Get Mystery Box with random crypto!

Қазақша цитата & мотивация 🕊

Telegram арнасының логотипі woow7 — Қазақша цитата & мотивация 🕊 Қ
Telegram арнасының логотипі woow7 — Қазақша цитата & мотивация 🕊
Арна мекенжайы: @woow7
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 5.02K
Арнадан сипаттама

... s𝒆𝒏𝒅𝒆𝒈𝒊 𝒂𝒍𝒆𝒎𝒈𝒆 𝒎𝒆𝒏 𝒌𝒆𝒍𝒅𝒊𝒎 🌸

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 49

2021-05-08 19:55:18 ​​Қадір түні оқылатын дұғалар :

1.Ықлас сүресін 100 рет оқу керек.
Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.
Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

2.Қадыр сүресі – 100 рет.
Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.
Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.
Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.
Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5.Астәғфируллуһ – 500 рет.

6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.
1.9K views16:55
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 15:50:12
-- Сен ойланып қарап көрші, өмір өтуде сен əлі отырсың.
Сен ойлама қиындық тек менде деп.Əр кімде қиындық бар. Олардың жетістігі сол қиындықтан шыға білгені.

-- Өмір өтуде. Біреудің Мотивациясын қарап оны сұрап жүргенше неге өз-өзіңе Мотивация бермеске. Себебі басқа адамдар саған керек Мотивацаяны бере алмайды.

-Сен өз өміріді өзгерт,
-Тек жалқауланба.
-Сенің қолыңнан келеді,
-Мақсатың айқын болса. Тек жетістікке жетесің
1.8K viewsedited  12:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 15:49:15
1.7K views12:49
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 19:20:17 ​​​​ Бір сәт отырып мен қандай жанмын деп ойланып көрдіңіз бе? Әрине, жаман адам емессіз! Бірақ өзгелерге өзіңізді бірден мақтап кете алмайсыз, себебі сырттай өзіңе жақсы баға беру қиындау. Ал, іштей өзіңізді жамандауға қимайсыз, жамандасаңыз да, “ақтап алу” функциясы іске қосылады. Қазір жаман қасиетіңізді атаңызшы десе “Еріншекпін, Қызғаншақпын, ашушаңмын” деген дүниелерден әрі кете алмаймыз. Әрине, жақсы қасиеттер емес, бірақ құлаққа үйреншікті теріс қылықтар. Ондай қасиеттердің адам бойында болуы қалыпты.

“Сараңмын, өзгелердің жетістігін көргенде ішімді қара мысық тырнап өтеді, мақтаншақпын, араммын, өз пайдам бәрінен Жоғары т.с.с” – деп айтатындар бар ма, естіп журсіз бе? Ондайлар болса да, елуде біреу шығар. Қимайсыз. Бойыңызда бұл қасиеттер болса да, өзіңізді ол жаман қасиеттерге қимайсыз. Жоғардағы қылықтар іштегі Пиғылдың нәтижесінде туындайтын құбылыстар. Біз – білеміз, бірақ білмегендей боламыз. Неге? Не үшін? Неге өзімізде барды көрмей, өзгедегіні көруге тұра шабамыз? Бәлкім, пендешілік деген осы...
3.5K views16:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 19:02:46
2.9K views16:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 18:57:53
--♡ Сенен бастартса да жақсы көретініңді айт. Ойланып сөйлеп, ойланып әрекет ет. Асықпа. Ешкімдікін тартып алма,
өзіңдікін берме. Кек сақтама. Адам боп келген өмірден адам боп өт. Кім біледі, ертеңгі күн не боларын? Жаратқанды аузыңнан, жүрегіңнен тастама.

Үмітіңді үзбе.
2.8K viewsedited  15:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-04 18:50:01
2.6K views15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 19:14:46 ​​​​--♡ Алла тағалаға шүкіршілік айтуымызға себеп көп екен. Мысалы, бүгінгі таңды алайық:

Таңертең ояндым... Алдымда тағы да ізгі істерді толтырып, жақсылығымды арттыратын немесе өз күнәма кешірім сұрап, тәубе етуім үшін тағы да бір күн бар, тағы бір мүмкіндігім бар, Аллаға шүкір!

Кейбір жан ішуге ауыз су таба алмай отыр. Ал мен салқын сумен жуындым. Аллаға шүкір...

Өмірде қаншама адамның сезім мүшелері жұмыс істемейді, олар жеген тамақтарының дәмін де сезбейді... Ал мен таңғы асымды іштім. Алла Тағала маған барлық дәм сезу қабілеттерін берген екен, жеген әр тағамымның дәмін сезе отырып, рақаттандым, бойыма күш-қуат алдым. Аллаға шүкір!

Алла маған таңның атуы мен күннің батуын, гүлдер әлемін тамашалауға мүмкіндік берді. Осы тамаша сұлулықты көрмей де өмір сүруім мүмкін еді ғой... Аллаға шүкір!


Аллаға шүкір!
3.4K viewsedited  16:14
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 19:11:19
2.9K views16:11
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 19:10:56 1:40 ───────●── 2:27
⇆ㅤㅤ ◁ㅤ❚❚ㅤ▷ㅤㅤ ↻

˙·٠•●♡🅜︎ 🅤︎ 🅩︎ 🅨︎ 🅚︎ 🅐︎♡●•٠·˙
2.9K views16:10
Ашу / Түсініктеме