Get Mystery Box with random crypto!

@Zhanalyqtar_Kz

Telegram арнасының логотипі zhanalyqtar_kz — @Zhanalyqtar_Kz Z
Telegram арнасының логотипі zhanalyqtar_kz — @Zhanalyqtar_Kz
Арна мекенжайы: @zhanalyqtar_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Бізбен бірге бір толқында болыңыз!
Барлық сұрақтар бойынша: @Pavel_Duroff

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-06-12 19:37:09
Әлем ғалымдары арасындағы жер шарындағы бесінші мұхиттың бар-жоғына қатысты он жылға созылған дауға нүкте қойылды.

Ұлттық географиялық қауымдастық географы Алекс Тейт бесінші мұхит ғалымдар арасында бұрыннан мойындалғанын атап өтті.

Оның айтуынша, көптеген жылдар бойы сарапшылар Антарктида айналасындағы суларға атау қою үшін олардың ерекше сипаттамалары бар-жоғын немесе бұл көрші мұхиттардың жалғасы болуы мүмкін деген пікірталастар болыр келген. Алайда Тейт бұл пікірталастарды «географиялық адасу» деп атады.

Сондай-ақ, National Geographic теңіз атауларын Халықаралық гидрографиялық ұйымның (ХГҰ) үлгісімен қолданады. 1937 жылы ұйым Оңтүстік мұхитты мойындады. Бірақ 1953 жылы бір шешімге келе алмағандықтан, бұл тұжырым ғылыми қоғамдастықтың қысымымен жойылған.

Соңғы жаңалықтар осында
883 viewsedited  16:37
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 17:18:13
МЕГА ҰТЫС!!!

Дәл қазір төмендегі сілтемеге кіріп, 4000 ТЕҢГЕ бонусты алып үлгеріңіз! Және тезірек ақшаңызды шешіп алыңыз!
1.6K views14:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-12 13:20:35
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлерінің мәртебесі, білім деңгейі және олардың жаңа киім кию үлгісі туралы айтты. Жыл соңына қарай полиция қызметкерлерінің формасына кроссовка және берцы түріндегі аяқ-киім енгізіледі.

Министрдің айтуынша, олардың бірінші кезекте білім деңгейі, одан кейін халық алдындағы жауапкершілігі. Үшінші кезекте олардың формасының да маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, ол патрульдік полицейлердің түнгі уақытта алыстан көрінуі үшін шағылысатын элементтері бар киімдер де қарастырылатынын және арнайы киімдерге қаржының қалай бөлінетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар осында
2.8K viewsedited  10:20
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 18:32:15
Картоп бағасы неге қымбат?

Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жауап берді. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда өткен жылғы картоп 200 теңгеден сатылуда. Алайда тұрғындар жаңа жиналған картопты сатып алғысы келеді. 

«Мысалы, картоп Өзбекстан мен Қырғызстаннан келеді. Әрине, ол қымбат. Қазір шаруалар өткен жылғы картопты сатып жатыр. Олар оны әрі қарай сақтай алмайды. Бірақ адамдар жаңадан жиналған картопты сатып алғысы келеді», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар осында
1.2K viewsedited  15:32
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 16:12:52
ҰТЫС ҰТЫС ҰТЫС!!!

Осы қазір төмендегі сілтемеге кіріп, 4000 ТЕҢГЕ бонусты алып үлгеріңіз! Және тезірек ақшаңызды шешіп алыңыз!
2.0K views13:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 08:21:04 ​​ Қызылорда облысында төтенше жағдай енгізу ұсынылды.

Қызылорда облысында құрғақшылық пен мал азығының болмауына байланысты төтенше жағдай енгізілуі мүмкін. Арал ауданының әкімдігі ұсыныс жасады. Онда 500-ге жуық мал қырылды.

Өлген жануарлардың өлекселері сараптамаға жіберілді, ал қалғандарын құтқару үшін жергілікті билік азық-түлікті төмендетілген бағамен жеткізуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қазір билік тексеру нәтижелерін күтуде. Төтенше жағдайды жариялау үшін әртүрлі органдардың келісімін алу керек.

“Біз есептедік: ауданымыздың малын азықтандыру үшін 7 520 тонна шөп қажет. 560 т әкелді. Бағаны төмендету үшін біз жеткізу шығындарын өз мойнымызға алуды жоспарлап отырмыз. Аз қамтамасыз етілгендерге азық тегін беріледі. Біз бұл шығындарды есептейміз”, – Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.
Бұған дейін дәл осы Арал ауданында қой қырылып жатқанын хабарладық.

Соңғы жаңалықтар осында
3.9K views05:21
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 19:16:23
Оңтүстік Кореяда жолаушылар автобусы бес қабатты ғимараттың қасына тоқтаған кезде нысан құлаған.

Автобус ішінде 17 жолаушы болған. 9 адам көз жұмды, 8 адам жарақаттанды.

Ғимарат негізінен жоспарлы түрде қиратылуы тиіс еді. Оқиғаға дейін жұмысшылар бірдеңе дұрыс еместігін сезіп, демонтажды тоқтатып, кетіп қалған.

Соңғы жаңалықтар осында
4.9K viewsedited  16:16
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 11:02:33
Сенат Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға алу шартына түзетулерді қабылдады. Ол Ресей тарапына ғарыш айлағын жалға алуды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.

Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде "Байқоңыр" кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-мәдени әлеуетін сақтауға, тиімді пайдалануға және дамытуға мүмкіндік беретін бұрын қабылданған міндеттемелерді үйлестіру күтіледі деп көрсетілген. Сонымен қатар, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделген.

Соңғы жаңалықтар осында
5.5K viewsedited  08:02
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 19:34:33
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы" қаулыға қол қойды.

Оның ішінде:

- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

- мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;

- әйелдерге қатысты кемсітуді жою;

- бірлесу бостандығына құқық;

- пікір білдіру бостандығына құқық;

- адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;

- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

- адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.

Соңғы жаңалықтар осында
6.2K viewsedited  16:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 11:51:02
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды тағы да қатаң сынға алды.

Мәжіліс отырысында 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берілген. Депутаттар тарапынан Алексей Цойға сұрақ қойылған. Әйтсе де министрдің жауабы Мәжіліс спикерін қанағаттандырмаса керек.

«Алексей мырза, Еуропаны не қыласыз? Еуропаны еуропалықтарға қалдырсаңызшы. Өз міндетіңізбен айналысыңыз. Сізге окоптан шығу керек. Құрметті министр, сізге халықтың алдына шығатын уақыт келді. Бас санитарлық дәрігердің қаулысын желеу етіп, адамдармен сөйлесуді қойдыңыз. Ауруханаларға, емханаларға, әсіресе, аудандарға барып қайтыңыз. Сол жерде кезекте омалып отырған адамдармен сөйлесіп көріңіз. Сол жерде медициналық көмектің сапасы жайлы көп білер едіңіз»,– деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, министр келтірген статистиканың бәріне сене беруге болмайды. 

Соңғы жаңалықтар осында
6.5K viewsedited  08:51
Ашу / Түсініктеме