Get Mystery Box with random crypto!

Біраз уақыттан соң олар бір ауыздан:  - Майкл Томас, бүгін біз | Жанат Бақыт

Біраз уақыттан соң олар бір ауыздан: 
- Майкл Томас, бүгін біз саған жаңа есім береміз. Біздің әлемімізге саяхатқа келгенде сен бізге «Ақжүрек Майкл Томас» есімімен танымал едің. Сен енді адам да Періште де емес, жоғарғы толқынды жансың. Енді сенің есімің «ҚАЗІРГІ ЖАҢА МАЙКЛ». Бұл есімде «Қазіргі сәт» толқыны бар, бұл есім біз бере алатын мақтаулы есімдердің бірі. 
Майклға бұл есім күлкілі естілді, бірақ Періштелер оның жаңа толқынына таңырқай, шын ниетпен айтып тұрғанын ұқты.
Керемет бұлт одан әрі жарқырап, алмаздың формасына ие болды да Майклдың төбесіне көтеріліп жарық сәулеге толтырды.
Бұл сәулеге шомылған Майкл жаратушының бөлшегіндей керемет күйде болды. Оның әр жасушасы ләззатқа бөленді, бүкіл тәніне «сәттілік пен шүкіршілік» дарыды. Кенет Майкл қонақ үйге қайту керектігін түсінді.
Періштелер тағы бір жолдау айтқалы жатқанда, Майкл өз бөлмесіндегі позада отырған күйіне қайтып жатты, ал оның  құлағына: 
- «ҚАЗІРГІ ЖАҢА Майкл, СЕНІ БӘРІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ» дегені естілді.
Керемет!!!!!!  Періштелер әлеміне саяхат жасағаны рас!!! Барлық алған білімі, қасиеттері өзінде қалды.  Қызық, Жерде осындай жағдайда қанша адам жүр екен деп ойлады Майкл.
Майкл әбден шаршады. Ол душта тұрып ұйықтап қала жаздап, керуетіне әрең жетті.
Келесі күні Майкл жаңа өмірге дайын болды. Ол балконға шығып, жан-жағына қарады. Ешқандай шектеу жоқ, не істегісі келсе де өзі біледі!!! Майкл көп қасиеттерге ие болғанын білді, нені игеру керегін де білетін. Іштей ескі толқында жүрген достарына өз энергиясымен көмек беру керегін түсінді. Ол асықпады, әрі уайымдаған жоқ. Оның ішінде махаббат пен ғасырлар даналығының түсінігі бар еді.
Жұмыс табу ол ойлағаннан да оңай болды. Үлкен компанияларға білікті, әрі адал сату агенті әрқашан қажет. Ал Майкл олқасиеттерге ие, оның әр сөзі мен қимылы соны көрсетіп тұрды. Ол өзіне жаңа киім алып, деңгейін жоғары ұстады.
Майкл ірі компаниялардың бірінің офисіне келіп, «Вакансия жоқ» деген нұсқауға қарамай, өзіндей маман оларға керек деген сеніммен кірді. Он минут өтпей ол сол компанияның қызметкеріне айналды.