Get Mystery Box with random crypto!

Қолыңнан келеді! Абай: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі б | Алмат Жайлаубаев

Қолыңнан келеді!

Абай: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дейді.

Сондай-ақ, Мәшһүр Жүсіп: «Аспанда ұшып жүрген құс пен жайлау жылқысын қолға үйрету арқылы адамзат баласы қанша табыстарға жетті. Осындай дала тағылары (жабайылары) тәрбиеге көнгенде, адамның мінезі неге өзгермейді?» деген.

Демек, мінез өзгереді. «Кітап оқу әдетім жоқ», «Ешқашан кітап қолыма алып көрмегем», «Кітап оқысам ұйқым келеді» - деген сылтаулардың бәрін өзгертуге болады. Тек өзгергің келсе болғаны.

Артық білім кітапта. Кітап - үнсіз мұғалім. Олай болса кітап оқымаған адам қалай дамымақ?! Мидың қорегін қайдан алмақ?! Өйткені нан денені, кітап миды тамақтандырады.

Олай болса, кітап оқып, даму мен кемелдену жолындағы сапарымызды оңайлатайық.

https://t.me/almatzhai