Get Mystery Box with random crypto!

Қазақша цитата & мотивация 🕊

Telegram арнасының логотипі woow7 — Қазақша цитата & мотивация 🕊 Қ
Telegram арнасының логотипі woow7 — Қазақша цитата & мотивация 🕊
Арна мекенжайы: @woow7
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.02K
Арнадан сипаттама

... s𝒆𝒏𝒅𝒆𝒈𝒊 𝒂𝒍𝒆𝒎𝒈𝒆 𝒎𝒆𝒏 𝒌𝒆𝒍𝒅𝒊𝒎 🌸

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2022-05-02 17:28:53 Жадымда сақталған, кішкентай кезімдегі бір оқиғамен бөліскім келіп тұр. Ол кезде кiшкентаймын. Жасым 4-5 шамасында шығар. Ағам екеумiз дүкеннен нан алып келе жатқанбыз. Кішкентайымда үйдегілерге өте көп сұрақ қоятынмын. Бәрiн бiлгiм келiп тұратын, әйтеуір.

Әдетіме басып, былай деп сұрақ қойдым:
- Осы, бiз көрiп журген кинолар қайдан шығады?
Ағам:
- Біз көретін кино - басқа елдегі адамдардың өмірі. Мысалы, қазір екеумiздiң осылай əңгіме айтып келе жатқанымызды басқалар кино деп көріп отыр.
- Олар біздің тілімізді түсінбейді ғой.
- Біз де олардікін түсінбейміз, бірақ қазақша көреміз ғой. Сол сияқты, бiздiң сөйлегенiмiз оларға өз тiлiнде аударылып көрсетіледі.
- Ваау, кушті екен.
- Сол үшiн үнемі әдемі болып, өзіңді дұрыс ұстап жүр. Кайда жүрсең де, не істесең де олар бәрiн кинодан керіп отырады.

Сол аңгiмеден кейін, расымен де біраз уақыт бойы әр ісімді тыңғылықты істеп, үнемі киімімді түзеп, таза болып, “адамдар көріп отыр ғой" деп жаман iс iстеуге ұялып жүрдім. Содан бері 14 жылдай уақыт өтті. Әлі де істеген істерімді бақылап, үнемі таза болып, киiмiмдi түзеп, жаман iс iстеуге ұяламын.

Тек адамдар көрiп отыр ғой деп емес, "Алла көрiп тұр ғой" деп ...
324 viewsedited  14:28
Ашу / Түсініктеме
2022-05-01 18:25:37 ​​Қош, Рамазан!
Баршамызға келесі Рамазан айына дейін жетуді нәсіп етсін. Келесі жылы иман деңгейіміз еселеп жоғарыласын. Біліміміз артсын. Өмірімізде жақсылықтар көп болсын. Қалған айларда да осы айдағыдай көптеп сауап жинауға, игі іс жасауға тырысайық.

Кездескенше, Рамазан
618 viewsedited  15:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-30 06:01:44 Дұға

“Уа, Алла тағалам! Ораза ұстағандар Өзіңнің разылығың үшін ораза ұстады. Құлшылық үшін түнде тұрғандар Өзің үшін тұрды. Өзіңнің разылығыңды көздеп жасаған азын-аулақ құлшылықтарымызды кемшіліктеріне қарамастан қабыл еткейсің”.
63 views03:01
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 17:44:53 ​​ Өткендi де, болашақты да ойламай, жай ғана қазіргі сәтімізден ләззат ала білуіміз керек. Айналамыздағы сұлу жаратылысқа мән беріп, кішкентай ғана нәрсеге балаша қуана білу, өз сезімдеріңді жасырмаудың қандай керемет екенiн бiлесiздер ме?

Әр күніміз үшін шын жүрекпен шүкіршілік етуді үйренейікші. Уақытымызды, жастық шағымызды құр нәрселерге жұмсамайық.
717 viewsedited  14:44
Ашу / Түсініктеме
2022-04-29 04:38:34 Дұға

"Я, Алла, сенің нұрларыңының дәриясы, сырларыңның қайнар көзі, кешіріміңнің бұлағы, тура бағытыңның бағдаршамы,
жаратылыстардың ең сүйкімдісі, нәбилер мен расулдардың ең ақырғысы, барша адамзаттың шапағатшысы - Мухаммедке
мейіріміңді төк".
503 viewsedited  01:38
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 21:12:42 ​​Сәуір айы мен үшін өзімнен өткен кеткенді ой елегінен өткізіп күрделі есеп алатын айым.

Өйткені осы айдың 28-і туған күнім.

Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін, менімен бірге болғандарыңызға.

Қадірлі түнге тұспа-тұс келіпті
136 viewsedited  18:12
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 18:41:26 Қадір түніне қатысты ойыңыз қандай, не істеу керек, сол түні міндетті түрде ұйықтамау керек пе? Қыдыр ата келеді деген түсінікке сенесізбе?
336 viewsedited  15:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-27 18:14:12 ​​ ...

Бір құдірет бізді өмірге жолдайды,
Біз өмірді түсінбейміз, сол қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз:
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
131 viewsedited  15:14
Ашу / Түсініктеме