Get Mystery Box with random crypto!

Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

Telegram арнасының логотипі zhenitaipak — Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері А
Telegram арнасының логотипі zhenitaipak — Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері
Арна мекенжайы: @zhenitaipak
Санаттар: Эзотерика
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.84K
Арнадан сипаттама

Адамзат ғасырлар бойы күткен Ғарыш Жауынгері туралы, Ақ Сарбаз жолын ашқан Эволюцияның алтыншы сатысы мен қазақ халқы туралы, Ғарыш Заңдары туралы

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2023-01-12 02:18:33 Жақындарымнан қолдау таппағаныма қатты ренжідім. Мені қолдап, қолпаштайтын, түсінетін ешкім болмаған соң шыдай алмай Алматыға, Ақ Сарбазға хат жаздым. Хатта оқымысты ағамның кітап туралы пікірлерін баяндап, мендегі сенімнің дұрыс екеніне рухани қолдау беруін өтіндім. Бір ай өтті. Ақ Сарбаздан жауап болмады. Сәуір айының аяғы, Жайық тасып, су келіп жатқан уақыт. Бір күні желіндеп тұрған сиырым орманнан келмей қалып, іздеп бардым. Сиырды тауып алып ауылға айдап едім, су келіп құйып жатқан терең сайдан тіке жүзіп өтпейсің бе. Сайдың басын айналып келейін десем кері қашып кеткелі тұр. Тәуекел деп үстімдегі қалың киім, етігіммен суға түстім. Сайдың ортасына келгенде бой жоқ екен. Жүзейін десем етігім аяғымнан жартылай шешіліп, пальтом ауырлап қол-аяғымды сермеуім қиянға айналды. Бата бастадым. Сайдың арғы беті жарқабақты терең екен. Судың шетінде менің батып бара жатқаныма самарқау көз салып сиырым тұр. Оған таяқ тастам жерде мен батып-шығып жанталасып жатырмын. Бір мезгілде бір етігім шешіліп аяғым сермеуге келіп кішкене алға жылжыдым. Бір кезде жерге аяғым тиді. Сүйретіліп судан әрең шықтым. Сиыр да соны күтіп тұр екен. Зу етіп кері өтіп кетті. Оған қарайтын жағдай жоқ. Жалғыз етікті де лақтырып, 3 шақырым жердегі ауылыма буым бұрқырап шақ жеткенмін.
Жазда Ақ Сарбазды іздеп бардым. Ұстаз салқын қабылдады. «Сенің хатыңды оқып: «бұл жігіт әлі піспеген екен» деп ойладым» – деді. Мен өз ниетімнің ақ екенін, Ұстаз Ілімін қолдайтынымды айтып ақталған болдым. Осы кезде есіме кітаптағы:
«Рухани түлеген адам кармасының өзгеруі әуелі әулетінде, сосын қызметінде, қоғамдағы карма байланыстарының өзгеруіне, күрделі өтпелі процестерге әкеліп соғады. Рухани жолға түскендер үшін: «өз отанында пайғамбар жоқ», «жақының – жауың» деген сөздер бекер айтылмаған.» («Ақ Сарбаз» кітабы, 3-тарау) деген жолдар түсті.
Расында мен Ақ Сарбаз Іліміне күмән, күдік келтіруден аулақ едім. Оны маған күштеп таңғандай болған жақын ағамның қылығы еді. Сол күмән мен күдікті – жағымсыз көзқарастағы пікірді Ұстазға жолдауым үлкен ақымақтық болды. Соның кармасы мені суға кетіре жаздады. Бұл туралы Ұстазға айтқан жоқпын. Алайда ауылға аттанарда Ұстаз:
– Егер тағы да бір рет өткендегідей хат жазатын болсаң, жағдайың бұрынғадан да жаман болады – деп ескертті.
Ал, мен жақсы көретін оқымысты ағам ауырып, қайтыс болды. Үйленіп те үлгермеді. Оның ауруы емделуге келетін ауру еді. Неге дұрыс емделмегенін әлі күнге түсінбеймін.
