Get Mystery Box with random crypto!

Жақындарымнан қолдау таппағаныма қатты ренжідім. Мені қолдап, | Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері

Жақындарымнан қолдау таппағаныма қатты ренжідім. Мені қолдап, қолпаштайтын, түсінетін ешкім болмаған соң шыдай алмай Алматыға, Ақ Сарбазға хат жаздым. Хатта оқымысты ағамның кітап туралы пікірлерін баяндап, мендегі сенімнің дұрыс екеніне рухани қолдау беруін өтіндім. Бір ай өтті. Ақ Сарбаздан жауап болмады. Сәуір айының аяғы, Жайық тасып, су келіп жатқан уақыт. Бір күні желіндеп тұрған сиырым орманнан келмей қалып, іздеп бардым. Сиырды тауып алып ауылға айдап едім, су келіп құйып жатқан терең сайдан тіке жүзіп өтпейсің бе. Сайдың басын айналып келейін десем кері қашып кеткелі тұр. Тәуекел деп үстімдегі қалың киім, етігіммен суға түстім. Сайдың ортасына келгенде бой жоқ екен. Жүзейін десем етігім аяғымнан жартылай шешіліп, пальтом ауырлап қол-аяғымды сермеуім қиянға айналды. Бата бастадым. Сайдың арғы беті жарқабақты терең екен. Судың шетінде менің батып бара жатқаныма самарқау көз салып сиырым тұр. Оған таяқ тастам жерде мен батып-шығып жанталасып жатырмын. Бір мезгілде бір етігім шешіліп аяғым сермеуге келіп кішкене алға жылжыдым. Бір кезде жерге аяғым тиді. Сүйретіліп судан әрең шықтым. Сиыр да соны күтіп тұр екен. Зу етіп кері өтіп кетті. Оған қарайтын жағдай жоқ. Жалғыз етікті де лақтырып, 3 шақырым жердегі ауылыма буым бұрқырап шақ жеткенмін.
Жазда Ақ Сарбазды іздеп бардым. Ұстаз салқын қабылдады. «Сенің хатыңды оқып: «бұл жігіт әлі піспеген екен» деп ойладым» – деді. Мен өз ниетімнің ақ екенін, Ұстаз Ілімін қолдайтынымды айтып ақталған болдым. Осы кезде есіме кітаптағы:
«Рухани түлеген адам кармасының өзгеруі әуелі әулетінде, сосын қызметінде, қоғамдағы карма байланыстарының өзгеруіне, күрделі өтпелі процестерге әкеліп соғады. Рухани жолға түскендер үшін: «өз отанында пайғамбар жоқ», «жақының – жауың» деген сөздер бекер айтылмаған.» («Ақ Сарбаз» кітабы, 3-тарау) деген жолдар түсті.
Расында мен Ақ Сарбаз Іліміне күмән, күдік келтіруден аулақ едім. Оны маған күштеп таңғандай болған жақын ағамның қылығы еді. Сол күмән мен күдікті – жағымсыз көзқарастағы пікірді Ұстазға жолдауым үлкен ақымақтық болды. Соның кармасы мені суға кетіре жаздады. Бұл туралы Ұстазға айтқан жоқпын. Алайда ауылға аттанарда Ұстаз:
– Егер тағы да бір рет өткендегідей хат жазатын болсаң, жағдайың бұрынғадан да жаман болады – деп ескертті.
Ал, мен жақсы көретін оқымысты ағам ауырып, қайтыс болды. Үйленіп те үлгермеді. Оның ауруы емделуге келетін ауру еді. Неге дұрыс емделмегенін әлі күнге түсінбеймін.
Кейін Ауробиндо ілімі туралы әңгіме болғанда Ұстаз:
– Түнек Күштерінің адам Рухын торға түсіру, кідірту амалдарына сан жетпейді – деді.
– Рухани кітаптардың қайсысы Түнектен, қайсысы Жарық Күштерінен екенін қалай ажыратамыз? – деп сұрадым.
– Жүрекпен. Адамға жан-жақты көзқарасты дамыту үшін рухани әдебиеттерді оқу керек. Рухани білім керек. Ғаламдағы барлық құбылыс Ғарыштың Жеті универсалды Заңымен қозғалып дамиды. Жарық Күштері осы Заңдарды бұлжытпай сақтауымен, Түнек Күштері осы Заңдарды бұрмалауымен ерекшеленеді.
Осы күні ойлаймын: мені талай қатер мен қиындықтан Ұстазға деген сенімім мен берілгендігім сақтап келе жатыр-ау деп.
Адам бойында заңғар ақыл, шексіз білім, қабылет-дарыны болғанымен Құдайға деген сенімі мен берілгендігі болмаса түбі Люцифер секілді тағдырға ұшырауы ғажап емес қой!
Тәңірімен табысқысы келмейтін, өзінің Түпкі Табиғатын тапқысы келмейтін Жан жоқ деп ойлаймын. Алайда өз эгоңызды жеңіп, Крайон айтпақшы құбыжығыңызды жеңіп, болмысыңыздағы Құдайды аршып алуға махаббатыңыз жете ме?