Get Mystery Box with random crypto!

ГРАНТТАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛД | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

ГРАНТТАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТАҒЫ БІР КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ

Құрметті талапкерлер!

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 25 шілдеде аяқталады деп жоспарлаған болатын. Алайда талапкерлерден құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер келіп түсті. Өйткені құжат тапсырудың соңғы күні жексенбіге келеді. Осыған байланысты, ҚР БҒМ құжаттарды қабылдауды тағы бір күнге – 26 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Құжаттар жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданатынына назар аударуларыңызды сұраймыз.

Талапкерлердің денсаулығын қорғау мақсатында еліміздің барлық жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Олардың көмегімен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн форматта тапсыруға болады. Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі сілтеме бойынша қолжетімді

http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=441