Кейін Ауробиндо ілімі туралы әңгіме болғанда Ұстаз:
– Түнек Күштерінің адам Рухын торға түсіру, кідірту амалдарына сан жетпейді – деді.
– Рухани кітаптардың қайсысы Түнектен, қайсысы Жарық Күштерінен екенін қалай ажыратамыз? – деп сұрадым.
– Жүрекпен. Адамға жан-жақты көзқарасты дамыту үшін рухани әдебиеттерді оқу керек. Рухани білім керек. Ғаламдағы барлық құбылыс Ғарыштың Жеті универсалды Заңымен қозғалып дамиды. Жарық Күштері осы Заңдарды бұлжытпай сақтауымен, Түнек Күштері осы Заңдарды бұрмалауымен ерекшеленеді.
Осы күні ойлаймын: мені талай қатер мен қиындықтан Ұстазға деген сенімім мен берілгендігім сақтап келе жатыр-ау деп.
Адам бойында заңғар ақыл, шексіз білім, қабылет-дарыны болғанымен Құдайға деген сенімі мен берілгендігі болмаса түбі Люцифер секілді тағдырға ұшырауы ғажап емес қой!
Тәңірімен табысқысы келмейтін, өзінің Түпкі Табиғатын тапқысы келмейтін Жан жоқ деп ойлаймын. Алайда өз эгоңызды жеңіп, Крайон айтпақшы құбыжығыңызды жеңіп, болмысыңыздағы Құдайды аршып алуға махаббатыңыз жете ме?
998 views+185450434426 +185450434426, 23:18
Ашу / Түсініктеме
2023-01-12 02:18:33 КҮМӘН ЖӘНЕ БЕРІЛГЕНДІК
Даму жолындағы барлық Рухтың түптабиғаты – Тәңірі дейміз. Рухани әдебиеттерде оны – Түпсебеп, Қайнар деп те атайды. Рух қай дүниеде болмасын өзінің шыққан Үйіне қайтып оралуға, бөлінген Жарына қайта қосылуға құштар. Көктем шуағына ағаштардың бүр жаруының өзі – оның бойындағы Жанның Құдайға қосылуға деген құштарлығы ғой!
Адам Рухын Құдайға апарып қосатын қандай қасиеті? деп ойланып көрдіңіз бе? Заңғар ақыл, кемел білім, сан қырлы өнер мен талант иесі болсаңыз Құдайға тезірек қосыла алар ма едіңіз?
Дарын мен талант, ақыл мен білім Рухты адастыруы да мүмкін ғой?! Оған дәлел – Атлантиданың құрып кетуі. Атланттар даму жолында ерекше рухани күшке ие болып, табиғатты басқаруды меңгерген, кристалдардың энергиясымен қаланы жарықтандырған, ұшқыш кілеммен ұшу құпиясын білген халық болды. Олар өздерін қолынан бәрі келетін Құдайдай сезінді. Сол себепті Ғарыштың Иерерхия Заңын бұзып, соңы ауыр карма тудыратын эксперименттерді жасай бастады. Зерденің күшімен өздеріне қызмет етуші жартылай адам, жартылай хайуан мутанттарды жаратты. Бұл Долорес Кэннонның «Многомерная Вселенная» кітабында қызғылықты баяндалған. Ол кітап Жанат Бақыт ханымның бастамасымен «Он сегіз мың Ғалам» деген атаумен қазақшаға аударылды.
– Ген – Құдайдың коды – дейді Ақ Сарбаз, – Құдайдың кодын өзгертуге тырысқан өркениет жазаланады!
Атлантиданың құрып кетуіне олардың жарату құпиясын меңгеріп, сол қабылетін зұлымдық пен қатыгездік жолына жұмсауы себепші болды.
Қазіргі адамзат өркениеті де клондау тәжірибелері арқылы Құдайдың кодын өзгертуге, яғни өз-өздерін құртуға қадам жасап жатыр.
Демек салқын ақыл, жойдасыз дамыған сана адамды Құдайға қосудан бұрын алыстата түсе ме деймін.
