Get Mystery Box with random crypto!

Жанға жайлы🌌

Telegram арнасының логотипі zhailyoryn — Жанға жайлы🌌 Ж
Telegram арнасының логотипі zhailyoryn — Жанға жайлы🌌
Арна мекенжайы: @zhailyoryn
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 69
Арнадан сипаттама

Жанға жайлы🥀

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-02-06 16:14:08 Мында нағыз Ару болып өз әңгімемді жазбағалы біраз болыпты.

Бүгін менің асқазаным в шоке
3 апта дұрыс тамақтанудан соң, бүгін читмилл болған. Яғни қалаған тамағымды жеп рахаттандым

Ертең қайтадан дұрыс тамақтану.
Біраз жиналып қалдым.

Сәл-пәл кеңес те бере аламын
25 views13:14
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 23:52:44 Адамға деген көзқарасыңның өзгеруі әп-сәтте екен. Жек көру мен жақсы көрудің арасы бір қадам...
7 views20:52
Ашу / Түсініктеме
2022-02-04 23:47:44
Түннің жарымында өз проблемамды, сырыңды бүкпесіз айта алатын жан болғанның өзі бақыт.
8 views20:47
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 09:19:51 "Уақыт" деген тұлпар атқа мінгелі 21 жыл өтіпті. Әлі түспедім. Тақымым мықтыланып, жүгенді қалай ұстау керегін үйреніп жүрмін. Алғашында тек атқа мінгенімді білетінмін, қазір жайлап жан-жағыма қарайтын болдым. Тек арасында бүйірден келіп соғысулар, жайсыз соқпақты жерлер, өту керек асулар болады.


Бастысы сол тұлпарды басқарып келе жатқанда адамдығыңнан айнымау екенін ұқтым. Шүкір.
26 views06:19
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 09:11:12
26 views06:11
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 21:50:59 Біз адамдар өзімізге не керегін нақты білмейміз. Білмегендіктен Алла жіберіп тұрған нығметтерді көрмейміз.

Ал қалауымыз орындалған да көз байланып, сана тұсауланады. Қызығы тез басылып, көңіліміз суиды.

Қайтпек керек?
26 views18:50
Ашу / Түсініктеме
2022-01-26 15:30:34 №46 қатысушы

– Сенің әкең жақсы, қамқор адам ғой
– Иә, ең жақсы (өгей) әке..., – деді. Көйлегінің ішіндегі көгерген қолдарын ұстап.
18 views12:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 17:18:27 Балалықтан қарттыққа бір-ақ қадам...
28 views14:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 17:04:04 №35 қатысушы

Өмір

Көктем.Таң атты.Ана бауырынан шығып, әке қолын ұстап мектепке келдім. Қолымда мақтау жарлығы, желкемде "Бiтіруші" деген таспа ілулі.
Жаздың нұры ана жүзіндегі әжімдерді күзге қарай ырғытып жол салыпты. Қолымда диплом. Мен енді маманмын.
Көңілсіз күрең күз келді. Жұмыстағы қарбаласпен ата-анама жолықпаппын.
Қыс. Әке-шешемнің басында қар. Ақпан. Мен енді жалғызбын...
30 views14:04
Ашу / Түсініктеме
2022-01-25 17:03:55 №37 қатысушы

Зуылдаған көліктер тоқтар емес. Бағдаршам қызыл көзін жұмуға еш асықпайды. Ол тыпыршып әрең тұр. Маңызды кездесуге кешіккенін қарашы!
Көліктер саябыр тапқандай көрінді. Алайда қызыл түс енді ғана сарыға ауысты. Бұл жүгіре басып көшеден өте берді. Жарық... Арғы бетіне өтіп кетті. Көшенің емес. Өмірдің...
30 views14:03
Ашу / Түсініктеме