Get Mystery Box with random crypto!

@Zhanalyqtar_Kz

Telegram арнасының логотипі zhanalyqtar_kz — @Zhanalyqtar_Kz Z
Telegram арнасының логотипі zhanalyqtar_kz — @Zhanalyqtar_Kz
Арна мекенжайы: @zhanalyqtar_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Бізбен бірге бір толқында болыңыз!
Барлық сұрақтар бойынша: @Pavel_Duroff

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-05-09 14:17:33 Қазақша, шет ел, хит әндерді оп-оңай табатын Қазақстандық бот ашылды Оңай әрі ыңғайлы бот Рахаттарыңызға қолданыңыздар

@toretammusic_bot

@toretammusic_bot

@toretammusic_bot
4.4K views11:17
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 05:02:02
Израиль қарулы күштері Әл-Ақса мешітіне ауызашар уақытында баса-көктеп кіріп, мешіт келушілеріне жасауратқыш газ шашып, травматикалық қарулармен от атты...

Рамазанның соңғы күндерінде әлем мұсылмандары үшін дұғада болайық

Соңғы жаңалықтар осында
6.3K viewsedited  02:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 00:33:39
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ БАУЫРЛАР! ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ТІЛЕГЕН ДҰҒАЛАРЫҢЫЗ, ҰСТАҒАН ОРАЗАЛАРЫҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН

ОСЫ БІР ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА СӘБИІМІЗДІҢ АЯҚҚА ТҰРЫП КЕТУІНЕ ОТБАСЫҢЫЗДЫҢ АТЫНАН ЕҢ БОЛМАҒАНДА 100/500/1000тг САДАҚА ҚЫЛСАҢЫЗ

"Кішкентай періштенің арман тілегі арман тілегі көп , Сол тілектердің орындалуына себепкер болуларыңызды АЛЛА разылығы үшін сұраймыз."

Диагнозы ДЦП СПАСТИКАЛЫҚ ДЕПЛЕГИЯ.

БАРША МЕЙІРІМДІ ЖАНДАРҒА АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН
АҒАЙЫНДАР, БАУЫРЛАР КІШКЕНТАЙ ПЕРІШТЕНІҢ АРМАНЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА , ЖҮРІП КЕТУІНЕ СЕБЕПШІ БОЛЫНЫЗДАРШЫ. ӨТІНІШ ҚОЛДАРЫНЫЗДАН КЕЛГЕНШЕ КӨМЕК БЕРІНІЗДЕРШІ


Каспи голд:
8 (707) 451 47 34

4400 4301 5369 6320
Улболсын Ж.
6.6K views21:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 09:30:50 ​​ Қазақстандықтар Қадір түнін мешіттерде өткізе ала ма? Діни басқарма жауап берді.


Қазақстандықтар 8-9 мамыр аралығында ел мешіттерінде Қадір түнін қарсы ала алмайды.Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының үндеуінде коронавирустық инфекция қаупі әлі де азаймағаны айтылады, бұл кез келген жаппай жиындарда зиянын тигізуі мүмкін.

"Елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, қауіпті аурудың таралуына жол бермеу үшін Қадір түні мешітте онлайн режимінде өткізіледі. Біз барлық мұсылманға Қадір түнінде үйде болуды ұсынамыз", - деді ҚМДБ.

Діни басқарма адамдардың денсаулығы мен өмірі ең маңызды және қымбат екенін, сондықтан барлық қорғаныс санитарлық шараларын сақтау керектігін атап өтті.

ҚМДБ Қадір түніне арнайы онлайн бағдарламасын ұйымдастырады. Бағдарлама Хабар республикалық телеарналардың эфирінде, сонымен қатар әкімшіліктің әлеуметтік желілерінде көрсетіледі.

Биыл қасиетті Рамазан айы (Рамазан) 13 мамырға дейін жалғасады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 

Мұсылмандар бұл түнді құлшылықпен өткізуі керек. Күнәлары үшін кешірім сұрап, тәубе етеді.

Бұл түнде ұйықтауға, балағат сөздер айтуға, көңіл көтеретін жерлерде уақыт өткізуге және көңіл көтеруге кеңес берілмейді.