Менің алты жас үлкен ағам болды. Тоқырау кезеңінің өзінде рухани әдебиеттерді іздеп жүріп оқитын, орысша-қазақшаға жетік, өте білімді еді. Тоқсаныншы жылдарда рухани әдебиеттер көбейе бастағанда Алматыдағы қара базардан Сатпремнің «Шри Ауробиндо, или Путешествие сознания» деген кітабын ағама әкеліп бердім. Кітап ағама қатты ұнады. Тіпті осы өмірге кітаптағы көзқарасты зерттеп, дамытуға келгендей сезімде жүрді. Кітап интегральды иоганың негізін салушы үндінің көріпкел ақыны әрі саясаткер-философы Ауробиндоның өмірі мен ілімі жайлы баяндайды. Ауробиндо адамның физикалық денесін нұрландыру үшін, яғни Құдай Нұрын ең төмен деңгейге дейін тартып, клетка санасын ояту жолында өмірінің 40 жылын арнапты. Барлығы 35 том еңбек жазған. Бұл, қарапайым тілмен айтқанда Рух тәннен шығып Құдайға қосылуға емес, Құдайды төмен түсіріп, тәнді ажалсыз етіп түрлендіруге арналған ғылым.
Осы ілім маған түсініксіздеу көрінсе де ағама қатты ұнап, осы жолға ынты-шынтысымен берілді. Ауылына барған сайын әңгімесі осы тақырыпта болатын. Әрине біз інім екеуміз өзіміздің рухани ізденістерімізді ағамызға айтып оның ақыл-кеңесіне құлақ түретінбіз. Бір күні менің қолыма «Ақ Сарбаз» кітабы түсті. Енді мен ағам секілді, өз идеалымды тапқандай ерекше сезімге бөлендім. Бір реті келгенде оқымысты ағама апарып «Ақ Сарбаз» кітапшасын оқуға бердім. Менің өрекпіген көңілімді ағамның кітапқа айтқан бағасы су сепкендей басып тастады.
– Мен бұл кітапқа сенбеймін! – деді ол ашықтан-ашық, – ұлы Индия, Ресей тұрғанда Майтрейя қазақ болып туады дегенге кім сенеді?!
– Мен міңгірлеп қарсы дау айтқан болдым. Бірақ ағамның зердесіндегі кітаби білім мені он орап алатын еді. Аузымды аштырмады.
961 views+185450434426 +185450434426, edited  23:18
Ашу / Түсініктеме
2023-01-12 02:18:18
918 views+185450434426 +185450434426, 23:18
Ашу / Түсініктеме
2023-01-09 18:35:24 Ақыры кітаптың осы жеріне келгенде: «әкесі қызын өзі сүймейтін бай адамға зорлықпен күйеуге беріп жіберді. Байғұс Мэридің өмірі суық төсек, жиіркенішті құшақта өксіп өтті. Алайда ол, өз тағдырын қабылдап, әкесін кешіріп, және Құдайдан әкесін кешіргенін сұрап дұға қылды» деп баяндап жібердім. Бұл енді біздің көне қоғамның кейбір оқиғасымен астасып жатыр еді.
Менің түсінігімде қиянат пен зұлымдық адам жанына азап әкеледі. Қиянаттың құрбаны үшін ол ешқашан «сый» боп табылмайды. XXI-ғасыр адамзаттың ару-аналарының Ғарышқа қол созар ғасыры. Саналы ғұмырды енді бастап жатқанда санамызда сорақы түсініктерді қалыптастыруға әсте болмайды.
«Алтыншы саты халқын, әсіресе алтыншы саты халқының әйелдерін қорғау арқылы, әр адам болашақ құбылуын, ізгі қоғамын, халқын, өзіне өткен өмірден тиесілі тән мен жан қасиетін беретін болашақ анасын қорғайды». («Ақ Сарбаз» кітабы, 8-тарау)
1.3K views+185450434426 +185450434426, edited  15:35
Ашу / Түсініктеме
2023-01-09 18:35:24 «САЯХАТТЫҢ» СОҢЫ
Қысқы каникул кезінде үйдегі екі баламның телефондарын сандыққа салып тастап, демалыста тек қана кітап оқуларын талап еттім. Сабақ кезінде сабақты сылтау етіп телефондарынан айырылмайтын. Енді іштері пысса кітап оқыр бәлкім?
