Get Mystery Box with random crypto!

1. Тіркелу қашан аяқталады? Тестті қашан тапсырамыз? ⠀ Бәйгені | Khhhh

1. Тіркелу қашан аяқталады? Тестті қашан тапсырамыз?

Бәйгенің 1-кезеңіне тіркелу 𝟬͟𝟵͟.͟𝟬͟𝟰͟.͟𝟮͟𝟬͟𝟮͟𝟭͟-͟𝟬͟𝟴͟.͟𝟬͟𝟱͟.͟𝟮͟𝟬͟𝟮͟𝟭͟ аралығында жалғасады. Тест 𝟭͟𝟱͟.͟𝟬͟𝟱͟.͟𝟮͟𝟬͟𝟮͟𝟭͟ күні болады. Бәйге күні тестке сілтемені телеграм тобымызға жібереміз. Сол үшін МІНДЕТТІ түрде тобымызға тіркеліңіз.

2. Бір нөмірмен бірнеше адам тіркелсе болады ма?

Әрине болады. Дегенмен тест уақыты бірдей болып қалу ықтималдығы бар. Сол үшін әр қатысушының ғаламторға шығу мүмкіндігінің болғаны дұрыс (смартфон, планшет, компьютер, т.б).

3. Тіркелгенімізді қалай білеміз?

Сайтта тіркелудің 2 жолы қарастырылған: сайт және телеграм.
1) Сайт арқылы тіркелгенде: егер мәлімет толық, дұрыс енгізіліп, "Жауапты жіберу" батырмасын басқанда "Құттықтаймын, егер мәліметтерді дұрыс толтырсаңыз Сіз бәйгеге сәтті тіркелдіңіз!" деген хабарлама көрінсе тіркелген болып саналасыз;
2) Телеграм арқылы тіркелгенде: барлық сұралған мәліметтерді сәйкесінше енгізгеннен кейін ":+1: Құттықтаймын, (сіздің телеграмдағы атыңыз)! Сіз сәтті тіркелдіңіз!" деген хабарлама көрінсе тіркелген болып саналасыз.

4. Егер офлайн тестке бара алмасақ сайыстан шығып қаламыз ба?

Тесттің алғашқы 3 кезеңі онлайн болады. 4-кезең, әзірге, офлайн өтеді деген жоспар бар. Егер пандемияға байланысты шарт өзгермей, жүлдегер офлайн байқауға келмесе жүлдесінен айрылады.

5. "Қараш-қараш" кітабының 2 нұсқасы бар екен. Қай нұсқасын оқығанымыз дұрыс?

Екеуін де оқу керек.

6. Әр кезеңде әр түрлі кітап оқимыз ба?

3 кезең - 3 кітап.

7. Тестті қай уақытта, қалай тапсырамыз? Бізге арнайы хабарландыру немесе сілтеме келеді ме? Сілтеме келсе қалай келеді, ватсап арқылы ма?

Тест сілтемелерін Телеграм тобымызға жібереміз. Қатысушылар саны көп болғандықтан ватсаптан топ ашылмайды. Егер сізде Телеграм программасы болмаса өз смартфоныңызға орнатып алыңыз. Сосын тобымызға тіркеліңіз.

8. Бірінші кезеңнен өтпей қалсақ, әрі қарай қатыса алмаймыз ба?

Алғашқы 2 кезеңнен барлығы өтеді. 3-кезеңнен офлайнға әр топтан алғашқы болған 20 қатысушыдан өтеді. Ол 20 адам міндетті түрде алғашқы 2 кезеңге де қатысуы шарт.