Get Mystery Box with random crypto!

@Zhanalyqtar_Kz

Telegram арнасының логотипі zhanalyqtar_kz — @Zhanalyqtar_Kz Z
Telegram арнасының логотипі zhanalyqtar_kz — @Zhanalyqtar_Kz
Арна мекенжайы: @zhanalyqtar_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 24
Арнадан сипаттама

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Бізбен бірге бір толқында болыңыз!
Барлық сұрақтар бойынша: @Pavel_Duroff

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2021-06-08 19:29:25
Арыстағы жарылысқа байланысты сот отырысы 2020 жылдың 12 сәуірде басталған. 400-ден астам томнан құралған істе 16 адам айыпталушы, 1500 адам жәбірленуші деп танылған. Айыпталушылар арасында әскери қойманың командирі мен орынбасары да бар. Оларға «Жарылыс қаупi бар нысандарда қауiпсiздiк қағидаларын бұзу»(281-бап), «Немқұрайлық» (371-бап) баптары бойынша айыптар тағылған.

Еске сала кетейік, 2019 жылы 24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында оқ-дәрілер қоймасы жарылды. Нәтижесінде үш адам қайтыс болды, ондаған адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар осында
7.2K viewsedited  16:29
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 11:36:37
Елорда тұрғындары мен полициясы көшеде жүрген үйректерді құтқару "операциясын" жүргізді.

7 маусымда сағат шамамен 20.40-та елорда тұрғыны Байтұрсынов көшесі бойындағы жолдың маңындағы бұталардың ішінде жүрген үйрек пен оның балапандарын байқап қалған. Ол полицияға қоңырау шалып, қызметкерлерден оларға жолдан өтуге көмектесуін сұраған.

Полицияға жүгінген әйелдің айтуынша, балапандарды құтқару үшін көлік қозғалысын уақытша тоқтатуға тура келді.

Соңғы жаңалықтар осында
7.4K viewsedited  08:36
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 08:12:07
Шығыс Қазақстан облысында көпқабатты үй балконынан құлағалы тұрған әйел құтқарылды.

40 жастағы әйел үйдің үшінші қабатының терезесінен құлап кетіп, балконға ілініп қалған. Құтқарушы 4-қабаттан құтқару арқанымен балконға түсіп, соңғы сәтте әйелді ұстап қалды. Қазір әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Соңғы жаңалықтар осында
7.5K viewsedited  05:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 22:16:39
Тағы бір жағымды жаңалық: Өскеменде құтқарушылар күшікті құтқарып қалды

Буров көшесінде күшік тұрғын үй баспалдағының астында қалып қойған. ТЖД қызметкерлері оны шығарып алды.

Соңғы жаңалықтар осында
7.9K viewsedited  19:16
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 15:35:10
Енді «Ashyq» қосымшасында «қызыл» мәртебесі бар адамдар қоғамдық орындарға барса, 87 510 теңге айыппұл төлейді.

Денсаулық сақтау министрлігі осындай ережелерді бекітті. Егер азамат өзінің коронавирусқа шалдыққанын біле тұра, оқшаулану режимін бұзып, айналасындағы адамдарға қасақана қауіп төндірсе, оған 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар осында
8.5K viewsedited  12:35
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 09:18:22
Medsupportkz қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлері коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны алуға кеңес бере алмайтынын мәлімдеді.

Қоғамдастық мәлімдемесі Telegram және Instagram-да жарияланды.

"Біз бірнеше ай бойы әзірлеушілерді QazVac сынақтарының клиникалық кезеңдері бойынша деректер жариялауға шақырдық. Біз әрқашан отандық ғылымды қолдаймыз, алайда ғалым, дәрігер бола тұра статистикалық мәліметтердің толық болмауы, өндіріс процесі туралы ақпаратты ашудан бас тарту және қоғамда таралған басқа да ақпарат бізге осы вакцина туралы ғылыми ақпарат берілгенге дейін жаппай қолдану үшін QazVac вакцинасын ұсынуға мүмкіндік бермейді".



Соңғы жаңалықтар осында
15.0K viewsedited  06:18
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 15:42:39
Алматыда мас жүргізуші аялдамада тұрған 3 жаяу жүргіншіні көлікпен қақты.

1997 жылғы жүргізуші ішімдік ішіп, есірткі шегіп, «Ваз 21099» көлігін басқарған. Зардап шеккендер түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар осында
11.5K viewsedited  12:42
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 10:34:01
Бүгіннен бастап, Қазақстанның 10 өңірі эпидемиологиялық жағдай бойынша "жасыл" аймақта. Қостанай облысы "жасыл" аймаққа ауысты.

Сонымен, 6 маусымдағы ахуал мынадай:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы.

"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Соңғы жаңалықтар осында
9.3K viewsedited  07:34
Ашу / Түсініктеме
2021-06-05 09:05:48 ​​ Еліміздің кей өңірінде 7 градусқа дейін үсік жүреді.

Қазгидромет синоптиктері 5 маусымда Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында үсік жүреді деп болжайды.

"Скандинавия аймақтарынан келетін суық антициклон республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Түнде 2-7 градусқа дейін, кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градусқа дейін жылы болады", – деп хабарлады ауа райы қызметі.

Республиканың оңтүстігінде Түркіменстаннан келетін жылы ауа массаларына байланысты құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.

Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл болады, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында күндіз найзағай, бұрқасын, шаңды дауыл соғады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел, найзағай 15-20, секундына 23-28 метр.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар осында
9.4K views06:05
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 21:27:41
Қазақстан халық партиясы ел үкіметіне "мемлекет халық зарын естіп, көруі үшін" есту аппараты мен көзілдірік сыйлайды.

"Бүгінде үкіметке көп нәрсе істеу керек. Оған ақша бөлінеді. Алайда мәселелер мен проблемалар шешілмейді. Адамдар айғайлайды, жылайды, хат жазады - жауап жоқ. Кешіріңіз, мырзалар (Үкіметтегі), жерге түсіңіздер. Бізді еститін мемлекет қайда? Неге мүлдем елемейсіздер... Біз партиядан шенеуніктерге есту аппаратын сыйға тартқымыз келеді. Көзілдірік - олар көруі үшін. Көрген және естіген нәрселерден жүрегі тоқтап қалмауы үшін - валидол", - деді ҚХП өкілі, Мәжіліс депутаты Айбек Паяев партияның кезектен тыс съезінде.

Соңғы жаңалықтар осында
8.4K viewsedited  18:27
Ашу / Түсініктеме