Get Mystery Box with random crypto!

Менің ой жазбаларым

Telegram арнасының логотипі yergalilfe — Менің ой жазбаларым М
Telegram арнасының логотипі yergalilfe — Менің ой жазбаларым
Арна мекенжайы: @yergalilfe
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 224
Арнадан сипаттама

Қарапайым қазақ баласының ой жазбалары.
Чат: https://t.me/Yergali_talks

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2023-01-27 20:58:19
Өзіңе деген сенімің -
Ол қозғаушы өшпес күшің!
Алға қойған мақсатың -
Жетелейтін жігерің!
Қайтпас мінез, батылдық -
Алып шығар жеңісің!
Ең бастысын ұмытпа -
Өз бақытың - өз қолыңда!


Авторы - өзім.

Ал мына фото - Астанада “Үздік Болашақ стипендианттарына” арналған Болашақ бағдарламасының (бұрынғы “Центр международных програм”) қабырғасында ілулі тұр.

Шын айтсам, өзім әлі сонда барып көрмедім. Егер барып көріп жатсаңыздар, айтарсыздар.

PS. “Менің ой жазбаларым” парақшасы https://t.me/Yergalilfe
1.3K viewsYergali, edited  17:58
Ашу / Түсініктеме
2023-01-27 11:20:15 #Жазба 1. Өзім туралы

Мені көбі білсе де, көбі білме бермес. Сол үшін алдымен өзімді таныстырып өтейін. Есімім - Ерғали. Шымкент қаласында қарапайым отбасыда туылғанмын. Ұлтым - қазақ. Руым ұлы жүз - Дулат. Ішіндегі Сыйқым. Оның ішіндегі Құлбайымбет руынанмын.

(Бірден атап өтейін руға бөлінгенді жек көрем. Себебі мен үшін барлығың да жақындарым, ағам-інім, әпкем-қарындасым, бауырым, қазағым - жалғызым! Енді өзімді таныстырып отырғандықтан, түбімнен таныстырғанды жөн көрдім.)

Мектепті Шымкенттегі (Востоктағы) Тұрар Рысқұлов атындағы 25-орта мектепті бітірдім. Бірден айтайын алтын медальға, не қызылға да бітірмедім. Тіпті сыныбымызда ондай тереңдетілген сынып болмады, қарапайым орта мектеп оқушысы болдым. Бірақ нашар оқыдым деп те айта алмаймын. Сүйікті пәндерім физика матем болды. Қалалық олимпиадаға физикадан барып, жай басқа мектепті көріп қайтқаным бар)))

Бірақ, менің өмірімдегі ең өзгеріске ұшыраған уақыт - сол мектепті бітіретін уақытта келді, яғни ізденіс, талпыныс, қатардан қалмау деген сезім, сол 11-сыныпта ЕНТ дайындалатын кезде басталды. Яғни керемет ортаға түстім. Бұйыртса, ол жайында міндетті түрде келесі жазбаларда айтып өтетін боламын.

Мектептен кейін сол жылы Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетіне грантқа - “Есептеу техникасы және Бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығына түсіп, оны енді “қызыл дипломмен” бітірдік. (Политех - лучше всех деп жүрдік).

Кейін Болашақ бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Ноттингем Университетінде “Ақпараттық технологиялар” магистратурасына түсіп (профил/тереңдетілген бағытым - мобильдік қосымшалар әзірлеуші (mobile development) мамандығын алдық.

Соңғы оқуым енді докторлық/PhD дәрежені - Кореяның Озық технологиялар институтына (КАИСТ) түсіп, оны 5-жылдан кейін ғылыми диссертациямды қорғап шықтым.

Содан, көп ұзамай Кореядағы AI стартап компаниядан жұмысқа шақырту алып, бірден сонда бастап кеттім.

Жалпы қысқаша таныстырсам осылай))

2023.01.27
301 viewsedited  08:20
Ашу / Түсініктеме
2023-01-27 10:52:54 #Кіріспе.
Ең алғашқы кіріспе жазбамды “Біссімілесімен” бастайын.

Жалпы алғанда мұндай парақша бастауыма негіз болған - өз ойларымда қағаз бетіне түсіре берейін дедім. Мүмкін ол орта жасқа келгендегі сезім ба білмедім. Бастысы өз білген-жиған-тергендермен, және өмірлік тәжірибеден түйген ойларымды жаза берейін деп шештім. Мүмкін біреуге керек болар, мүмкін біреуге қызық болар, не жай іш пысып, оқитын болар…

Әрине әр жазба дәл сол уақыттағы көрініс, дәл сол уақыттағы басымнан өткен, не білген сәттегі ойларым. Олай дейтінім мүмкін 5-10 жылдан кейін ол оймен өзім де келіспей қалуым да әбден мүмкін.

Кезінде Ұлы Абай атамызда осы оймен, өз ойларын жаза бастаған шығар. Бірақ біздің жазбалар қысқа болары анық, себебі біз енді жазушы емеспіз. Абайдың қара сөздерін оқығанда, дәл сол заманға түскендей боласын, бірақ соның өзінде сол кезде жазылған жайттарды осы күнде біздің өмірімізден де табылып жататына қайран қаласын. Абайдың ұлылығы ма, әлде біздің салғырттығымыз ба білмедім. Заман өзгерсе де, адам өзгермендей көрінеді.

Көп созбай, өз ой-жазбама кірісейін…
266 viewsedited  07:52
Ашу / Түсініктеме
2023-01-27 08:03:58 Бәріне сәлем!
Жеке өз ойларымды жазып қою мақсатында, әрі көпшілікке қолжетімді телеграм парақшасын аштым. Басқа әлеуметтік желілерге қарағанда, мұнда жүргізу жеңілірек, әрі ыңғайлы.

Қысқаша өзім туралы.
Есімім - Ерғали. Шымкент қаласынанмын. Қазіргі таңда Кореяда жасанды интеллект бойынша инженер болып жұмыс жасаймын.

Бос уақытымда оқушыларды информатикадан олимпиадаға дайындап, Үздік Білім YouTube арнасын жүргіземін.
Яғни мектеп бағдарламасындағы информатика пәні бойынша ұстаздарға/оқушыларға көмек ретінде 6-11 сыныптардың сабақтарына/олимпиада есептеріне түсініктеме видео-сабақтар түсіріп, жүктеп отырамын.

Өмірлік ұстанымым:
Қазағым - жалғызым! Өз білгендерімді қазағыммен бөлісу, қазақтың дамуына ат салысу!
249 viewsedited  05:03
Ашу / Түсініктеме