Get Mystery Box with random crypto!

Ашық сабақты қобалжусыз қалай өткізуге болады Дайындық кез | Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы

Ашық сабақты қобалжусыз қалай өткізуге болады

Дайындық кезінде сабақ жоспарын құрыңыз. Ашық сабақты өткен кезде, оны жаныңызда ұстаған жөн.
Әдіскермен немесе оқу меңгерушісімен дауласпаңыз. Олардың болашақ сабақтарыңызға қатысты пікірлерін ескеруге тырысыңыз.
Сабақты қызық және пайдалы етіп өткізіңіз. Мысалы: ойындар, викториналар, шығармашылық жұмыстарды өз сабақ жоспарыңызға қосуыңызға болады.
Презентацияны, әуенді немесе бейнеклиптерді қолданыңыз. Техника және құрал- жабдықтар жұмыс істеуін қадағалаңыз. Ғаламтор өшірілген жағдайда, өз материалдарыңыз компьютерде сақтаулы болу керек.
Сабаққа қажетті заттарды алдын ала дайындаңыз.
Сабақтың басында біраз минуттық жаттығу туралы ұмытпаңыз!
Ыңғайлы киім киіңіз.
Ең бастысы - алаңдамаңыз, сонда бәрі жақсы болады!

Құрметті ұстаздар, басқа кеңестеріңіз болса, комментарий әрқашан ашық