Get Mystery Box with random crypto!

Алтынай Әбдіғаниқызы - Педагог-продюсер ✍

Telegram арнасының логотипі ustazalemi — Алтынай Әбдіғаниқызы - Педагог-продюсер ✍ А
Telegram арнасының логотипі ustazalemi — Алтынай Әбдіғаниқызы - Педагог-продюсер ✍
Арна мекенжайы: @ustazalemi
Санаттар: Жаңалықтар , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.61K
Арнадан сипаттама

Қарапайым мұғалімнен оқу орталығының негізін қалаушы маманға дейінгі жолдан өттім!
📚 tutorup_kz, @abk_oqu_ortalygy
Маған тіркеліп бірге дамыңыз!
Журналдан тегін алғыс хат алу үшін⤵️
https://forms.gle/ATjJE7RkL3JhuVaB8
сілтемені басыңыз!

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 142

2021-06-09 15:04:51 Бүгінгі әңгімемді сіздермен сырласуға арнағым келіп тұр.

Конкурстың басталуына 2 ақ күн қалғанын бәріміз білеміз. Таңертең оянып каналға "Қайырлы таң!" деп жазуым керек еді. Бірақ олай жасамадым. Жазып ой бөлісудің орнына өзіндік ойлардан арыла алмадым.
Өйткені түні бойы өзіммен бағыты бір адамдардың әлеуметтік желілеріне талдау жасағаннан болар. Бір курста оқып жатыр едім, бізге солай тапсырма берілген болатын.

Жаңа жоба жасаймын деген мақсатымның басталғанына 10 күн болды мен әлі ой қорытып жүрмін, анау дұрыс мынау дұрыс емес деп таңдап. Әрбір жоба басталарда менде іштей бір толқу пайда болады, әрбір тақырып санамда бекітілмейінше түйіні шешілмейді.Сондай кезеңде басқалардың жұмысын саралау қиындық туғызады. Өйткені іштей өзіңді басқалармен салыстыра бастайсың.

Өзіңді басқалармен салыстыру үлкен қателік!

Мен де пенде емеспін бе кейде солай жасап қоямын.

Адам өзін тек өзімен ғана салыстыру керек.Кешегі күні қандай едің ал енді бүгін күні қандайсың?

Өзін басқамен салыстырған адам өшеді, өзін өзімен салыстырған адам өседі.
Бұл жерде ең бастысы өзіңді тануың.

Ойланып қарасам неше жыл бойы мен Робот Алтынай болып келген екенмін. Ананы жасау керек, мынаны жасау керек деп мақсат қойып бүкіл дүниені ұмытып кетіп кірісетін едім.
Маған базарға бару, жиынға бару, той томалақта отыру дегендер менің уақытымды алып жатқан дүниелер болып есептелетін. Лажы болса бармау керекпін, барған күнде де тез қайтуым керек.

Ал қазір ше, қазір ойымды жинау үшін базарға баратын болдым. Көпшілік, ары- бері өтіп жатқан адамдар. Уақытымды алып жатқан сияқты көрінетін адамдар керісінше үлкен күш береді екен ғой.

Менің түсінгенім адамға мына өмірде бірінші керек нәрсе ол өзін тани білуі.

Өзін тануға ұмтылған адам қателеспейді!

Нені қалайсың, саған не керек деген сұрақтар қойылғанда ішкі жан дүниеңе үңіле білген жөн.

Ендеше төмендегі сұрақтарға жауап жазып көріңізші!

Өзіңізді тануға қаншалықты көңіл бөлесіз және өзіңізді тану үшін қандай әрекеттер жасайсыз?

Өзіңізді басқалармен салыстырасыз ба?
Ойлансаңыз өз ойыңыздың көп шешімін табатын боласыз.
617 viewsedited  12:04
Ашу / Түсініктеме
2021-06-09 15:04:19
572 views12:04
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 14:41:51 https://t.me/joinchat/Ry43IlrvTfNcdFBy

Мынау біздің каналдың пікірлесу чаты , материалдар осы чатта қабылданады! Сондықтан осы чатқа өтіп алыңыздар!
230 views11:41
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 14:39:26 https://www.instagram.com/p/CP244__FiO_/?utm_medium=copy_link
Сілтемені басып оқып шығыңыз!
Қуануымның себебі осында.

Жасаған еңбегіміздің басқаларға пайдалы болып нәтиже беруі біз үшін үлкен қуаныш!
1.7K viewsedited  11:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-08 12:20:51 Қайырлы күн құрметті әріптестерім!
Жағдайларыңыз, көңіл күйлеріңіз қалай?
Бүгін менде бір қуанышты жағдай болды!
303 viewsedited  09:20
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 05:12:09 Көбелек, үйрек, жарқанат қай жерде орналасқан тауып көріңіз!
327 viewsedited  02:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 05:09:08
. Ойланып тауып көріңіз!
321 views02:09
Ашу / Түсініктеме
2021-06-07 03:59:02
Тапсырманы орындамас бұрын секундомерді қосып қойыңыз!

Өзіңіздің ой жылдамдығыңызды бір тексеріп көріңіз!
Осы тапсырмаға қанша уақыт жұмсайды екенсіз? Жауабын және оған кетірген уақытыңызды жазып жіберіңіз!
321 views00:59
Ашу / Түсініктеме