Get Mystery Box with random crypto!

Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы

Telegram арнасының логотипі ustaztilegi — Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы Ұ
Telegram арнасының логотипі ustaztilegi — Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы
Арна мекенжайы: @ustaztilegi
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.48K
Арнадан сипаттама

«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік орталығының ресми телеграмм каналы
Барлық сұрақтарды: 7 771-234-55-99 номеріне ватсапта жазуға болады.
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі – жұма,
9:00 – 18:00

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-03-03 11:56:05 «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫП ҮЛГЕРІҢІЗ
14-ші наурызға дейін қатысуыңызға болады

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы", "Тіл құралы", "Әліпби", "Жаңа әліпби" атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды.

«Ахмет Байтұрсыновтың әлеміне саяхат» байқауының қатысу шарттары

UST.KZ сайтын ашу керек
БАЙҚАУЛАР батырмасын басып
Ережелерді мұқият оқыңыз
600 теңге төлеп, тест тапсырыңыз
Марапаттау қағаздары (диплом, сертификат) беріледі

БАЙҚАУДЫҢ АЯҚТАЛУЫНА 13 КҮН ҚАЛДЫ

Қатысу сілтемесі: https://clck.ru/dWRnS
308 views08:56
Ашу / Түсініктеме
2022-03-03 09:00:55 249 әдіс- тәсіл;

Сабағыңызда жиі әдіс-тәсіл қолданасыз ба? Олай болса, 249 әдіс-тәсілді жүктеп сабағыңызды қызықты етіп өткізіңіз

https://t.me/ustaztilegi каналына тіркеліп, барлық ақпараттан хабардар болыңыз
534 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2022-03-03 07:43:08 Сыныбыңыздағы оқушылар жиі компьютер ойындарын ойнайды ма? Олай болса, төмендегі жағдаятты шешіп көріңіз

Айбек 14 жаста. Сабағын үздік оқиды, оқу материалын жылдам меңгереді. Ата-анасы оған жақсы оқығандығы үшін компьютер сыйлады. Қазіргі күнде жасөспірім бос уақытының барлығын компьютер алдында өткізеді. Дұрыс тамақтанбайды, ұйқысы да бұзылған, жүйкесі тозып, агрессияға бейім болған. Соңғы кезде сабағында оқымай кетті. Сіз педагог ретінде мәселені шешудің қандай жолын ұсынар едіңіз

Өз ойыңызды коментарий бөлімінде жазыңыз

#ұстазтілегі #ustkz
53 views04:43
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 12:53:23 Ашық сабақты қобалжусыз қалай өткізуге болады

Дайындық кезінде сабақ жоспарын құрыңыз. Ашық сабақты өткен кезде, оны жаныңызда ұстаған жөн.
Әдіскермен немесе оқу меңгерушісімен дауласпаңыз. Олардың болашақ сабақтарыңызға қатысты пікірлерін ескеруге тырысыңыз.
Сабақты қызық және пайдалы етіп өткізіңіз. Мысалы: ойындар, викториналар, шығармашылық жұмыстарды өз сабақ жоспарыңызға қосуыңызға болады.
Презентацияны, әуенді немесе бейнеклиптерді қолданыңыз. Техника және құрал- жабдықтар жұмыс істеуін қадағалаңыз. Ғаламтор өшірілген жағдайда, өз материалдарыңыз компьютерде сақтаулы болу керек.
Сабаққа қажетті заттарды алдын ала дайындаңыз.
Сабақтың басында біраз минуттық жаттығу туралы ұмытпаңыз!
Ыңғайлы киім киіңіз.
Ең бастысы - алаңдамаңыз, сонда бәрі жақсы болады!

Құрметті ұстаздар, басқа кеңестеріңіз болса, комментарий әрқашан ашық
809 views09:53
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 12:00:48 Дебат технологиясы;

Файлды жүктеп, дебат технологиясының білім саласына әсерін меңгеріңіз

https://t.me/ustaztilegi каналына тіркеліп, барлық ақпараттан хабардар болыңыз.
984 views09:00
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 11:01:07 Карл Поопердің дебат форматы;

Карл Поппердің дебат форматы - парламенттік дебаттардың бір түрі. Жаңадан ойнап бастаған ойыншыларға ыңғайлы болып саналады. Формат Карл Поппердің есімімен аталған. Файлды жүктеп тезірек танысыңыз

https://t.me/ustaztilegi каналына тіркеліп, барлық ақпараттан хабардар болыңыз
1.2K views08:01
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 10:01:42 ӨЗ МАҚАЛАҢЫЗДЫ ҚАЙДА ЖАРИЯЛАУҒА БОЛАД?

«Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық ЖИНАҒЫНДА мақалаңызды жариялау мүмкіндігі бар. Осыған орай, жиі қойылатын сұрақтарға жауап берейік

Сертификат аттестацияға жарамды ма?
Ия. Сертификат аттестацияға жарамды, өйткені жинақ ресми түрде ҚР министрлігінде тіркелген.

Жинақта қандай материалдарды жариялауға болады?
Мақала, ашық сабақ, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, тәрбие сағаттары, семинарлар, ғылыми жұмыстар, эссе, баяндамалар, рефераттар және т.б.
·      
Ұжымдық тапсырыстарға жеңілдіктер бар ма?
Толық ақпарат білу үшін, https://ust.kz/ сайтына кіріп, ЖИНАҚТАР батырмасын басыңыз.

НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ БАСЫЛЫМЫНА үлгеру үшін мақалаңызды БҮГІН жіберіңіз!
1.5K views07:01
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 07:12:49 Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы pinned a photo
04:12
Ашу / Түсініктеме
2022-03-01 17:19:37 Білім және ғылым министрінің математика мұғалімдерінің республикалық съезінде айтқан сөзінен

«Мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламалары жаңартылады. Алған білімді бекітіп, қайталау үшін уақыт берілуі және материалдың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Мысалы, тілдерді оқытуда грамматика, диктант пен шығарма да өз орындарын алуы керек. Тіпті балалардан бұрын мұғалімдердің өздері қиындықтарға тап болады. Ал егер балаға бағдарлама қиын болса және оны меңгермесе, онда баланың қызығушылығы жоғалады, оқуға ынтасы болмайды. Үздік педагогтер мен сарапшылар бұл бағытта жұмысты бастап кетті»
302 views14:19
Ашу / Түсініктеме
2022-03-01 16:12:17 «Ерекше бақылауды қажет ететін» оқушымен жұмыс жасап көрдіңіз бе Олай болса, төмендегі жағдаятты шешіп көріңіз

Айдар он жаста. Ол мектепте «Ерекше бақылауды қажет ететін» оқушы аталған. Наурыз мейрамы күні сынып жетекшісі оған бір - екі жолдасын ертіп, мектеп ауласына он шақты тал отырғызуды міндеттеді. Ол өз жолдастарымен қоғамдық тапсырманы тиянақты орындап шықты. Келесі күні сынып жетекшісі Айдарды алғыс хатпен марапаттады. Осы кезден бастап бала өміріне өзгерістер ене бастады.

Ал, сіз қалай ойлайсыз
Жеткіншекке жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болу себебі неде
«Ерекше бақылауды қажет ететін» бала мен педагогтың арасындағы қарым - қатынас қалай болу керек

Өз жауабыңызды комментарий бөліміне қалдыруға ұмытпаңыз
711 views13:12
Ашу / Түсініктеме