Get Mystery Box with random crypto!

Майкл өзінің жаңа болмысымен бірлесіп, “Мен өз «Үйімдемін” дег | Жанат Бақыт

Майкл өзінің жаңа болмысымен бірлесіп, “Мен өз «Үйімдемін” деген  сенім санасына ақырын ене бастады. Жаңа жұмыс тұрақты кіріс беретінін біліп, өзіне үй қарастырды. 
Ал Үшінші күні таңертең душта тұрғанда оған бір ой келді. 
Ақ періштенің айтқан сөзін Майкл сол кезде түсінгендей.
«Саған енді басты Қасиетті ашу керек!» деген еді…
 Майкл оның не айтқысы келгенін енді түсініп, көзіне жас алды. 
«Ол Қасиеттердің ішінде ең Ұлысы. Ондай Қасиет тек АДАМДАРҒА ғана беріледі» деген еді.  
Майкл оны ол кезде түсінбеді.
Енді ұққандай.
Оған алдында қаншама жол ашылатынын түсініп, душта тізерлеп отырып алғысын жаудыра бастады.
Майкл ол Қасиеті ашылса не боларын елестеткенде қуанғаннан жүрегі дүрсіл қағып кетті.