Соңғы жаңалықтар осында
7.7K views06:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 07:29:16
Бүгін - ерекше мереке, Қарулы күштер күні.

Айтулы күнмен барлық ер азаматтарды құттықтаймыз! Әрбір ер жігіт өз отбасының абыройлы, айбынды азаматы болсын. Қыздардың қолдаушылары және қорғаушылары болып жүре беріңіздер!

Мейрамдарыңызбен, жігіттер!

Соңғы жаңалықтар осында
8.7K viewsedited  04:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 18:40:53
Елімізде Екінші дүниежүзілік соғыста болған 665 ардагер бар.

Басқа санаттағы ардагерлер:

- Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 74 адам;
- концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 221 адам;
- ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдері (күйеулері) – 2 296 адам;
- ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 10 адам;
- тыл еңбеккерлері – 89 385 адам;
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер– 21 569 адам.

Айта кетейік, биыл Жеңіс күніне орай Нұр-Сұлтандағы ардагерлерге бір миллион теңгеден беріледі.

Соңғы жаңалықтар осында
9.4K viewsedited  15:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 10:07:40
Covid-19 вакцинасынан кейін алматылық қайтыс болды деген ақпарат тарады.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қырық екі жастағы Бақытжан Нұртазиннің өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізуді тағайындады, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, ер адамның жағдайы үйде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Бұл күні Бақытжан Нұртазин Covid-19 вакцинасының екінші компонентін алған.

«21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен», – деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасы.

Соңғы жаңалықтар осында
9.9K viewsedited  07:07
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 14:35:25
Алматыда ҰБТ қалай өтеді? Дәрігерлер жауабы.

«Барлығы үш тестілеу залы болады. Күн сайын ҰБТ-ға 600 оқушы жіберіледі. Залға отырғызу кезәнде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар ескеріледі», - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі Дина Суханберлиева.

Сондай-ақ, ҰБТ өткізу орындарында медициналық пункт және желдеткіш жүйе орнатылған. Оқушыларға бөтелкедегі су таратылады.

Барлық оқушы кіреберісте бетперде тағып, қолдарын арнайы сұйықтықпен өңдеп, термобақылаудан өтуі керек.

Соңғы жаңалықтар осында
11.6K viewsedited  11:35
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 10:46:36 ​​Таныстарына қарап вакцина салдыратындар көбейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бір күнде вакцина салдырғандар қатары 117 мыңнан асқан.

"Қазіргі таңда шамамен 1,4 миллион қазақстандық вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Бірінші компонентті салдырғаннан кейін 15-інші күні ағзада антиденелер пайда бола бастайды. Вакцина барлық өңірде бар, жеткілікті. Мысалы, кеше бір күнде 117 мың адамға вакцина салынды. Вакциналау біртендеп қарқын алып келеді. Ең бастысы, біздің азаматтар қазір таныстарына қарап, олардың вакцина салдырып, ешқандай асқыну болмағанын байқап, белсенділік танытып жатыр. Бастапқыда азаматтарымыз аздап сенімсіздік танытқан болатын, оны бәріміз білеміз", - деді Цой.

Сонымен қатар, министр вакцинаның екі компонентін де алғандар ғана толық вакциналанған азамат болып есептелетінін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда қазір коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина бар. Олар - ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және Hayat-Vax қытай технологиясымен өндірілген араб вакцинасы.

Соңғы жаңалықтар осында
12.5K views07:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 14:03:33
Елімізде азық-түлік тауарлары қымбаттады.

Сәуірде еліміздегі инфляция 0,9% болды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Өткен айда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары 1%-ға, ақылы қызметтер 0,5%-ға қымбаттаған.

Оның ішінде қызылшаға баға – 17,1%, картопқа – 12%, сәбізге – 10,5%, күнбағыс майына – 2,7%, қантқа – 2,5%, тауықтың сирағына – 2,3%, жаңа жиналған жемістерге – 2%, минералды және ас суына – 2% жоғарылаған.

Ал қияр бағасы – 9,6%, апельсин – 1,5%, қызанақ – 1,1%, күріш – 0,6%-ға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар осында
17.8K viewsedited  11:03
Ашу / Түсініктеме