Get Mystery Box with random crypto!

Алмат Жайлаубаев

Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев А
Telegram арнасының логотипі almatzhai — Алмат Жайлаубаев
Арна мекенжайы: @almatzhai
Санаттар: Блогтар , Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.45K
Арнадан сипаттама

🇰🇿Проректор SDU University
🇰🇿«Ментор» кітабының авторы
🔹Инстаграм парақшам: @almatzhai
🔹Жекеге хабарласқыңыз келсе @almatzhai2

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2021-06-01 09:55:27 Алмат Жайлаубаев pinned a video
06:55
Ашу / Түсініктеме
2021-06-01 09:44:40
Қолыңнан келеді!

Абай: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дейді.

Сондай-ақ, Мәшһүр Жүсіп: «Аспанда ұшып жүрген құс пен жайлау жылқысын қолға үйрету арқылы адамзат баласы қанша табыстарға жетті. Осындай дала тағылары (жабайылары) тәрбиеге көнгенде, адамның мінезі неге өзгермейді?» деген.

Демек, мінез өзгереді. «Кітап оқу әдетім жоқ», «Ешқашан кітап қолыма алып көрмегем», «Кітап оқысам ұйқым келеді» - деген сылтаулардың бәрін өзгертуге болады. Тек өзгергің келсе болғаны.

Артық білім кітапта. Кітап - үнсіз мұғалім. Олай болса кітап оқымаған адам қалай дамымақ?! Мидың қорегін қайдан алмақ?! Өйткені нан денені, кітап миды тамақтандырады.

Олай болса, кітап оқып, даму мен кемелдену жолындағы сапарымызды оңайлатайық.

https://t.me/almatzhai
754 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  06:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 20:27:10 Алмат Жайлаубаев pinned «Сөз менеджменті. Ертеде бір патша болыпты. Күндердің бір күнінде патша жаман түс көреді. Көрген жайсыз түсінен мазасы қашып, көңілі алаң болып, түсін жоритын адам іздете бастайды. Сөйтіп өз елінің ең мықты түс жорушысын алдыртады. Патша көрген түсін түс…»
17:27
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 09:07:11
1.3K viewsAlmat Zhailaubayev, 06:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 11:54:18 Алмат Жайлаубаев pinned «Толғақ. Жазу үшін көп ізденіс керек. Көп оқып, көп тыңдау қажет. Айтқым келгені оңай шаруа емес екен. Былай қарасаңыз, бұл өмірде ешнәрсе оңай емес сияқты. Бала дүниеге келуі үшін анасы толғатады. Сонда ғана нәресте сүйеді. Ал баланы қолға алып сүю - керемет…»
08:54
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 10:21:30 Сөз менеджменті.

Ертеде бір патша болыпты. Күндердің бір күнінде патша жаман түс көреді. Көрген жайсыз түсінен мазасы қашып, көңілі алаң болып, түсін жоритын адам іздете бастайды. Сөйтіп өз елінің ең мықты түс жорушысын алдыртады.

Патша көрген түсін түс жорушыға түсіндіріп береді. Әлгі жорушы:

- Патшам, аз уақытта жақсы көретін жақындарыңыздың бәрінен айрыласыз, - дейді.

Бұны естіген патша қатты ашуланып:

- Әкетіңдер мына бәлені. Басын алыңдар оңбағанның! Одан кейін басқа түс жорушы табыңдар! - деп бұйырады.

Патша адамдары барлық жерге жар салып, хабар жібереді. Бірақ түс жоритын адам табылмайды. Патшаның алдына шығуға ешкімнің батылы жетпейді. Өйткені барлық түс жорушылар болған оқиғаны естіген еді.

Бір күні патшаның уәзірлеріне бір адам келеді. Ең мықты түс жорушылардың бірі екені белгілі болады. Уәзірлері әлгі адамды бірден патшаның алдына шығарады.

Патша көрген түсін ол адамға да бастан аяқ түсіндіріп береді. Патшаны мұқият тыңдаған түс жорушы:

- Тақсыр, сіздің түсіңіздің мағынасы былай: айналаңыздағы барлық адамдарға қарағанда сіз ұзақ өмір сүресіз, - деп жауап береді.

Бұл жауапты естіген патша қатты қуанып, адамға бір дорба алтын сыйлайды.

Түйін:

1. Копирайтингтің күші. Екі түс жорушы да бір нәрсені айтты. Бірақ біреуі патшаның қалағанындай шебер жеткізе білді.

2. Бір сөз адамның тағдырын шешеді. Демек адамның сөзі - ақылының таразысы.

3. Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады. Қатты-қатты сөйлесең адам дінінен шығады.

4. Бұрында қазақтың би-шешендері мен жыраулары бір сөзбен соғысты тоқтата білген. Сол үшін сөздің киесі бар деп бекер айтпайды. Сөзді тізбектей шебер қолдану өнерін меңгеруіміз керек.

Даму мен кемелдену жолындағы сапарымыз сәтті болсын!

https://t.me/almatzhai
584 viewsAlmat Zhailaubayev, edited  07:21
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 10:19:46 Алмат Жайлаубаев pinned a voice message
07:19
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 09:41:01 Толғақ.

Жазу үшін көп ізденіс керек. Көп оқып, көп тыңдау қажет. Айтқым келгені оңай шаруа емес екен.

Былай қарасаңыз, бұл өмірде ешнәрсе оңай емес сияқты. Бала дүниеге келуі үшін анасы толғатады. Сонда ғана нәресте сүйеді. Ал баланы қолға алып сүю - керемет сезім!

Демек бір істі қатты қаласақ, оның толғағына шыдай аламыз. Шыдасақ, сол істің шыңына жетеміз. Шыңда тұрып, ісіңіздің жемісін көру - керемет сезім!

Жазуды қатты қалаймын. Сол үшін шығармашылыққа бет бұрдым. Бұл істің ыстығы мен суығына да төтеп беретініме сенімдімін, Алланың қалауымен!

Айтпақшы, толғақ басталып жатыр. Бір кітап бастаған болатынмын. Соған орай бір өтінішім бар еді. Бір сауалнама дайындадым.

Құр инстаграмда отырып 1 сағат өткізіп аламыз. Ал, бұл сауалнамаға ары кетсе 3-4 минут кетеді. Бірақ келешекте шығатын туындыға көмектескен болар едіңіз.

Алдын ала алғысымды білдіремін.

Сілтеме міне:

https://bit.ly/3fJSWEs
1.1K viewsAlmat Zhailaubayev, 06:41
Ашу / Түсініктеме