Get Mystery Box with random crypto!

Khhhh

Telegram арнасының логотипі uzdikoqyrman — Khhhh K
Telegram арнасының логотипі uzdikoqyrman — Khhhh
Арна мекенжайы: @uzdikoqyrman
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8
Арнадан сипаттама

✅ "Тұлға болам" бәйгесінің ресми тобы.
🔰 Қазақстандағы үздік жоба!

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2021-05-05 13:43:04 Сәлем достар!
"Тұлға болам" кітап оқу сайысына тіркелудің аяқталуына небәрі 3 күн қалды.

Алдыңғы посттардың бірінде ең кішкентай оқырмандарымыздың кітаптан алған білімдерін сынаған болатынбыз.

Кезек енді 4-7-сынып оқушылары арасындағы оқырмандарымызға да келіп жетті. Бүгін оқырмандарымыз Марат Қабанбаевтың "Пысық болдым мінеки" шығармасы аясында бір-бірлеріне сұрақ қойып, жауап жазу арқылы, өз білімдерін сынға салулары қажет.

Ал, олай болса, кеттік! Комментарийге кім ең алғашқы болып өз сұрағын жазар екен және кім ең бірінші болып дұрыс жауабын берер екен?

Ал, әлі тіркеліп үлгермеген оқырмандарымызға тіркелудің аяқталуына небәрі 3 күн уақыт қалғанын тағы да естеріңізге саламыз.

Сайысқа қатысу арқылы сіз кітап оқу дағдыңызды арттырып қана қоймай, планшет, макбук, шетелге саяхат секілді жүлделермен қатар, басқа да қомақты ақшалай жүлделерге де ие бола аласыз.

Бізбен бірге "Тұлға болуға" асығыңыз!

P.S. Кітап мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап жазу инстаграмда @dariya_damytu парақшасында посттың комментарий бөлімінде жүзеге асуда. Сіз де қосылып, өз біліміңізді сынап көріңіз.

#дария_дамыту #шұғыла #үздік_оқырман #кітап_оқы
15.4K viewsedited  10:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 13:40:06
13.3K views10:40
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 15:20:06 Сәлем достар!
"Тұлға болам" кітап оқу сайысының бастау алғанына да бүгін 20 күн болған екен. Осы аралықта тіркеліп үлгергендер кітапты ендігі бір емес бірнеше рет оқып үлгергендерін, сайыс күнін, келесі кітаптың жариялануын асыға күтіп отырғандарын пікірлер бөлімінде де, дайректе де жарыса жазуда.

Олай болса, кітаптан алған білімдеріңізді бір тексеріп көрсек қайтеді?

Бірақ, барлық топтағы кітаптар бойынша бірден емес, күніге бір кітаптан бір-бірімізді тексеретін боламыз.

Бүгінгі кезек кішкентай оқырмандарымызда. Қане көрейікші, біздің 1-сынып пен 3-сынып оқушылары арасындағы оқырмандарымыздың саны неше екен?

Сіздерге қойылатын шарт: комментарийде "Сурет салғым келмейді" кітабы бойынша бір-бірлеріңізге сұрақ қойып, жауап бересіздер. Сол арқылы кітаптан алған білімдеріңізді сынайсыздар.

Ал, әлі тіркеліп үлгермеген оқырмандарымызға айтарымыз, тіркелудің аяқталуына небәрі 9 күн уақыт қалды.

Сайысқа қатысу арқылы сіз кітап оқу дағдыңызды арттырып қана қоймай, планшет, макбук, шетелге саяхат секілді жүлделермен қатар, басқа да қомақты ақшалай жүлделерге де ие бола аласыз.

Сайысқа тіркелу үшін БИОдағы сілтемені басыңыз. Сілтеме арқылы сіз тіркеліп қана қоймай, сайыс туралы толық ақпарат алып, сайыс кітаптарының да электронды нұсқасын тегін жүктеп ала аласыз.

Бізбен бірге "Тұлға болуға" асығыңыз!

#дария_дамыту #үздік_оқырман #шұғыла #кітап_оқы
23.9K views12:20
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 15:19:54
19.0K views12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 15:19:16 "Қараш-қараш оқиғасы" — повесть. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл повесть 1927 жылы жазылған.

Кітаптың қысқаша мазмұндамасына тоқталатын болсақ, Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады.

Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.

Қызықты мәлімет:

Қараш-қараш оқиғасы" бойынша 1968 жылы "Қазақфильм" мен "Қырғызфильм" киностудиялары бірігіп, «Выстрел на перевале» («Асуда атылған оқ») көркем фильмі түсірілді.

"Қараш-қараш оқиғасы" Тұрар Рысқұловтың әкесі - Рысқұлдың басынан кешкен оқиғалары бойынша жазылған.

Ал сіз бұл кітапты оқыдыңыз ба? Кітап туралы пікіріңіз қандай?

Ал егер әлі оқып үлгермеген болсаңыз, Шұғыла қоғамдық қорының қолдауымен, Дария дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткелі жатқан "Тұлға болам" сайысына тіркеліп, кітап оқып, қомақты жүлделерге ие бола аласыз.

