Get Mystery Box with random crypto!

Жадымда сақталған, кішкентай кезімдегі бір оқиғамен бөліскім к | Қазақша цитата & мотивация 🕊

Жадымда сақталған, кішкентай кезімдегі бір оқиғамен бөліскім келіп тұр. Ол кезде кiшкентаймын. Жасым 4-5 шамасында шығар. Ағам екеумiз дүкеннен нан алып келе жатқанбыз. Кішкентайымда үйдегілерге өте көп сұрақ қоятынмын. Бәрiн бiлгiм келiп тұратын, әйтеуір.

Әдетіме басып, былай деп сұрақ қойдым:
- Осы, бiз көрiп журген кинолар қайдан шығады?
Ағам:
- Біз көретін кино - басқа елдегі адамдардың өмірі. Мысалы, қазір екеумiздiң осылай əңгіме айтып келе жатқанымызды басқалар кино деп көріп отыр.
- Олар біздің тілімізді түсінбейді ғой.
- Біз де олардікін түсінбейміз, бірақ қазақша көреміз ғой. Сол сияқты, бiздiң сөйлегенiмiз оларға өз тiлiнде аударылып көрсетіледі.
- Ваау, кушті екен.
- Сол үшiн үнемі әдемі болып, өзіңді дұрыс ұстап жүр. Кайда жүрсең де, не істесең де олар бәрiн кинодан керіп отырады.

Сол аңгiмеден кейін, расымен де біраз уақыт бойы әр ісімді тыңғылықты істеп, үнемі киімімді түзеп, таза болып, “адамдар көріп отыр ғой" деп жаман iс iстеуге ұялып жүрдім. Содан бері 14 жылдай уақыт өтті. Әлі де істеген істерімді бақылап, үнемі таза болып, киiмiмдi түзеп, жаман iс iстеуге ұяламын.

Тек адамдар көрiп отыр ғой деп емес, "Алла көрiп тұр ғой" деп ...