Get Mystery Box with random crypto!

Суық пен жылы Сондай сөздер бар – Сүйектен өтеді. Еске түскен | Zhantore Rakymbek

Суық пен жылы

Сондай сөздер бар –
Сүйектен өтеді.
Еске түскенде
Тұла бойды
Суытып жібереді.
Қандай ыстық болса да,
Жылыта алмайды.

Сондай сөздер бар –
Жүрекке жетеді.
Еске түскенде
Жан дүниені
Жылытып жібереді.
Қандай суық болса да,
Тоңдыра алмайды.