Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ Қ
Telegram арнасының логотипі ustazdarrkk — ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Арна мекенжайы: @ustazdarrkk
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.76K
Арнадан сипаттама

🔥🔥🔥ҚР білім беру саласының басты және нақты жаңалықтары!
🔥🔥🔥Главные и точные новости сферы образования РК!

Ratings & Reviews

3.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 112

2021-07-25 17:10:38 Жыл басынан бері қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 200-ден астам медаль еншіледі
https://www.inform.kz/kz/zhyl-basynan-beri-kazakstandyk-okushylar-halykaralyk-olimpiadalarda-200-den-astam-medal-enshiledi_a3815718
162 viewsАнар, 14:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 13:18:29
ГРАНТТАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТАҒЫ БІР КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ

Құрметті талапкерлер!

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 25 шілдеде аяқталады деп жоспарлаған болатын. Алайда талапкерлерден құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер келіп түсті. Өйткені құжат тапсырудың соңғы күні жексенбіге келеді. Осыған байланысты, ҚР БҒМ құжаттарды қабылдауды тағы бір күнге – 26 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Құжаттар жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданатынына назар аударуларыңызды сұраймыз.

Талапкерлердің денсаулығын қорғау мақсатында еліміздің барлық жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Олардың көмегімен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн форматта тапсыруға болады. Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі сілтеме бойынша қолжетімді

http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=441
116 viewsАнар, 10:18
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 10:36:12 200-ден астам қазақстандық Венгрияның ЖОО-да тегін білім алады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/488216-200-den-astam-aza-standy-vengriyany-zhoo-da-tegin-bilim-alady
155 viewsАнар, 07:36
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 06:49:59
Тригонометрия формулалары
225 viewsАнар, 03:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 06:45:14 https://stan.kz/kazakstanda-okushilar-kashiktan-bilim-aladi-bilim-minis-349689/
203 viewsАнар, 03:45
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 04:49:15 Қазақстанның ұлттық құрама командасы 2021 жылғы 18-23 шілде аралығында Португалияның Лиссабон қаласында қашықтықтан онлайн форматта өтетін биологиядан халықаралық олимпиадасына (бұдан әрі - ІВО) қатысып #1_күміс, #2_қола және #1_Құрмет_грамотасын иеленді.

Естеріңізге сала кетсек, ІВО-ға қатысқан жылдары еліміздің құрама командасы 2 алтын, 14 күміс, 49 қола медаль және 11 Құрмет грамотасын иеленді. 2019 жылы Қазақстан құрама командасы 3 қола медаль иеленген болса, өткен жылы 1 қола медаль мен 2 грамотаны иеленді. Ал осы жылы Қазақстанның қоржыны 1 күміс және 2 қола медальға толықты.

Биылғы жылы ІВО-ға қатысатын Қазақстан құрама командасы биологиядан өткен 2021 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен, сондай-ақ олимпиада резервінің мүшелернен жасақталды.

Құрама команда мүшелері:

Күміс медаль - #Темірбеков_Ерасыл - Өскемен қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль - #Батыржанов_Ернар- Ақтөбе қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы;
Қола медаль - #Ерназаров_Бақдәулет - Алматы қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 9 сынып оқушысы;
Құрмет грамотасы - #Әбдуәлі_Гүлдана - Нұр-Сұлтан қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

Құрама команданың жаттықтырушылары:

#Сагинтаев_Адлет_Алтынбекович - биология ғылымдарының магистрі, Сүлейман Демирель университетінің аға оқытушысы;
#Сакимов_Ильяс_Кабиденович – биология ғылымдарының магистрі, «EdLight Education Support» орталығының әдіскері.

#Тарихи_анықтама: ІВО тұңғыш рет 1990 жылы Чехословакияда өткізілді. Қазақстан құрама командасы ІВО-ға 1996 жылдан бастап қатысып келеді. Әрбір қатысушы ел биологиядан ұлттық олимпиаданың 4 жеңімпазынан құралған команданы жіберуге құқылы. ІВО 2 кезеңнен тұрады. Барлық командалар теориялық және практикалық турлардың тапсырмаларын орындау бойынша жарысады. ІВО қорытындылары жеке есеп көрсеткіштерімен шығарылады.