Алайда олардың ішін пыстыра қоятын мүмкіндік болмады. Ауылдың жұмысы толып тұр. Мал төлдей бастады. Шөп салу, боқ алу деген шаруа шыға береді. Қысқы күн қысқа. Кеште, жатар алдында балаларды кітапқа қызықтыру үшін оларға кітапты өзім оқып бермек болдым. Әрі қызық, әрі тәрбиелік мәні бар деп Крайонның «ҮЙГЕ АПАРАР САЯХАТ. Майкл Томас пен жеті періште» деген жаңадан аударылған кітабын оқымақ боп шештім.
Күн сайын жатарда бір тарауын оқимын. Байқаймын балаларыма кітап оқиғасы ұнап келе жатқан сияқты. Кеш болғанда ыждағатпен жинала қалады. Осылайша тоғыз күн өтіп, оныншы бөлімге жеттік. Бұл бөлімде Майкл Томас Алтыншы Үйге жетіп Ақ Періштеден тәлім алатын еді.
Осы жерде мен өзімді шошытқан бір қолайсыз жағдайға тап болдым. Мәселе Мэри есімді қызды әкесінің зорлайтын жеріне жеткенде басталды.
Бұл менің ойлау жүйеме, қазақтық, тіпті адами болмысыма үйлеспейтін қылық еді! Бұрын қалай байқамағам? Бәрі аһ-оһ! деп аударманы мақтап жатқасын «әке» рөлін ойнау үшін туған Рухтың бұл қылмысы еленбей қалған сияқты. Иә, Рухтар Әлемінде, Физикалық Дүниеге келгеннен кейін туысқан боп кездесер Рухтар арасында келісім-шарт жасалатынын білемін. Ал, бірақ есі дұрыс Рух: «мен сенің әкең боламын, бірақ сені зорлаймын» деп келісім-шарт жасаспайды ғой!
Кейбіреулер менімен келіспей: «өмірде әкесі қызын зорлаған жәйттар кездеседі» деп қарсы уәж айтуы мүмкін. Өмір болған соң мұндай азғындық кездесуі мүмкін. Бірақ бұл – ешқандай да адамды тәрбиелейтін келісім-шарт емес! Бұл – қылмыс боп саналады. Бұның кармасы ауыр! Ақ Сарбаз кітабында:
«Еркектік қасиеттен тайып, әйелдер мен балаларды зорлаған, өлтіргендер де ұзақ та сұмдық жазаға кесіледі. Себебі, әлсіздер өз өмірлерін ер адамға қорғаушы деп, сеніп тапсырады». («Ақ Сарбаз» кітабы, 3-тарау) деп жазылған.
Енді мына сорақылыққа қараңыз. Зорланған, қорланған, осының кесірінен күйеуге де шыға алмаған, психикасына үлкен зарар келген Мэри Құдайға қарата былай деп дұға қылады:
«– Өтінем, Құдай! – деп бастады сөзін Мери, – Мен қатты жақсы көрген мына жанды Жер мәңгі ұмытпасын. Ол барлық келісім-шартты орындады. Мен оның сыйын саналы түрде қабыл алдым. Және ол мәңгілік үйіне оралғанда алдын-ала жазылған келісімді орындағаны үшін мадақтағандарыңды қалаймын». (107-бет)
Адам өзіне жасалған зұлымдықты кешіру арқылы зұлым жанмен арадағы кармалық байланысты үзе алады. Бұл – дұрыс шешім.
Алайда Мэридің айтып тұрғаны не сандырақ? Бұл жерде Ғарыштың Карма, Иерархия Заңдары бұзылып тұрғанын ұғу қиындық тудырмайды.
