Get Mystery Box with random crypto!

Рас, Майклдың тәні, денсаулығы бұрынғы күйімен салыстыруға кел | Жанат Бақыт

Рас, Майклдың тәні, денсаулығы бұрынғы күйімен салыстыруға келмейді. Әрі ол сол тәнін қалай машықтау керегін де білді. Жасыл мықты ұстаз болды! 
Күлгіннің кезегі келді. 
- Енді сен Жаратушы жоспарының бірі болдың Майкл, сенде мақсат пен жауапкершілік бар. Енді тағдырыңды өзің құрайсың және ол туралы уайымдаудың қажеті жоқ. Сен жанұяңның ортасындасың! 
Майкл Күлгіннің айтқан сөздері рас екенін түсініп тұрды. Ол расында да келешегін уайымсыз құратынын біледі. Майкл  өзін жанұясы қолдайтынын біледі, әрине өз уақытында.
Қызыл періште:
- Майкл, енді сен бұрынғыдай болмайсың. Ешқашан. Ниетің сені түбегейлі өзгертті.
Бұл да рас! Майкл ешқашан артқа қайта алмайды. Ол өзгерді. Тіпті пәтері бөтен біреудікі секілді, ал ескі киімдерді мұқтаж адамдарға беру керек деп шешті. Майкл өзгерді! 
Сөз кезегін тағы Ақ періште алды: 
- Майкл, сен  Жаратушының мінсіз бөлшегісің. Сені бәрі шексіз жақсы көреді, әрі сен де айналаңдағыларға сондай махаббатты бере аласың. Дегенмен саған тағы бір басты қасиетті үйрену керек! 
«Ол қалай сонда? Неге Ақ маған ылғи жұмбақтап айтады?» 
Сөз кезегін Алтын түсті періште алды: - Майкл сен періште сияқты болғым келеді деп едің? Сен менің үйімде не үйрендің?
 Сен – Жаратушының бір бөлшегісің, планетаға ең жоғарғы вибрация таратушысың. Жаратушының нұры түскен, ешкім біле бермейтін, адам кейіпіндегі періштесің. 
Майкл «Періште сияқты болғым келеді» дегенде, өзінің Періште екенін білмеп еді. 
Сөйтіп бәрі бір ауыздан Майклға «осы жердің бәрі ҮЙ»  деген ойды жеткізді.
-Бұл жерге түскен себебің, осы жерге сұрануыңда еді. Бұл - сенің туған үйің, сен планетаға пайдаңды тигізе аласың. Сұрағаныңның бәрін алдың. Сен - жарық күшінің сарбазысың. Мери сияқты Жаратушының толқынын бере аласың. Сен құбыжықты жеңіп, Алтын түсті қабылдадың, сен ғасырлар бойындағы даналықты алдың!
Бәрі айтылмаса да Майкл әрі қарай әңгіменің не туралы болатынын біліп тұрды. Періштелер формасынан кішірейіп, түрлі-түсті бұлттарға айналып, жақұт тәрізді жарқ етіп керемет құбылысқа ие болды. Жарқырап, түсі ауыспалы бұлттар керемет көріністе суреттеліп тұрды. Майкл періштелердің кеңесіп жатқанын түсінді.