Get Mystery Box with random crypto!

Толғақ. Жазу үшін көп ізденіс керек. Көп оқып, көп тыңдау қаж | Алмат Жайлаубаев

Толғақ.

Жазу үшін көп ізденіс керек. Көп оқып, көп тыңдау қажет. Айтқым келгені оңай шаруа емес екен.

Былай қарасаңыз, бұл өмірде ешнәрсе оңай емес сияқты. Бала дүниеге келуі үшін анасы толғатады. Сонда ғана нәресте сүйеді. Ал баланы қолға алып сүю - керемет сезім!

Демек бір істі қатты қаласақ, оның толғағына шыдай аламыз. Шыдасақ, сол істің шыңына жетеміз. Шыңда тұрып, ісіңіздің жемісін көру - керемет сезім!

Жазуды қатты қалаймын. Сол үшін шығармашылыққа бет бұрдым. Бұл істің ыстығы мен суығына да төтеп беретініме сенімдімін, Алланың қалауымен!

Айтпақшы, толғақ басталып жатыр. Бір кітап бастаған болатынмын. Соған орай бір өтінішім бар еді. Бір сауалнама дайындадым.

Құр инстаграмда отырып 1 сағат өткізіп аламыз. Ал, бұл сауалнамаға ары кетсе 3-4 минут кетеді. Бірақ келешекте шығатын туындыға көмектескен болар едіңіз.

Алдын ала алғысымды білдіремін.

Сілтеме міне:

https://bit.ly/3fJSWEs