Get Mystery Box with random crypto!

Кейде Кейде уақыт жетпейді, кейде күш, кейде шабыт, кейде көң | Zhantore Rakymbek

Кейде

Кейде уақыт жетпейді, кейде күш, кейде шабыт, кейде көңіл... Бірақ не болса да жақсы істер, жақсы нәтижелер жалғасып жатады. Сонда жақсылық толықтай Алладан екеніне көз жетеді. Болып жатқан жақсылықтар менің арқамда емес, мен соған мұқтаж болғандықтан екені айдан анық болады.

Ал асығып, ақылдаспай, ақылсынып жасаған шешімдерден туған қателіктер нәпсімнен екеніне де еш күмән жоқ. Бірақ бұл қателіктерге де мұқтаждық бар. Бала қолы күйгенде оттың ыстық екеніне көзі жетіп, анасы айтқан ақылды бағалағаны секілді, Аллаға қайту үшін де қателіктер бір нұсқаушы рөлін атқарады.