===============

Национальная сборная команда Казахстана, принимавшая участие в Международной олимпиаде по биологии (далее - IВO), которая состоялась в период с 18 по 23 июля 2021 года в дистанционном формате в Португальском г. Лиссабон, завоевала #1_серебряную, #2_бронзовые медали и #1_Почетную_грамоту.

Стоить отметить, что за годы участия в IBO сборная команда нашей страны завоевала 2 золотых, 14 серебряных, 49 бронзовых медалей и 11 почетных грамот. В 2019 году сборная команда Казахстана завоевала 3 бронзовые медали, в прошлом году завоевала 1 бронзовую медаль и 2 почетные грамоты. А в этом году копилка Казахстана пополнилась на 1 серебряную и 2 бронзовые медалей.
В этом году сборная команда Казахстана была представлена 4 конкурсантами, которые являются победителями и призерами Республиканской олимпиады 2021 года по биологии, а также членами олимпийского резерва.

Состав сборной команды:

Серебрянная медаль - #Темірбеков Ерасыл — учащийся 11 класса Назарбаев Интеллектуальной школы химико-биологического направления г.Усть-Каменогорск;
Бронзовая медаль - #Батыржанов Ернар — учащийся 10 класса лицей – интерната «Білім- инновация» для одаренных юношей г.Актобе;
Бронзовая медаль - #Ерназаров Бақдәулет — учащийся 9 класса лицей – интерната «Білім- инновация» для одаренных юношей г. Алматы;
Почетная грамота - #Әбдуәлі Гүлдана — учащаяся 10 класса школы-лицея «NURORDA» г. Нур-Султан.

Тренеры сборной команды:

#Сагинтаев_Адлет Алтынбекович — магистр биологических наук, старший преподаватель Университета Сулеймана Демиреля;
#Сакимов_Ильяс Кабиденович — магистр биологических наук, методист центра «EdLight Education Support».

#Историческая_справка: впервые IBO была проведена в Чехословакии в 1990 году. Сборная команда Казахстана принимает участие в IBO с 1996 года. Каждая страна-участник имеет право отправить команду, состоящую из 4 участников, победителей Национальной биологической олимпиады. IBO состоит из 2-х туров. Команды состязаются на теоретическом и практическом турах. Итоги подводятся в индивидуальном зачете.
10 viewsАнар, 01:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 18:41:37
IMO-2021 ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
https://www.instagram.com/p/CRq7CMpp5XY/?utm_medium=copy_link
149 viewsАнар, 15:41
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 14:23:14 Частные школы Казахстана: по стоимости самых дорогих колледжей и университетов мира

https://www.exclusive.kz/expertiza/obshhestvo/125304/
235 viewsАнар, 11:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 11:15:53 ​БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІШ БЕРІЛДІ

Елімізде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 100 мыңға жуық өтініш берілді. Құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталып, 25 шілдеге дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік. Құжаттарды рәсімдеу Egov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олар талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды электронды түрде тапсыру үшін талапкерлерге келесі құжаттар қажет:
жеке куәлік;
3х4 көлеміндегі электрондық цифрлық фото;
орта білім туралы аттестаттың көшірмесі;
техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін дипломның көшірмесі;
ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін жұмыс өтілін растайтын құжаттар;
жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар, атап айтқанда:
I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдар;
ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтар;
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасына қатысып жатқан ауыл жастары («Серпін»);
4 және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балалар;
бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.

Егер талапкер «Алтын белгі» иегері болса немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталса, онда ол басқа талапкерлермен балдары тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары да басым құқыққа ие. Өтініш берушінің мұндай жетістіктері ескерілуі үшін растайтын құжаттардың көшірмелерін де жүктеу қажет.

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші халықаралық тіл сертификатының атауын, балын көрсетеді және электрондық сертификатты тіркейді.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде медициналық анықтама талап етілмейді. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет.

@bilim_jane_gylym
263 viewsАнар, 08:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 08:20:30 Новый учебный год пройдет в новом формате - 365info.kz
https://365info.kz/2021/07/novyj-uchebnyj-god-projdet-v-novom-formate
315 viewsАнар, 05:20
Ашу / Түсініктеме