Get Mystery Box with random crypto!

Жанға жайлы🌌

Telegram арнасының логотипі zhailyoryn — Жанға жайлы🌌 Ж
Telegram арнасының логотипі zhailyoryn — Жанға жайлы🌌
Арна мекенжайы: @zhailyoryn
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 69
Арнадан сипаттама

Жанға жайлы🥀

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2021-12-31 21:12:25 Өмірімізде барлығы жаңа болсын. Жаңаның тасасында ескі жылдың нашар күндері қалсын. Санамыздан сәтсіз күндерді, жылаған түндерді өшіріп. Әдемі сәттерді сақтауға орын қояйық. Жаңа жылда жаттан жақынға айналатындар көбейсін. Жоспарлар жүзеге асып, армандар орындалсын. Жаңа өмірге қадам басайық. Жаңа өзімізге есік ашайық. 2022, қош келдің!


Бәріңді құшақтадым
5 views18:12
Ашу / Түсініктеме
2021-12-30 21:13:02 Жараңды бір жан ғана жаза алады екен
24 views18:13
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 22:12:53 А сосын мына жақтан таныстарымды, сіңілдерімді шығарып тастадым. Тек мені танымайтындарды, танысам да жазғанымды көрсетуге ұялмайтындарды алып қалдым.


Менің тек мықтылығымды, күліп жүргенімді көрсін деймін.
10 views19:12
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 22:10:33 Қазір жанға жайлы ештеңе жазып жүргем жоқ. Себебі өзімде жайлы болатындай түк жоқ. Өзімде жоқты бардай көрсете алмаймын. Мұнда сезімдеріммен көп бөлісіп жүрмін ғой. Сондықтан осылай қойдым.


Реттелгенде ауыстырармын, бәлкім.
9 views19:10
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 22:09:09 Channel name was changed to «Сезім музейі »
19:09
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 18:54:36
8 views15:54
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 18:37:32 Бұл жыл мені есейтті. Ақыл кіргізді. Универде ұстазым "ақылды аңқылдағым" дейтін. Аңқылдақтығым кетіп, ақылдылық қалыпты. Коллективтің оңай емес екенін түсіндім. Бәрі тез, жеңіл болмайтынын. Достың да досы бар екенін білдім. Қандай жақын адам десең де анаңнан артығы жоқ екен.

Тек ақылды, тек мейірімді болудың керегі жоқ екен. Ақылды болып тұрып ақымақ, мейірімді болып тұрып қатты болу керек екен.

Талай рет үнсіз жыладым. Жолым болмай мұқалдым. Өзімнен төмендердің өзімнен жоғары болғанын көрдім. Ең жақын болған адамым танымастай тұрғанын көрдім. Көрдім де өзім барып құшақтап, халын сұрадым. Бетіме күліп тұрған жанның жымысқы әрекетіне шыдадым. Бұл әлі басы екен. Мұндайға үйренбеппін. Үйрену керек екен.
23 viewsedited  15:37
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 18:31:44 Бүгін мен ренжітіп, артық сөйлеп, мұқатқан адамға ештеңе демедім. Дегім де келген жоқ. Бірге отыр едік. Үнсіз тұрып кеттім. Кетіп бара жатып өзімді жеңіл сезіндім. Ашуланып кетпедім. Жай, жеңіл, үнсіз кеттім. Әлі араласатынымыз анық. Сондықтан алдағы күндері мен емес, өзі ұялсын дедім. Бір емес ,екі емес сөзімен түйреп, қайта-қайта күлуі.
22 views15:31
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 17:06:13
28 views14:06
Ашу / Түсініктеме
2021-12-27 15:01:24
Хахаа, алдымнан мынау шықты ғой. Подарка алғың келсе, қайтару да керек екен ғой
20 views12:01
Ашу / Түсініктеме