Егер Мэри өзіне жасалған қиянатқа «саналы түрде» рахмет айтып, қиянатшылды сол үшін марапаттағанын қалап тұрса, яғни Крайонның кітабында солай жазылса, бұл – Ғарыш Заңдарын өрескел бұзу болып табылады! Осыны негізге алып зорлықшылар мен қиянатшылар ертең: «мен бар болғаны келісім-шартты орындадым» деп тайраңдап кете берсе, құрбандығы оның артынан рахмет айтып жатса, бұл – «Зұлымдыққа қарсы келме, көне бер» деген ишараны білдірмей ме? Ғарыштың Жеті Заңын мүлтіксіз сақтап келе жатқан Жарық Күштері мұндай қадамға ешқашан бармайтынын болмысым сезеді. Бұның артында кітапты оқушыға білдірмей ғана өздерінің зымиян түсінігін енгізіп жатқан қоңырқай күштер тұрған жоқ па екен?
Түнекшілер туралы тағы да Ұстаздың кітабындағы қағидаларға жүгінемін:
«Түнекшілдер менмендігінен ешқашан арыла алмайды. Иманы жоқ болғасын, сөзіне сай емес қылық көрсетіп ала береді: зұлымдықты жазалау керек болғанда мейірім білдіріп, кешірім жасайтын жерде аяусыздық танытып жатады». («Ақ Сарбаз» кітабы, 4-тарау)
Кітапты оқуды тоқтатуға болмайтын еді. Тыңдарман балаларым көздері бақырайып күтіп отырды. Мен болсам қарадай қысылып барам.
«Бұл балалар ертең бұйырса әке болады. Ал, мен оларға не оқып отырмын!?» деп іштен бір ой жанымды жеп барады.
1.3K views+185450434426 +185450434426, edited  15:35
Ашу / Түсініктеме
2023-01-09 18:35:04
1.2K views+185450434426 +185450434426, 15:35
Ашу / Түсініктеме
2023-01-09 04:11:26 Олар бостандық, теңдік, бауырластық жайлы әдемі әңгіме айтады. Және бұл құндылықтарға азапты эволюция жолымен емес, Карма және өзге де Ғарыш заңдарын айналып жету «мүмкіндігін» ұсынады. Олардың жалған ілімдерінің тартымдылығы, міне, осында.
Сайтаншылдар өз ұйымдарына кіргізу арқылы бостандық патшалығын уәде етеді. «Нұрлы болашақтың кірер қақпасы да біз» – дейді.
Олар пайғамбар атаулының бәрінің есімін жамылып, тіпті өзін Жаратушы ретінде де жариялай береді. Осылай бейберекет ұпай жинау үстінде қалай да бір қате жіберіп алады. Түнекшілдер менмендігінен ешқашан арыла алмайды. Иманы жоқ болғасын, сөзіне сай емес қылық көрсетіп ала береді: зұлымдықты жазалау керек болғанда мейірім білдіріп, кешірім жасайтын жерде аяусыздық танытып жатады». («Ақ Сарбаз» кітабы, 4-тарау)
– Егер Білім Ғарыштан, Жарық Күштерінен берілген болса, онда 1978 жылдың 20 ақпанындағы Ғарыш Шайқасы туралы ақпарат айтылуы тиіс. Өйткені бұл – күллі Ғарыштың тарихын өзгерткен Ұлы Оқиға. Адамзаттың Түнек торынан босап, Алтыншы Сатыға аяқ басуы да осының арқасында мүмкін болды. Әрине Түнек Күштері өзінің қас жауы Ақ Сарбаз туралы, Алтыншы Сатыға таңдалған Қазақ Халқы туралы жұмған аузын ашпайды. Өйткені мұны еш жерде айтпау туралы ақпараттық өлімді жариялаған – өздері.
Қазақ Жері, Қазақ Елі, Ақ Сарбазы туралы бір де бір ақпарат болмаса, онда ол білім күмән туғызады. Шындықты жарым-жартылай әдемі баяндау арқылы да адамды адастыруға болады.
– Сонда адаспау үшін не істейміз?
