Get Mystery Box with random crypto!

Қас қарайып қалған. Далада жапалақтап қар жауып тұр. Жылы каби | #ustazkundeligi

Қас қарайып қалған. Далада жапалақтап қар жауып тұр. Жылы кабинетте оқушыларға “Жусан иісін” оқып беріп жатырмын. Тыныштық. Шығырмаға еліткендері сонша, кітаптан көздерін алар емес. Көзімнің қиығымен жүздеріне қарап қоямын: Аянның шана тепкеніндегі қуанышты сәтінде жүздері жайнап қуанып, қаралы қағаз келген кездегі оқиғаға келгенде жүздерін мұң басыып кетті. Оқушыларды айнала оқып жүріп екі-үш оқушының кітап бетінде көзден аққан тамшының іздерін байқадым. Шығарманы аяқтап бола сала, арт жақта отырған бұзықтау оқушы “Қараңдар, ана жерде Аян шана теуіп жүр” деп айқай салды терезе жақты нұсқап. Бәрі ытырылып тұрып терезе жаққа жүгірді. Мен де кім екен дегендей, оқушылардың қасына барсам, ешкім де жоқ екен.
- Әзілдедім ғооой, сеніп қалдыңдар ма!?- деді күлііп. Шығарманың әсерінен шыға алмаған кейбір оқушылар күткені орындалмағандай, “сеніп қалсам,неге алдайсың” деп іштей қынжылып, орындарына жайғасты.
- Ағай, Аян тірі… ол кітап жазған шығар, біз оқып жүрген ертегі кітаптарды сол жазған шығар,-деді бір оқушы.
- иәә, ағай ол тірііі… бірақ ол жазушы емес, дәрігееер болдыы. Тобығы тайса, өзі емдеп алу үшін дәрігер болды.
- неге келмеді онда ауылға?
- автор бала жоқ кезде келіп толтыырыыып жусан алып кеткен шығар…-, деді бір оқушыы қимай.
- ағай, мен де жусанның иісі қандай болатынын көргім келеді.
-мен де,ағай
- Мен деее…
- мен деее..

Қоңырау соғылдыы. Оқушылар енді ғана өздерінің сабақта екендігін ұққандай кітап,дәптерлерін жинап, кабинеттен шыға бастады.
Терезеге қарасам оқушылар сабақтан қайтып бара жатыр. Түн қоюлана бастапты.
Тыныштық. Далада жапалақтап қар жауып тұр…

15.02.2022