Get Mystery Box with random crypto!

#Жазба 2. Адамды - араласатын ортасы тәрбиелейді Сонымен алды | Менің ой жазбаларым

#Жазба 2. Адамды - араласатын ортасы тәрбиелейді

Сонымен алдыңғы жазбада уәделескенімдей, бүгінгі жазбам араласатын орта жайлы болмақ.

Әрине, “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегені рас, себебі ол саған қаланған бір фундамент секілді, яғни ата-ана, отбасыдан алған тәрбие ол мәңгілік болады.

Дегенмен, 13-15 жастан бастап, жасөспірім араласатын ортасы қатты әсер ете бастайды. Немесе өзіне жақын ортаны іздей бастайды.

Егер мәселен, сенде футболға деген сәл де болса қызығушылығың бар болса, онда сенің достарың да сен секілді футболға қызығатындардан табылады. Немесе спортсмен болсаң, араласатын ортаң да спортсмендер болады.

Ал егер достары ертеңгі күнді ойламайтын жеңіл жүрісті болса, онда сенде солар секілді бола бастайсың. Не керісінше иманды ортада жүрсең, сен де иманды бола бастайсың. Бұл мен білетін ақиқат енді. Оған келісесіздер ме, жоқ па өз еркілеріңіз)))

Ал ата-ананың міндеті - сол ортаны табуына көмек беру, егер бала қабілетті болса, сол қабілетіне сай ортаға жіберу, не көрсету.

Әрине, ата-ананы да қатты сөгуге болмас, себебі сен жақсы адам болсын деп олар күндіз-түні жұмыста жүреді, тіпті кейде саған мүлдем уақыты да болмай, кейін сені қалай өзгергенін де байқамай қалып жатады. Бірақ, ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің! Себебі сен олардың ізімен жүрмегендіктен, сен біле бермейсің.

Ал енді, маған әсер еткен ортама келер болсам.

Айтып өткенімдей, менің өзгеруіме 11-сыныпта “ЕНТ дайындық” курсы қатты әсер етті. Менің әрине базалық навыктар да болмады деп айта алмаймын)))

ҰБТ-ны ең алғашқы тапсырушылар, ол біздер болдық. Оға дейін мектепте емтихан, кейін жазда комплексный тест болатын.

2003 жыл. Сол кездегі Білім министрі - Жақсыбек Күлекеев (әлі күнге дейін соның есімін біледі екенмін, сіздерде де солай ма?!) мектепте тапсыруға жаңа стандартқа қол қойды. Бәрі аң-таң. Бұрын соңды болмаған жайт.

Бәрі мектептен кейін дайындық курстар іздей бастады, ал бұрыннан комплекс тестке дайындап жүргендер уже опыты бар курстарға бірден көп оқушылар бара бастады.

Сол секілді мектептегі жақсы оқитын сыныптастарым бір курсты мақтап келді, ол деген жаңадан ашылған, бірақ алдын дайындап жүрген ұстаздар деп.

Ол кезде курс атауы да болмағаннан ұстаз есімдерімен аталып - Әсия апай (матем), Әбдірашид ағай (қазақ тілі), не орналасуына сәйкес - Крытый рынок, не жалға алынған ғимаратына сай - Қазақ-өзбек (ұзақ атауы Қазақ-өзбек үздіксіз білім беру институты ма, колледжі ма сондай еді) деп аталатын. (Қазіргі атауы “Зерде”, егер сонда дайындалғандар болса, менен сәлем!)

Әлі күнге дейін барған күнім есімде 13-қараша 2003 жыл, сабақтан кейін сонда бардым, ол жерде білім деңгейіңді тест анықтап, соған сәйкес топқа жіберетін.

Алдын тест бетін ашпағанбыз. Матемнен жақсы дегеннің өзінде онда 30-сұрақтан 4-еуі ғана дұрыс болып, мені 3-Б деген топқа жіберді.
Бірақ алдын естіп алғанмын, ең мықты топ, ол 1 деген, себебі онда Шымкент қаласының озаттары, алтын белгілері жиналған деп. Алған балымыз жетпей тұр оған, бірақ ана группаға қалай да болса өтуім керек деп тұрм.

Сөйтіп тағы тест тапсырып көрейінші деп едім, онда әр тарау соңында болатын матемнен есептер берді. Мен қатты намысқа тырысып, бүкілін шығаруға тырыстым. Ол есептер жауапсыз болды, яғни тест емес. 14-сұрақтың 13-еуін шығарып, берсем, сонда да 1-ші топқа жетпейсің деп, мені содан кейінгі күшті топ деп 2-А группаға жіберді. Шын айтсам, ол топта өте мықтылар екен))

Кемі 100-есепті әр сабақта үйге беретін, ал мен 150-есеп шығаруға тырысатынмын))

Сөйтіп жаңа жылдан кейін ең үздік 1-ші топты 2-ге бөліп, 1-А және 1-Б деген топ шығатын болды, яғни 2-А топтағыларды жоғарыға көтеріп, ал кейбір ілесе алмай жүргендерді 1-Б түсірді, не өз еркімен сәл төмендеу топқа келді.

Бірақ сіздер ойламаңыздар, олар нашар екен деп, 2-А мен 2-Б да оқып жатқандардан қызыл мен алтынды ақтағандар болды, оларда тек сәл матем слабылау болды, бірақ 5-алғандар.

Енді мен ойлап жүрмін, мен 1-Б көтеретін шығар деп, сөйтіп мені жаңа жылдан кейін, сені 1-А ға жібереміз деді. Менің қуанышымда шек жоқ. 3-Б деп білім деңгейімді көрсеткенде 1.5 айда ең үздік топқа секірдік)