– Физикалық Дүниеге келер алдында әрбір қазақтың (әсіресе алтыншы сатының) баласының модуліне «Ақ Сарбаз» туралы, қазақтың адамзат алдындағы рөлі туралы ақпарат салынады. Кейбір рухтардың миссиясының өзі – осы жолмен жүру болмақ. Ондай жан Ақ Сарбаз туралы ақпаратқа кездескенде жарқ етіп көзі ашылғандай болады. Алтыншы Сатының баласын әдемі құрастырылған дезинформациямен алдау мүмкін емес.
Осы кезде ойыма Жанат Бақыт чатынан алып зерттеген, Жердегі барлық оқиғалар бейнеленген делінетін карта оралды. Жасанды интеллект құрастырды дейтін сол үлкен картадан шұқшия іздеп 1978 жылғы Ғарыш Шайқасын таба алмап едім. Батыстың барлық «бөжәйі» тұр. Қазақтың елі, жері, Алтыншы Саты, Жерұйық жоқ. Тіпті Трампқа дейін тұр, Тәңіріміз жоқ! Люцифер бар, Ақ Сарбаз жоқ. Картаның сол жақ астында «БЕЛЫЙ ДРАКОН Азиятское Тайное Общество» деп жазылған бірдеңе бар. Бұл қытай шығар деймін.
Ақырында мынандай ой түйдім:
Батыс беріп жатқан бұл рухани білім – өздері үшін ақиқат болуы мүмкін. Өйткені неге сенсең сол ақиқат болмақ. Алайда батыстың шындығында менің елім мен жеріме орын жоқ болса, Ақ Сарбаз ілімі мойындалмаса онда ол – мен үшін шындық емес!
Рухани білім керек. Жаудың стратегиясын білу үшін кейде өмірге жаудың көзімен де қарап көрген дұрыс болады. Алайда уды денеге түгел тарап кетпейтіндей сақтықпен қолдана білсеңіз өміріңізді сақтай аласыз.
Әркім есінде ұстасын: қазір Ғарышта біздің тәніміз үшін емес, жанымыз үшін күрес жүріп жатыр.
БІЛІМ НӘРІ – ЖАҚСЫ. БІРАҚ ТАҢДАМАЙ ҚЫЛҒЫТА БЕРУ – ҚАУІПТІ.
1.3K views+185450434426 +185450434426, edited  01:11
Ашу / Түсініктеме
2023-01-09 04:11:26 Бұл сауалдарды өзімнің де ішім онша қаламай тұрды дедім ғой. Өйткені мұнда Рух туралы ештеңе жоқ еді. Барлығы физикалық дүние тұрғысынан көріп-білуді ғана мақсат тұтқан әшейін әуесқой сұрақтар-тұғын. Осының ішіндегі 5-сұрақты қоюға тіпті ауызым бармады. Ол сұрақ былай дейді:
– Владимир Пятибраттың «Глубинная книга» кітабы 2003 ж. жарық көрді. Кітапта «Ақиқатында Абыл Қабылды өлтірген еді» деген екен, ақиқатын қалай білеміз?
Мен әуелі Ғаламтордан «Глубинная книганы» тауып алып оқып көрдім. Мұндағы жазылған ақпараттар ақымақ оқушының шығармасы сияқты бірдеңе еді. Бұл жерде Құдай – адамзатты құлдыққа салушы тиран түрінде, өзі – адамдарды құтқарушы Прометейдің рухы түрінде бейнеленген.
Әйел – автордың ойынша адамды құрту үшін арнайы жаратылған вампир жаратылыс екен. Бұл былжырақ кітапта Құдайды бұтына жіберіп қоятын қорқақ, Тозақты Құдай шабуылынан тығылу үшін жасалған туннел етіп баяндайды. Логикаға симайтын шатпақты Ұстазға айтып, лох болудың қажеті қанша?
Қазіргі таңда бөгдепланеталықтармен байланысудың ЧЕННЕЛИНГ деген әдісі шықты. Транс жағдайында өз денесін ақпаратөткізуші құралға айналдырып том-том кітап жазып, жазушы атанған адамдар бар.
Психотерапевт Майкл Ньютон өз клиенттерін регрессивті гипноз әдісімен, оның Рухының Жан Әлеміндегі көрген-білгенін ауызба-ауыз тыңдап, жазып баяндайды. Бұл жерде баяндаушы субьект – тікелей Жер адамы.
