Get Mystery Box with random crypto!

Флорида университетінің профессоры, фотограф Жерри Уэлсманн ал | #ustazkundeligi

Флорида университетінің профессоры, фотограф Жерри Уэлсманн алғашқы оқу күні студенттерді екі топқа бөледі.

Аудиторияның сол жағына «сан» тобына кірген студенттер жайғасты. Профессор оларды атқарылған жұмыс санына қарай бағалайтынын ескертті. Оқудың соңғы күні ұстаз осы топтағы студенттер түсірген суреттерді санайды. Жүз суретке «өте жақсы», тоқсан суретке «жақсы», сексен суретке «қанағаттанарлық» баға қояды.

Аудиторияның оң жағында «сапа» тобына кірген студенттер отырды. Профессор оларды сурет сапасына қарай бағалады.

Бұл топтағы студенттерге семестр бойы бір ғана сурет түсіруді тапсырды. Бірақ ол сурет «өте жақсы» бағаға татитындай мінсіз болуы керек.

Семестр соңында оқытушы ең үздік суреттерді «сан» тобының студенттері түсіргенін байқайды. Бұл топтағы студенттер бүкіл уақытын сурет түсіруге арнайды. Композициямен, жарықпен түрлі тәжірибе жасайды, фотозертханада алуан әдістерді қолданады. Олар сол арқылы қателіктен сабақ алуды үйренеді. Жүздеген сурет түсіру барысында шеберліктерін шыңдайды. Ал «сапа» тобының студенттері мінсіз суретті қалай түсіруге болатынын ойлаумен уақыт өткізеді. Семестр соңында оларда тексерілмеген теория мен бір ғана ортаңқол суреттен басқа ештеңе жоқ болып шықты. Бұл топтағы студенттердің қанша күш жұмсағаны сол күйі белгісіз болып қалды.

“Атом әдеттер”, Жеймс Клир