Get Mystery Box with random crypto!

#Жазба 1. Өзім туралы Мені көбі білсе де, көбі білме бермес. | Менің ой жазбаларым

#Жазба 1. Өзім туралы

Мені көбі білсе де, көбі білме бермес. Сол үшін алдымен өзімді таныстырып өтейін. Есімім - Ерғали. Шымкент қаласында қарапайым отбасыда туылғанмын. Ұлтым - қазақ. Руым ұлы жүз - Дулат. Ішіндегі Сыйқым. Оның ішіндегі Құлбайымбет руынанмын.

(Бірден атап өтейін руға бөлінгенді жек көрем. Себебі мен үшін барлығың да жақындарым, ағам-інім, әпкем-қарындасым, бауырым, қазағым - жалғызым! Енді өзімді таныстырып отырғандықтан, түбімнен таныстырғанды жөн көрдім.)

Мектепті Шымкенттегі (Востоктағы) Тұрар Рысқұлов атындағы 25-орта мектепті бітірдім. Бірден айтайын алтын медальға, не қызылға да бітірмедім. Тіпті сыныбымызда ондай тереңдетілген сынып болмады, қарапайым орта мектеп оқушысы болдым. Бірақ нашар оқыдым деп те айта алмаймын. Сүйікті пәндерім физика матем болды. Қалалық олимпиадаға физикадан барып, жай басқа мектепті көріп қайтқаным бар)))

Бірақ, менің өмірімдегі ең өзгеріске ұшыраған уақыт - сол мектепті бітіретін уақытта келді, яғни ізденіс, талпыныс, қатардан қалмау деген сезім, сол 11-сыныпта ЕНТ дайындалатын кезде басталды. Яғни керемет ортаға түстім. Бұйыртса, ол жайында міндетті түрде келесі жазбаларда айтып өтетін боламын.

Мектептен кейін сол жылы Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетіне грантқа - “Есептеу техникасы және Бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығына түсіп, оны енді “қызыл дипломмен” бітірдік. (Политех - лучше всех деп жүрдік).

Кейін Болашақ бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Ноттингем Университетінде “Ақпараттық технологиялар” магистратурасына түсіп (профил/тереңдетілген бағытым - мобильдік қосымшалар әзірлеуші (mobile development) мамандығын алдық.

Соңғы оқуым енді докторлық/PhD дәрежені - Кореяның Озық технологиялар институтына (КАИСТ) түсіп, оны 5-жылдан кейін ғылыми диссертациямды қорғап шықтым.

Содан, көп ұзамай Кореядағы AI стартап компаниядан жұмысқа шақырту алып, бірден сонда бастап кеттім.

Жалпы қысқаша таныстырсам осылай))

2023.01.27