Ал, Долорес Кеннон гипноз сәтіндегі клиенттің денесін пайдалана отырып басқа да Рухтардан ақпарат алуға тырысады. Оның Атлантида туралы ақпараттары өте қызықты.
Ченнелинг әдісімен жазылған кітаптар:
ЛИ КЭРРОЛЛ арқылы берілген КРАЙОН есімді денесіз Рухтың 14 кітабы.
Амора Гуань-Инь «Плеядеанская история Человечества»
Барбара Марсиниак «ПРИНОСЯЩИЕ РАССВЕТ. Послания из Плеяд»
Георгий Бязырев. «История гуманоидных цивилизаций Земли»
Осы кітаптардың кейбірін тиіп-қашып оқып шығып едім. Реті келгенде осында жазған ақпарат туралы да сұрауға бел байладым:
– Аға, айтыңызшы мұндағы мен оқыған рухани кітаптарда: «бұрын адамда ДНК шиыршығы 12 болған екен. Түнек Күштері онын алып тастап екеуін қалдырыпты. Болашақта ол қайта қалпына келеді дейді. Қасиет көздері – чакра да 12 екен. Жетеуі адамның ішінде, бесеуі сыртында» дейді Сол рас па?
– Бұл – жалған! – деп жауап берді Ұстаз. Адам рухани әдебиетті оқығанда аса сақ болуы керек. Мұндағы ақпараттар мен «жаттығулар» сенің бойыңдағы тербеліс ырғағын бұзып, басқа ырғақ қалыптастырады. Сол арқылы Түнек Күштері сенің қуатыңды сорып отыруы әбден мүмкін. Түрік Әлемі туралы тамаша еңбектер жазған жазушы Мұрат Әджі осындай білімге ден қоям деп өмірлік қуатынан айырылып, ауыр науқастан қайтыс болды. Мен оған көмектескім келген, алайда ол ізденемін деп жүріп жаза басып, рух қуатын сарқып алған боп шықты...
Ченнелинг әдісімен берілген білімнің дезинформация емес екенін, Түнектің арнайы жоспарымен адамзатты адастыру үшін жіберілмегенін қалай анықтай аламыз?
«Ақ Сарбаз» кітабында бұл туралы былай дейді:
«Өркениеттер Ғарыш Заңын бұлжытпай ұстанатындар және Ғарыштың басты Эволюция және Карма заңдарын бұзатындар болып екіге бөлінеді. Жатпланеталықтардың Жер адамдарымен жасаған рұқсатсыз қатынастары – Түнек Иерархиясы қылмыснамасының жалғасы.
Жер адамдарының не басқа да тіршілік иелерінің кармасына араласпау заңы бір ғана жағдайда бұзылуы мүмкін. Қандай да бір өркениет өзін-өзі жоюға бет алған жағдайда ғана Ғарыш зерттеушілері, Ғарыш Бауырластығының санкциясымен болажақ апат себептерін кеңінен зерттей алады. Бұл Ғарыш мұрағаттары мен бұндай құбылыстардың алдын алу үшін қажет.
Сенушілер ендігі жерде Жер планетасы – Ғарышта талқандалған барлық түнек күштерінің ең соңғы тұрағы екенін естен шығармауы керек. Сондықтан жалған пайғамбарлар, беймәлім ғарыш нысандарынан түскен ғажайып иелері – жалған жатпланеталықтар көптеп пайда болмақ. Олар Ұлы Ұстаздар салған жолмен жүріп, солардың сөзін қасиетті мекендерде қайталауға әуес. Осылайша жалған ұқсастықтарды қисапсыз көбейту арқылы өздерінің қас жауының аяғын тұсамақ ниетте.
1.3K views+185450434426 +185450434426, 01:11
Ашу / Түсініктеме
2023-01-09 04:11:26 БІЛІМ НӘРІ – ЖАҚСЫ. БІРАҚ ТАҢДАМАЙ ҚЫЛҒЫТА БЕРУ – ҚАУІПТІ.
