу жүргіншілерді бақылап, олардың әрекеттерін талдайтын болады. Бұл қаладағы автокөлік кептелістерін азайтуға мүмкіндік береді.
1.8K views03:32
Ашу / Түсініктеме
2022-10-04 09:08:07 Қазақстанға Илон Масктың SpaceX интернеті келеді.

Еліміздің нарығында Google Cloud, Amazon Web Services, Microsoft Azure ірі компанияларын тарту көзделіп отыр.

Өкінішке орай, ауылдық жерлерде тұратын халықтың 40 % қолжетімді және сапалы интернет жоқ.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ауылдық жерлерді SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелерінің желілерімен қамту туралы жұмысты бастау керектігін айтты.
997 views06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-10-04 08:36:32 Ресейден келген келімсектерге қатысты министрлердің жауаптары.

Жерлестерімізді шығарып, орнына ресейліктерге жоғары бағамен жалға беретін азаматтарға қатысты ақпаратқа Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.

Оның пікірнше, елімізде нарықтық қатынастар болғандықтан және шағын бизнеске тексеруге мораторий жарияланғандықтан аяқ асты келіп тексеруге болмайды. Мұндай мәселелердің туындауына тек қазақстандықтардың өзі себепші. «Басқа азаматтарды қорғау арқылы кейбір азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірілмейді» – деді министр.

Ал, Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Қазақстанның осы Одаққа мүше елдерден келетін миграттардың келуін шектеуге құқығы бар екен атап өтті. Оның пікірінше, егер біздің ұлтық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін жағдай туса, онда үкімет осы шараларға баруы мүмкін.

Еңбек мигранттарына қатысты жалпы квотаны 2022 жылдың қаңтар айында айтылған еді. Биыл жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31% құрайды (28,3 мың бірлік мөлшерінде белгіленді).

Қазақстанға еңбек күшін тартуға арналған квотаның 4 түрі бар: біріншісі – басшылар мен олардың орынбасарлары (1243), екінші санат – құрылымдылық бөлім басшылары (6499), үшінші санат – мамандар (13887) және соңғысы – білікті жұмысшылар – (3421).
1.2K views05:36
Ашу / Түсініктеме