Ең бастысы, тіркелу тегін.

700-ге жуық жүлде қоры.

Мүмкіндікті жіберіп алма! Кітап оқы! Тұлға бол!

Дәл осы постты ең жақын деген адамдарыңмен бөлісу арқылы олардың да тұлға болуларына атсалыс!
19.2K views12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-04-30 15:19:14
17.2K views12:19
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 14:43:59 "Тұлға болам" бәйгесі pinned a photo
11:43
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 14:31:04 1. Тіркелу қашан аяқталады? Тестті қашан тапсырамыз?

Бәйгенің 1-кезеңіне тіркелу 𝟬͟𝟵͟.͟𝟬͟𝟰͟.͟𝟮͟𝟬͟𝟮͟𝟭͟-͟𝟬͟𝟴͟.͟𝟬͟𝟱͟.͟𝟮͟𝟬͟𝟮͟𝟭͟ аралығында жалғасады. Тест 𝟭͟𝟱͟.͟𝟬͟𝟱͟.͟𝟮͟𝟬͟𝟮͟𝟭͟ күні болады. Бәйге күні тестке сілтемені телеграм тобымызға жібереміз. Сол үшін МІНДЕТТІ түрде тобымызға тіркеліңіз.

2. Бір нөмірмен бірнеше адам тіркелсе болады ма?

Әрине болады. Дегенмен тест уақыты бірдей болып қалу ықтималдығы бар. Сол үшін әр қатысушының ғаламторға шығу мүмкіндігінің болғаны дұрыс (смартфон, планшет, компьютер, т.б).

3. Тіркелгенімізді қалай білеміз?

Сайтта тіркелудің 2 жолы қарастырылған: сайт және телеграм.
1) Сайт арқылы тіркелгенде: егер мәлімет толық, дұрыс енгізіліп, "Жауапты жіберу" батырмасын басқанда "Құттықтаймын, егер мәліметтерді дұрыс толтырсаңыз Сіз бәйгеге сәтті тіркелдіңіз!" деген хабарлама көрінсе тіркелген болып саналасыз;
2) Телеграм арқылы тіркелгенде: барлық сұралған мәліметтерді сәйкесінше енгізгеннен кейін ":+1: Құттықтаймын, (сіздің телеграмдағы атыңыз)! Сіз сәтті тіркелдіңіз!" деген хабарлама көрінсе тіркелген болып саналасыз.

4. Егер офлайн тестке бара алмасақ сайыстан шығып қаламыз ба?

Тесттің алғашқы 3 кезеңі онлайн болады. 4-кезең, әзірге, офлайн өтеді деген жоспар бар. Егер пандемияға байланысты шарт өзгермей, жүлдегер офлайн байқауға келмесе жүлдесінен айрылады.

5. "Қараш-қараш" кітабының 2 нұсқасы бар екен. Қай нұсқасын оқығанымыз дұрыс?

Екеуін де оқу керек.

6. Әр кезеңде әр түрлі кітап оқимыз ба?

3 кезең - 3 кітап.

7. Тестті қай уақытта, қалай тапсырамыз? Бізге арнайы хабарландыру немесе сілтеме келеді ме? Сілтеме келсе қалай келеді, ватсап арқылы ма?

Тест сілтемелерін Телеграм тобымызға жібереміз. Қатысушылар саны көп болғандықтан ватсаптан топ ашылмайды. Егер сізде Телеграм программасы болмаса өз смартфоныңызға орнатып алыңыз. Сосын тобымызға тіркеліңіз.

8. Бірінші кезеңнен өтпей қалсақ, әрі қарай қатыса алмаймыз ба?

Алғашқы 2 кезеңнен барлығы өтеді. 3-кезеңнен офлайнға әр топтан алғашқы болған 20 қатысушыдан өтеді. Ол 20 адам міндетті түрде алғашқы 2 кезеңге де қатысуы шарт.
26.4K viewsedited  11:31
Ашу / Түсініктеме
2021-04-26 14:31:00
21.9K views11:31
Ашу / Түсініктеме
2021-04-22 15:02:07 ⠀⠀Қайырлы кеш, құрметті "Тұлға болам" бәйге қатысушылары.

Аз уақыт ішінде сайысқа тіркелушілер саны едәуір артты. Кітап оқушылар санының көптігі қуантпай қоймайды!

Ескертетін жайт - біздің бәйгеге қатысу тегін!

Бізге сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңізге алғысымыз шексіз!

Тест уақыты, өтетін платформа, қосымша мәліметтер осы жерде жарияланатын болады. Жіберіп алмау үшін хабарлама дыбысын қосып қойыңыз!

Жаңадан тіркелушілер назарына: бәйге жайлы ақпараттарды жоғары қарай көтеріліп, оқи аласыздар. Қосымша сұрақтарыңыз болса сайтта көрсетілген өз аймағыңыздың менеджерінен ватсап арқылы сұрай аласыз: http://tulgabolam.tilda.ws/
33.4K views12:02
Ашу / Түсініктеме