Жасырақ кезімде тойда асаба боп жүргенде:
«Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын», «Асылдың азы жақсы» деп елдің қысқа да нұсқа сөйлегенін қалайтын едім. Кейін рухани ізденіс жолында қысқа да нұсқа баяндалған рухани білімді Ақ Сарбаз кітабынан таптым.
Кітаптан алған білімімді байытып, кеңейту мақсатында осыған ұқсас ілімдерді тауып оқи бастадым. Мұндай кітаптардың саны бұл күнде жетіп артылады. Әсіресе жаңа ғасырмен ілесе келген әлемнің рухани кітаптарының аудармасы орыс тілінде толып тұр. «Ақ Сарбаз» кітабын тереңірек түсінуге көмегі болар деп М.Ньютонның «Путешествие души», «Предназначение души» кітаптарын орыс тілінен қазақшаға аударылуына күш салдық. Ол кітаптарды жазушы-ақын Нұрлан Сәдір тамаша аударып шықты.
Қазағым рухани білім жинақтауда жалғыз діни көзқараспен шектеліп қалмай, әлемдегі түрлі рухани даму жолдарын да білгені жөн деп есептеймін. Бұл жолда Жанат Бақыттың да еңбегі зор. Ол ретін тауып тауып, Долорес Кеннонның «Многомерная Вселанная», «Между жизню и смерти» кітаптарын қазақшаға аудартты. Крайонның «Путешествие домой» (Майкл Томас туралы) романын қазақшалап, оқырмандарын үлкен әсерге бөледі.
Жалпы Жанат Бақыт чатына кіре қалсаңыз, ондағы рухани кітаптар мен олардың аудиосынан сүрініп-жығыласыз. Тіпті оның оқырмандарынан Ақ Сарбазға осындағы кітаптарға қатысты жазбаша сұрақтар да қойылып жатады. Мен кеше осы сұрақтарды өзімнің ішім онша жақтырмаса да, Ұстазбен телефон арқылы сөйлескенде «елдің білгісі келгені» деп қойып көрдім.
Ендігі әңгіме сол туралы:
1-сұрақ:
– Біз Венера, Марс, Малдекте тұрғанымызды анықтадық. Оған дейін қайда болдық?
Ақ Сарбаз:
– Менде бұл туралы ақпарат жоқ. Адамзаттың бір бөлігінің Марстан келгені шындық. Марсты зерттеуге жіберілген аппараттың көмегімен ондағы дәл жердегідей пирамиданы, Мысыр Құдайларының мүсіндерін, шашылған адам сүйектерінің фотосы алынған. Және ондағы адамдар азиат тектес болған. Қазір бұл туралы айтуға тиым салынды. Өйткені адамзаттың Ғарыштан келгені осындай айғақтармен дәлелденсе, Жерді уысында ұстап отырған күштердің діни өтіріктері ашылып қалады. Сөйтіп олар қорегінен айырылып қалмас үшін мұндай шындықтарды барынша бүркемелеуге, немесе өзгертіп қабылдатуға тырысады.
2-сұрақ:
– Айды Түнектер басқарып отыр дейді, олар босап жатыр ма?
Ақ Сарбаз:
– Бұл – өтірік! Ай – Жердің қорғаныш қалқаны. Егер Ай болмаса Жер метеорит тоқпағының астында қалар еді.
3-сұрақ:
– Ақ сарбаздың Үркерлікке (Плеяды) қатысы бар ма?
Ақ Сарбаз:
– Жоқ.
4-сұрақ:
– Крайонның «Алхимия человеческого духа» кітабында еврейлерді: «астрально чисткровные» дейді. Осыны қалай түсінуге болады?
Ақ Сарбаз:
– Бұл да өтірік! Сезімі таза адамдар ақшаға табынбайды. Ақшаны Құдай қылмайды.
1.4K views+185450434426 +185450434426, 01:11
Ашу / Түсініктеме
2023-01-09 04:11:05
1.4K views+185450434426 +185450434426, 01:11
Ашу / Түсініктеме