Get Mystery Box with random crypto!

Алтынай Әбдіғаниқызы - Педагог-продюсер ✍

Telegram арнасының логотипі ustazalemi — Алтынай Әбдіғаниқызы - Педагог-продюсер ✍ А
Telegram арнасының логотипі ustazalemi — Алтынай Әбдіғаниқызы - Педагог-продюсер ✍
Арна мекенжайы: @ustazalemi
Санаттар: Жаңалықтар , Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.61K
Арнадан сипаттама

Қарапайым мұғалімнен оқу орталығының негізін қалаушы маманға дейінгі жолдан өттім!
📚 tutorup_kz, @abk_oqu_ortalygy
Маған тіркеліп бірге дамыңыз!
Журналдан тегін алғыс хат алу үшін⤵️
https://forms.gle/ATjJE7RkL3JhuVaB8
сілтемені басыңыз!

Ratings & Reviews

3.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 150

2021-05-09 09:41:25
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Дендеріңіз сау, аман болыңыздар!
297 views06:41
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 09:40:33 Қайырлы күн баршаңызға!
299 views06:40
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 17:29:30 Өз ойларыңызды шынайы жазыңыздар, мен де сіздерге алдағы уақытта шынайы жауап беретін боламын!
512 views14:29
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 16:44:27 Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз, ой толқытса шығады демекші, қазақ елінің ұстаздарының табыс жолына түсіп, табыс табуына ой тастап, себепкер бола алсам қуаныштымын!

Кез келген істе ең әуелі ойды өзгерту керек, ал ол туралы келесіде айтамыз....
421 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 16:43:43 Қайнарбек өте талантты, Шаталов методикасын ұстанатын ерекше мұғалім. Оның әрбір сабақты өте қарапайым тілде түсіндіретіні барлық ұстаздарға ұнайды. Сондай маманмен бірге жұмыс істегенім үшін қуаныштымын.

Егер де мен оны жолықтырмаған болсам, мүмкін бұндай деңгейде болмас па едім кім біледі.

Осы уақытқа дейін көптеген тегін марафондар, осы каналда тегін сабақтар да өтілген болатын.

Бұрын тек сабақ өту, немесе бірдеңе жүргізу кезінде ғана каналға хабарландыру салынып отыратын.

Енді көп ойлана келе, өзімнің 100% тәжірибе жүзінде өткен жолымның басқаларға да пайдасы тигенін қаладым.
423 views13:43
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 16:40:04 Өзге емес, өзім айтам өзім жайлы....

Жалпы өзім туралы айтатын болсам 20 жылдық тәжірибесі бар педагогпын.

Шығармашылық бағытқа қызығып айналыса бастағанмына 6-7 жылдай уақыт болды.
Әуелі балалар журналының, одан кейін мұғалімдерге арналған журналдардың бас редакторы болып қызмет атқардым.

Ал мұғалімдерге арналған жобалар жасап, бизнеске келгеніме екі жылға жуық уақыт болды.

Қазақстан бойынша балалардың шығармашылығын дамытуды бұрыннан армандайтынмын.

Әшейін жүрген уақыттарымда да бірдеңе жасап жүргендей күй кешетінмін. Сезімдерім алдамаған екен. Бірақ мен бұл арманыммен биыл ғана "Зейінді бала" парақшасында жүзеге асырдым.

Ал оған дейін Қайнарбек Сұлтанханұлымен бірге мұғалімдерге арналған 5 бірдей жоба жасадық. Небәрі 5 ақ айдың ішінде!
Қайнарбек 5 курстағы сабақтарды түгел бір өзі жазып шықса, ал мен сол 5 курста оқыған бүкіл мұғалімдерге куратор болдым.

Шынымды айтсам, артқы уақытқа қайта көз тастасам мен бір жылдың ішінде 1200 ден аса мұғалімге жалғыз куратор болған адам екенмін.

Бұл менің өз ісіме деген қызығушылығым мен сүйіспеншілігімнен болар деп білемін.
454 views13:40
Ашу / Түсініктеме